400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жорғалаушылардың дене құрылысы мен тіршілік әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған биология

сабағының жоспары


Мектеп: Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп Мерзімі: 28.02.2017 Мұғалім:Алхамова Ж.А.

Сынып:7-сыныпОқушы саны: 20 оқушы

Тақырыбы:«Жорғалаушылардың дене құрылысы мен тіршілік әрекеті»Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: жауапкершілік, жанашырлық, мейірімділік


Сабақтың мақсаты: Жорғалаушылардың дене құрлысы мен тіршілік әрекеті туралы білу.

Сабақтың міндеттері:

1.Жорғалаушылардың түрлері, құрлысы,тіршілігі туралы таныстыру

2.Оқушылардың жорғалаушылар туралы көзқарастарын дамыту.

3.Оқушыларды жауапкершілікке, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу


Ресурстар: (материалдар, көздері)

Белсендіргіш тақта, маркерлер, ақ қағаз.



Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

5Т ережесі

  1. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» (4 мин)

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру

§53 Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар

Тест сұрақтары :

  1. Қосмекенділер неше отрядқа бөлінеді?

А) 4 В) 3 С) 2



  1. Қосмекенділердің көбеюі қайда жүзеге асады?

А) Суда В) Құрлықта С) Інде



  1. Қазақстанда қосмекенділердің неше түрі бар?

А)3 В)12 С)6



  1. Қосмекенділердің терісі қандай?

А) Қалың және мүйізді

В) Ылғалды, безі аз

С) Жұқа және безді



  1. Қосмекенділердің жүрегі неше қуысты?

А) 3 В)2 С)4



  1. Өкпелік шеңбер деген не?

А) Үлкен қанайналым шеңбері

В) Кіші қанайналым шеңбері

С) Өкпесі



  1. Қосмекенділердің миының қай бөлігі нашар дамыған?

А) Алдыңғы ми В) Ортаңғы ми С) Мишық



  1. Жетісулық бақатіс қай отряд?

А) Құйрықты В) Аяқсыз С) Құйрықсыз





3.Дәйексөз

«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір

нәрсе бар»

Шоқан Уәлиханов

1.Хормен оқыту

2.Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту

3.Оқушыларға дәптерге жазғызу

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4.Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау

4.Топқа бөлу карточка суыру арқылы төрт топқа бөлініп отырады

«Кесіртке», «Жылан», «Тасбақа», «Крокодил»

Ішкі нтеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)




5.Жаңа сабақ


Герпетология – жорғалаушыларды зертейтін зоология ғылымының саласы. Олардың 8000-ға жуық түрі бар.



Жорғалаушылар


Қабыршақтылар отряды

Тасбақалар отряды

Крокодилдер отряды

(3 тұқымдас)

Тұмсықбастылар отряды


Кесірткелер, жыландар, құбылғылар



Тасбақалар


Крокодилдер:

1. Нағыз крокодилдер,

2.Қолтырауындар,

3. Азғы(гавиал) тұқымдастар


Гаттерия



Жорғалаушылар дене құрылысы мен таралуы


Денесі

Бас, мойын, тұлға, құйрық, бессаусақты аяқтар

Терісі

Құрғақ және бездер өте аз.Бірнеше рет түлеп,ескі қабыршақты терісін түсіріп отырады.

Қаңқасы

Бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеу, алдыңғы аяқтар, артқы аяқтар, кеуде қуысы

Бұлшықет-тері

Аяқтарында, жақсүйектерінде, мойнында,кеуде қуысында жақсы дамыған.

Ас қорытуы

Қосмекенділерге ұқсас

Тыныс алуы

Өкпесімен тыныс алады. Жұп танау тесіктен, жұтқыншақтан, көмекейден,кеңірдектен және ауа тамырлардан тұрады.

Қан айналым жүйесі

Жүрегі үш қуысты. Қарыншысының арасын жартылай перде екіге бөледі. Аралас қан тарайды.

Крокодилдің жүрегі төрт қуысты.

Зәр шығаруы

Екі бүйрегі жамбасқа жақын.екі несепағар түтік, қуық, клоака.

Жүйке жүйесі

Ми құрылысы күрделенген. Алдыңғы ми сыңарларында ми қыртысының нышаны пайда болған.

Гаттерияда аралық миында төбе көзі орналасқан, мишығы жақсы дамыған

Сезім мүшелері

Көз, құлақ, танау тесіктері

Көбеюі

Дара жынысты, іштей ұрықтанады.Кейбірі жұмыртқа салады, кейбірі тірі туады.Дернәсілдері ересектеріне ұқсас.

Таралуы

Ылғалы мол, жылы тропиктік,субтропиктік, қоңыржай аймақтарда таралған. Жыландар,тасбақалар,кесіркелер далалы, шөлейтті, биік таулы аумақтарды кездеседі. Крокодил,жылан, тасбақалар су жағалауына жұмыртқа салады.

Қазақстанда: 50түрі кездеседі:

Тасбақаның 2 түрі:дала және батпақ тасбақасы

Кесірткенің 30 түрі

Жыланның 18 түрі: 4-еуі улы:кәдімгі сұржылан

дала сұржылан

қалқантұмсық

оқжылан

Пайдасы

Зиянды бунақденелермен қоректеніп, ауылшаруашылығына пайдасын тигізеді.Тағам ретінде, емге пайдаланады. Терісінен әсемдік бұйымдар жасайды.




Видео көру «Хамелонның өзгеруі»


Бұлардың барлығы да жауынан қорғануға жақсы бейімделген. Өздерінің өміріне қауіп төнген кез-келген сәтте Дұрыс әрекет жасайды.



Адамдардың іс-әрекеті: крокодилдерді, жыландарды арнайы қолдан өсіретін фермалар, тәлімбақтар, жыланханалар (серпантарий) ұйымдастырған.


Қызыл кітапқа тіркелген жорғалаушылар


Кесіркелер

Жыландар

Гаттерия

1 Шұбар батбат

1 Жолақ абжылан

2 Зайсандық батбат

2 Қызылжолақ абжылан

3 Келес

3 Сарыбауыр абжылан

4 Сарлан (сарықұрсақ)

4 Төртжолақты абжылан

5 Үлкен көз кесіртке


6 Шұбар кесіртке



Табиғаттан аларымыз көп. Бірақ табиғат тепе-теңдігін бұзуға қақымыз жоқ. Сондықтан да адамдардың оларға жасаған қамқорлығы Дұрыс әрекетке жатады.



6.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс

Төрт топ өз топтарына сәйкес жорғалаушы туралы қорғау

Shape1 Shape2



Shape3 Shape4

Топпен ән айту «Көктем келді»

Ескерту





























7. Сабақтың қорытынды сәті.

Бекіту сұрақтары:

- Жорғалаушылартуралы ғылым саласы қалай аталады?

- Оның қанша түрі бар?

- Неше отрядқа бөлінеді?

- Бұлардың қосмекенділерден айырмасы неде?

-Қай жорғалаушының жүрегі төрт қуысты?

- Қазақстанда неше түрі бар?

- Жорғалаушылардың пайдасы қандай?

- Қызыл кітапқа қанша кесірке түрі мен жылан түрі тіркелген?


8.Үй тапсырмасы:

§54 Жорғалаушылардың дене құрлысы және тіршілік әрекетін оқып келу

Қазақстанда кездесетін жыландар туралыхабарламалар дайындап, жыланға қатысты жұмбақ, мақал-мәтел тауып жазып келу


«Сабақтан алған әсерім» оқушылар өз лебіздерін жазып ағашқа жапсырады.


9.Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға «Табиғат қорғаушысы» медальонын тарату.


10.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!































































































Shape5







Shape6









Shape7









Shape8



Shape9



















Shape11 Shape10

Табиғатты



қорғаймын!

Табиғатты



қорғаймын!









Shape12

Табиғатты



қорғаймын!







Shape13

Табиғатты



қорғаймын!



Shape14

Табиғатты



қорғаймын!







Shape15

Табиғатты



қорғаймын!









Shape16

Shape17

Табиғатты



қорғаймын!

Табиғатты



қорғаймын!





Shape18

Табиғатты



қорғаймын!











Shape19

Табиғатты



қорғаймын!









Табиғатты



қорғаймын!



уShape21 Shape20

Табиғатты



қорғаймын!

пупкпукпкпв



Shape24 Shape22 Shape26 Shape23 Shape27 Shape25

Табиғатты



қорғаймын!

Табиғатты



қорғаймын!

Табиғатты



қорғаймын!

Табиғатты



қорғаймын!

Табиғатты



қорғаймын!

Табиғатты



қорғаймын!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
399
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі