Жоңғар хандығы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жоңғар хандығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
ХҮІІ ғ. Батыс Монғолияда ойраттардың Жоңғар хандығының құрылуымен таныстыру, хандыққа сипаттама беру. Жоңғарлардыңі басқыншылық соғыстарына назар аударып, қазақ халқының өз тәуелсіздігін, дербестігін сақтап қалу жолындағы күресінің тарихи маңызын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жоңғар хандығы


Мақсаты: ХҮІІ ғ. Батыс Монғолияда ойраттардың Жоңғар хандығының құрылуымен таныстыру, хандыққа сипаттама беру. Жоңғарлардыңі басқыншылық соғыстарына назар аударып, қазақ халқының өз тәуелсіздігін, дербестігін сақтап қалу жолындағы күресінің тарихи маңызын түсіндіру.


Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетіне дағдыландыру. Жүйелі жұмыс істеу тәртібін қалыптыстыру.


Тәрбиелік: Дүие тарихындағы өзге ел тарихына құрметпен қарау. Оқушыларды өркениетімізді қадірлеуге, ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа баулу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, интерактивтік құрал арқылы


Типі: аралас


Әдісі: Сұрақ-жауап, мазмұнын айту, тірек сызба, оқулықпен жұмыс, карточка


Көрнекілігі: дүние жүзінің картасы, ҚР картасы, схема, түрлі-түсті тақырыптық суреттер, интернет материалдары, І.Есенберлин «Көшпенділер» романы, интерактивті тақта арқылы видео фильмдерінен үзінді


Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, орыс тілі, әдебиет, ағылшын тілі


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Жаңа сабаққа ынталандыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Лездік сұрақтар.

  1. ХҮІІ ғ.қай кезінде Қытай мемлекеті дағдарысқа ұшырады. /30-40 жылдар/

  2. Шаруалар көтерілісінің уақыты. /1628-1644 ж/

  3. Көтеріліс басшысы. /Ли Цзинчэн/

  4. Көтеріліс себебі?

  5. Көтеріліс нәтижесі?

  6. Маньчжур тайпалары өмір сүрген аймақ. /Қытайдың солт./

  7. Нурхаци кім?

  8. Цин сөзінің мағынасы?

  9. Цин империясының уақыты? /1661-1912/

  10. Шэньшилер кім?

  11. Басы бос қытайлықтарға кімдер жатты?

  12. Кембағалдар дегеніміз кімдер?

  13. ХҮІІ – ХҮІІІ ғ. тоқыма орталықтары?

  14. Қытайдағы қол өнердің ең кең тараған түрі? (Фарфор)

  15. Цин империясының басқыншылық соғыстары?

  16. ХҮІІІ ғ. Қытайда қандай меншік қолөнер өнеркәсібі дамыды?

  17. ХҮІІІ ғ. Қытай неліктен оқшаулану саясатын ұсынды?

  18. ХҮІІІ ғ. басындағы халық саны?

  19. ХҮІІІ ғ. соңындағы халық саны?

  20. «Ақ лотос» қоғамына сипаттама бер?

  21. Цяньлун империяны неше жыл биледі?

  22. ХІХғ. Қытайдың әлсіреуі қандай жағдайға душар етті?


ІІІ. Үй тапсырмасын актуальдау:

а) Қытай мемлекетін оқушыларға қорытындылату.

ә) Оқушылардың үйден дайындаған ізденіс жұмыстарымен таныстыру. /Интерактивті тақтамен Орта ғасырлық Қытай туралы деректі фильмнен үзінді/.


ІҮ. Жаңа тақырыпқа өту үшін «Полиглот» ойыны ұйымдастырылады


  1. ХҮІІ ғ. алғашқы ширегінде Дели сұлтандығы өмір сүрген мемлекет? – Үдістан – Индия – India - /картадан астанасын көрсету / - Дели.

  2. «Сипахилік» қай елдің жер иелену жүйесі? – Түркия – Турция – Turkey - / картадан астанасын көрсету / - Анкара.

  3. «Өндірушілер аз, ал тұтынушылар көп» деп айтқан қай елдің императоры? – Қытай – Китай – China - /Картадан астанасын көрсету/ - Пекин.

  4. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романының 317 бетінен үзінді оқып, «Елім-ай» әнінің шығуына себеп болып, яғни қазақ халқына шапқыншылық жасап, қиын заман тудырған хандық? – Жоңғар – Джунгария – Jongariya - / картадан Жоңғар хандығының мекендеген территориясын көрсету / - Батыс Монғолия.


Ү. Жаңа тақырып: Жоңғар хандығы.

Жоспары:

  1. Жоңғар хандығының құрылуы.

  2. Жоңғар хандығының саяси - әлеуметтік, экономикалық дамуы.

  3. Жоңғарлардың жүргізген басқыншылық соғыстары.

  4. Жоңғар хандығының Қытаймен, Ресеймен, Қазақ хандығымен жүргізген саясаты.

  5. Жоңғар хандығының күйреуі.


Баяндау: Сызба ілінеді.


Халха /1961/

DrawObject1


DrawObject2


DrawObject4 DrawObject3 Жоңғар /1635/ Чахар /1636/



DrawObject5


Чахар /1643/


  1. Қытайша хан

/ ең жоғарғы билеуші/

DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6


Әкімшілік бірлік Діни шонжарлар Әскери – феодалдық шонжарлар

DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9

Ұлыс Күрелер Тайшылар

DrawObject13 DrawObject12

DrawObject15 DrawObject14 Оток Нояндар


Аймақ Жайсаңдар



Ойрат рулары: чорос, дербет, хошоуыт, хойт.

Қарапайым шаруалар: араттар


  1. Бұл тақырыпшаны ауызша баяндалып өтіледі.

  2. Жоңғар хандығының Қытймен, Ресеймен, Қазақ хандығымен саясатына тоқталып өтіп осы сәтте «Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсете отырып, «Көшпенділер» романынан үзінді оқу.

  3. Тақырыптың соңғы мәселесі бойынша оқулықты пайдалана отырып, мынадай сызбаны толтыру. (оқулықпен жұмыс)


Жоңғар хандығының күйреу себептері.

  1. _________________________________

  2. _________________________________

  3. _________________________________


ҮІ. Бекіту: Оқушылар Жоңғар хандығы бойынша «Резюе» толтыру.


Үлгісі:

Р е з ю м е

Атауы:

Жер аумағы:

Тарихи шеңбері:

Алғашқы ханы:

Діні:

Негізгі шаруашылығы

Жоғарғы билеуші титулы:

Хан атағы:

Негізгі тайпалары:

ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырлардағы сыртқы саясаты:

Жоңғар хандары:


ҮІІ. Қорыту: Мұғалім тақырыпты қорытады.

Балалар, бүгін біз өзіміз қысқаша ғана тарихы бар «Жоңғар хандығымен» таныстық. Әрине бұл хандық өзінің тарихи өмірінде көп кездері жаулап алушылық соғыстармен өтті. Бірақ тарихта өзіндік орны бар, соғыс тактикасы ерекше, жауынгерлік тәсілдері жоғары хандық болып көре түседі. Дүние тарихындағы кез-келген ел тарихын оқи отыра, біз барлық оқиғаларды дұрыс бағалай біліп, құрметпен қарауымыз керек. Әсіресе, жоңғар шапқыншылығында жан-тәсімен күресіп, жерімізді қорғап қалған бабаларымыздың ерлігінің орны тіптен ерекше. Дүниені дүр сілкіндірген «Алтын адамдай» мұрамыз бар туған ел тарихын бәрінен де жоғары бағалап, құрметтейік ағайын!


ҮІІІ. Бағалау.

Үйге тапсырма. 9 оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Дерек әкелу. Тест құру. /10 сұрақ/.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
859
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі