Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің
ерекшелігі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер
пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар мен
нақыл сөздер арқылы ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз
айының алатын орны жөнінде айту.Балаларды табиғатты қорғауға,
сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі:Суреттер, сыныпты безендіру,
аппликация, жеміс-жидек, көрме.
Жүргізуші:Армысыздар құрметті
ата-аналар,ұстаздар,қонақтар! Баршаңызды бүгінгі «Аяулы ,алтын
күз!» мерекесімен құттықтаймын.
Жер берді
жемісті,
Күз келді
келісті.
Күз байлық
,береке.
Алтын күз мереке!
(хормен)
Би:
Аррива
Айсұлтан
Е:
Бүгін мейрам бүгін
той,
Қуаныш күн біліп
қой.
Күзгі бақтай
сыңғырлап,
Алақанды соғып
қой.
Маржан.
Тілеймін аман болсын ел
іргесі,
Алтын күз қайта келді
берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола
білді,
Алтын күз-ырыс ,бірлік ала
келді.
Абдурахман:
Алақай,алақай!
Шаттанды
балақай.
Күз түсті,дән
пісті,
Айтамыз
алғысты.
Анель:
Қуандырып
біздерді,
Мерекелі күз
келді.
Кел,жемісті алтын
күз,
Кемелденсін
халқымыз.
Жүргізуші. Қане кім күз
айларын атап шығады?
-Қыркүйек,қазан,қараша(Бәрі
хормен)
-Ендеше осы айларды ортаға
шақырайық.
Қыркүек
айы(Бауыржан) Менің атым –Қыркүйек.Күздің
бірінші айымын,Байлықтың,барлықтың айымын. Сендер мен туралы не
білесіңдер?
Жангелді:
Күн ғой бір ең
тәуір,
Бірінші
қыркүйек.
Қоңырау
соғылды,
Күміс күй
төгілді,
Білімге
талпынған,
Балалар
жиылды.
Қазан
айы:Нұрсая .Н Менің-атым-Қазан.
Жиын-терімнің соңғы айымын! Еңбекқор елді той думанға кенелтемін.
Балалар менде қандай мерекелік күндер бар?-Ұстаздар күні,қарттар
күні бар.
Қараша айы
Гүлсезім. Күздің соңғы айы қараша деген
мен боламын !Күннің суып ,қыстың жақын екенін естеріңе саламын.
Қыркүйек пен қазанға қарағанда менде қандай ерекшеліктер бар? Кім
біледі?
Ершат:
Қараша айы жасай
бер,
Бар өмірдің
белесі.
Адамзатқа бақ
берген,
Он екі айдың
төресі.
Жақсы балалар рахметімізді
айтып күз айларын шығарып салайық.
Жүргізуші:Енді,балалар ,мерекеміздің
сәнін келтіретін Күз ханшайымы бізге хат беріп
жіберіпті.Хатында:
Армысыздар
балалар!
Күзгі бақтағы
қонақтар!
Өздеріңе
беремін,
Күздің сыйын көз
тартар.
Жүргізуші:Күзгі жемістер мен көкөністер
адамның еңбегімен келмей ме? Сондықтан Күз ханшайымы сіздерге
жасыратын жұмбақтар беріп жіберіпті ,шешуін тапқандарға сыйымды
беремін дейді
Жұмбақтар:
Ағайынды
бәрі,
Шықса
жасыл,
Түссе
сары.(Жапырақ)
Көк ала костюм
киеді,
Күннің көзін сүйеді.(Қарбыз
)
Қалың киімді
ұнатады,
Шешіндірсең
жылатады.(пияз)
Ойын: « Көкөністер мен
жемістерді ажырат»
Ойынның шарты. Балалар көздері
жұмып ауыздарын жеміс пен көкөністі
салады.
Балалар айтыңдаршы,жемістер
қайда өседі? (Бақта) Көкөністер қайда
өседі?(бақшада)
Біздің қыздарымыздың әсем
биін тамашалайық .Би: «Ай ,будет
круто!»
Жүргізуші: Жақсы балалар күздің сәнін
келтіретін көкөністер өнерін тамашалайық.
Пияз
(Айсұлтан)
Асханадан
шықпаймын,
Атым пияз
бұқпаймын.
Көзден жасты
шығарып,
Тұмаудан да
сақтаймын.
Асқабақ
(Даулет)
Күзді күтіп
жатамын,
Жиып нәрді
бойыма.
Асқабақпын,жараймын,
Қыста сақтап
қоюға.
Қауын(Нұрсұлтан)
Исім жұпар аңқыған
,
Бақшадағы
шырынмын.
Жеп көргендер
тамсанған,
Балдай тәтті
қауынмын.
Қарбыз
(Баубек)
Көрсең егер
бақшада,
Доп екен деп
қалмағын.
Шөл қандырар
қарбызбын,
Ерте үзіп
алмағын.
Жүргізуші: Күз қуанышы болған жемістерді
де тамашалайық.
Алма(Айша)
Нарттай қызыл
алмаман,
Мәз болады
алғандар.
Жазда әдемі
киінем,
Тілді балдай
үйірем.
Алмұрт(Гүлназ)
Мен
алмұрпын,алмұртпын,
Күзде жинап
алатын,
Балбыраған
біреуін.
Жесең тойып
қалатын.
Өрік
(Арайлым)
Көктемде ерте
гүлдеймін,
Кешігуді
білмеймін.
Уылжыған
өрікпін,
Бау-бақшаға
көрікпін.
Жүзім
(Али)
Мен
жүзіммін,жүзіммін.
Моншақ болып
тізілдім.
Шие(
Раушан)
Шиемін мен
шиемін,
Піскенше тон
киемін.
Бала келсе
жаныма,
Басымды мен
иемін.
Ерасыл
Қамба толды
астыққа
Алғыс саған,Алтын
күз!
Бір уыс дән
шаштық,та,
Қап-қап астық алдық
біз.
Амина:
Жарып шыққан
қауызын,
Дән өмірлік
азығың.
Жегеніңде ақ
нанды,
Нәрге толар
ауызың.
Ерте тұрып ақ
таңнан,
Қара жерге нәр
құйған.
Айналайын,диқаннан,
Егін егіп,нан
жиған.
Фатима.
Көк майсалы,
көрікті.
Алқаптағы көп
егін,
Бұл күндері
киіпті,
Сары жібек
көйлегін.
Жүргізуші:Білім – теңіз, мектепті кеме
дейміз,
Білім менен тәрбие егіз дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Балаларды болашаққа жетелейміз.
Қош дейміз әлі талай кештер бар,
Өнерлерің өрлей берсін ұландар,-дей келе даярлық классының «Алтын
күз» ертеңгілігі аяқталды.