(кіші мектеп жасындағы
балаларға арналған
қақтығыссыз қатынас жасауға
үйрену тренингі).
«Жора
жолдас таба біл» тренинг
(кіші метеп жжасындағы
балаларға арналған
қақтығыссыз қатынас жасауға үрету тренингі).
Бұл
тренинг оқушылардың агрессивтілігін төмендетуге және оқушылар
арасында қақтығысты болдырмаға бағытталған.
Мақсаты:
-
топ ішінде жағымды
эмоционалды күш туғызады;
-
оқушылардың коммуникативті
дағдыларын дамытуға мүмкіндігін тудырады;
-
мәдени бірлікті
нығайтады;
-
ішкі бақылау сезімін
дамытады;
-
жағымсыз
күйлерді жойып, жағымсыз күйлерді болдырмаудың алдын
алады;
! Әрбір тренинг басында қатысушылар өз есімдерін
айту керек. Ол үшін кез-келген таныстыру жаттығуын алуға
болады.
-
1 -
жаттығу. «Апельсин».
Қатысушылар шеңбер бойлап отыра бір-біріне
апельсинді лақтырады. Ойын шарты мынадай: ойншылар өзіне
бағытталған апельсинді қағып алып, келесі ойыншыға лақтырады. Ал
егерде кімде-кім апельсинді қағып алмаса, ол қатысушы апельсинның
ерекше қолданылуын көрсетеді.
Жаттығу өте қызықты өтеді және де, қатысушыларды
белсенді қатысуға жұмылдырып, байқампаздығын арттырып, реакция
жылдамдығын жылдамдатып, креативтілігін дамытады.
-
2 -
жаттығу. «Бейшара мысық» .
Ойыншылар шеңбер бойлай отырады, ал «Мысық» -
шеңбер ортасында отырады. Мысық қатысушылардың алдына барып,
аянышты күй танытып мияулайды. Мысық кімнің алдына барса, сол адам
мысықты сипап, оған: күлмей, жымимай «бейшара мысық» - деп айтуы
керек.
-
3 -
жаттығу. «Ұқсастықты іздеу»
Топ шеңбер бойымен тізіліп тұрады, ал жүргізуші
кез-келген бір затты алып (доп, жұмсақ ойыншық) ойын шартын
түсіндіреді: қазір бұл затты біреуіңнің қолыңа ұстатамын, бұл затты
алған адам өзінің сол ойыншықпен өз ұқсастығын айта отырып, оны
жылдам аралықта келесі ойыншыға беруі керек. Бірінші кезекте
ұқсастықтар заттың сыртқы пішініне байланысты айтылады, келесі
айналымда қатысушы өз қызығушылығы бойынша айтады.
-
4 -
жаттығу. «Ой пікірлер конверті».
Шеңбер бойымен әдемі етіп жасалынған конвертті
қолдан қолға береді. Ол конверттің ішінде жүргізушінің арнайы
дайындалған сұрақтары мен аяқталмаған сөйлемдері берілген. Әрбір
қатысушы өзіне сұрақ қойып, жауап береді. Мәнді сұрақтарды ортаға
салып талқылауға болады немесе конверттегі басқа сұрақпен
ауыстырады. Мақсаты: оқушыларға өзін көрсетуге мүмкіндік беру, өзін
жаңаша жағынан елестете алуға көмектеу, бір-бірімен жақын танысуға,
топтағы атмосфераны жайлы етуге, топтағы әрбір қатысушыға
белсенділік позициясын білуге үйрету.
Жорамал сұрақтар реті төмендегідей:
-
Егер де сен жануарға айнала
алатын болсаң, сен қандай жануарға айналар едің?
-
Сенің сүйікті кітабың?
-
Қандай адамды кеңпейілді
деп санайсың?
-
Сен өзіңе дос таңдауда
қандай критерилерге сүйенесің?
-
Қай елде тұрғың келеді?
-
Бос уақытыңда немен
шұғылданасың?
-
Адам
бойындағы қандай қаситетті аса бағалайсың? Соның үшеуін
ата.
-
5 -
жаттығу. «Әріпке әңгіме құрастыр» (таңдау бойынша)
Қатысушылар шеңбер бойымен таңдалған әріпке
әңгіме құрастырады. Сөз тек таңдалған әріптен ғана басталу керек.
Әрбір қатысушы мағынасы бар, сөйлем құрауға келетін бір сөз ғана
айталады (сөз арасында қыстырма сөз, шылау қосуға болады).
Сөйлемнің мағынасын жоғалтпай, бақылап туру керек.
Мысалы: мамам машинамен Маямерге малинаның майын
.....
6 - жаттығу. «Сын пікір».
Осы ойынмен тренингті аяқтаған тиімді.
Қатысушылар шеңбер бойымен өзінің көршісіне жақсы бір қасиетін
айтады. Барлығы айтып біткен соң өз сезімдерін ортаға салады. Ойын
жақсы эмоционалды көтерінкі күйде аяқтауға мүмкіндік
береді.
Тренинг барысында тренер жаттығуды талқылап, қатысушылардың сөзін
толықтырып, түсінксіз жағдайларды түсіндіреді. Тренингте ойналатын
жаттығулардың орнын өзгертуге болады.
Әдебиеттер тізімі:
-
Классный руководитель,
2006. - №5.
-
Школьный психолог, 2004.
(подшивка).