Тексерілді:
Күні:
Пәні:
Абайтану
Сыныбы:
9-сынып
Сабақтың
тақырыбы: Абайдың рухани дүниетанымының өсу және
қалыптасу кезеңдері
Сабақтың
мақсаты:
1.
Білімділік: Замана шамшырақтарының бірегейі, ақыл мен
ойдың телегейі, ұлтымыздың данагөйі, бір бойына барлық қасиетті
жинақтаған, қалың ұйқыда жатқан қазақ елін өнер-білімге, ғылымға
жетелеуді мақсат тұтқан ұлы Абайдың дүниетанымен көзқарастарын
оқушыларға таныту.
2.
Дамытушылық: Қызметі, саяси көзқарасының қалыптасуы,
жеке қасиеттері, Абайдың қоғамдық-саяси және тарихи
көзқарастарынмен танытырып, кестелермен жұмыс жасауға
дағдыландыру.
3.
Тәрбиелік: Қазақ тарихындағы Абай орны, мұрасын
насихаттау, білімдерін кеңейту,
толықтыру.
Сабақтың
түрі: лекция
сабақ.
Әдіс-тәсілдері:
түсіндіру, суреттеу, салыстыру,
сұрақ-жауап, бағалау, бекіту,
қорытындылау.
Сабақтың
көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер,
рефераттар, бүктемелер.
Пәнаралық
байланыс: тарих, музыка, орыс әдебиеті, қазақ
тілі.
Сабақтың
барысы.
І
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу,
түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын
тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл
бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа
аудару;
5. Cабақтың мақсатымен
таныстыру;
ІІ Үй тапсырмасын
тексеру:
Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты
пысықтаймын.
-
Абайдың өмір сүрген заман қандай кезең
болды?
-
Осы кезеңде оқу-білім қандай сипатта
болды?
-
Азаматтық оқу-білім беру ісі Қазақстанның
қай аудандарында едәуір жақсы
жүргізілді?
-
Қазақ арасына ислам дінін күшейтуге
атсалысқан, реакцияшыл-кертартпа бағыттағылар бай-феодалдардың
идеологиясын жақтап, көне феодалдық шаруашылық түрлері мен ел билеу
системасын сақтауды қолдаған қандай
ақындар?
-
Кертартпа феодалдық идеологияға қарсы
шыққан ақындар тобы.
ІІІ Жаңа
сабақ.
Абай туралы даналық ой
пікірлер
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев.
Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын
болған жоқ».
А.Байтұрсынов
2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит.
Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің
керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана
қалқыдым».
М.Әуезов
3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы
болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның
баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең,
істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың
негізі шарты. …..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық
іспетті».
Н.Ә.Назарбаев
4. «Өз Отанының сом
алтыны».
Ә.Бөкейханов
5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан»
шамшырақ».
М.Дулатов
6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес»
кемеңгер» .
М.Жұмабаев
7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз
– дара шыққан тау ағашы
сияқты»
М.О.Әуезов
Абайдың рухани дүниетанымының өсу және
қалыптасу кезеңдері
Абай-шешен. Ұлттық өнеріміздің ішінде
алмастай асыл, найзағайдың отындай жарқ-жұрқ еткен өткірлікке,
тапқырлыққа суарылған дүниетаным тереңдігіне негізделген
өнер-шешендік. «Шешендік дегеніміз» — кесімді билік айту, қажет
нәрсені ортаға ,көптің талқысына салу яки айтатын нәрсе мен
айтпайтын нәрсенің ара-жігін жіті айыра білу, өлшемнен асырмау,
ой-пікірлерді айқындау және көмейі суырылған шешенде табиғилық,
ұғымдылық, шыншылдық, сыршылдық, ақжарқындық, жаздың әсем таңындай
сұлу көңілі болуы қажет.
Абайдың ел билеу өнеріндегі айтулы құбылыстың бірі – 1885 жылы
мамыр айында Шар бойында Қарамола сиезінде (сьезінде) бес дуан елге
арналып жазылған 74 баптан құрылған Ережесі. Тарихи мәні терең бұл
құжат жүйелеп тексерудің, қазақ өмірінің әлеуметтік- ұлттық
болмысын нақтылы шаншыла зерттеудің ең жоғары түріне
жатады.
Бұл Ережеде: жер дауы, құн дауы, жесір дауы, қалың мал, құдалық
жоралары, әйелдің бас бостандығы, ата-ана мен баланың арасындағы
сыйластық, ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы, әмеңгерлік мәселесі
терең талданып, әділ билік – кесімдер, шара қолдану айтылады.
Ұрлыққа барымтаға Шара қолдану: суға батқанға көмек арық, көпір,
құдық бұзғандарға өрт, боран, аяз кезінде араша болмағандарға (35
бап)
Алты алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханов: «20 жасқа жеткенше Абай
от тілді шешен, халық өмірі мен әдет-салтын, қазақ даласындағы
атақты билердің әр істі шешкендігі төреліктерін жақсы білетін
ділмар атанды. Абай өзінің қабілеті мен білімінің арқасында
қазақтардың билік тартысында басты тізгін ұстаушы болды» -деп
жазады.
Ахмет Байтұрсынов:«Ел ішіндегі сақталған қазақтың бұрынғы өткен
билерінің билігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдерінің істеген
ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды тілдер, мақал-мәтелдер сияқты
нәрселерді Абай көп біледі екен. Заман бұрынғыдай болса, Абай
алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би болып,
жұрт білмейтін заман өтіп, таспен би болатын заманға қарсы туған» —
деп бағалаған.
Дүниенің тылсым сырын надандық, танып білу талапсыздық,жалқаулық
мінездерді сынады. Ар-ұят, адамгершілік мәселелерін қамтыды. Абай
терең зейінді адам болғандықтан өзі өмір сүрген ортасын, оның
қоғамдық жағдайларын терең түсініп, ақиқаттықпен көрсете
білді.
Ақын өмір сүрген кездегі қазақ
қоғамы:
• Феодалдық – патриархалдық құрылыстың
шырмауында болатын;
• Рулық құрылыс ыдырамады;
• Патшалық әкімшіліктің ру басшыларының тартыстарын қоздыруы;
• Қоғамдық ахуал шиеленсті;
• Халықтың күйі нашарлап кетті;
• Халықтың мұң-мұқтажын жоқтаған ақын болыс, төбе би болып
әлеуметтік мәселелерді шешті;1868 жылы 100-бап ереже жасаған
• Топтық қоғамда әлеуметтік әділдіктің болмайтынын да көре
білді;
«Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан,
Қолға түсер, сілесі әбден қатып
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып» — деп теңдік алу үшін қанша
арызданып ізденгенімен, байларға «ырылдатып ит қосып» күрескенімен,
кедейдің қалжырап, сілесі қатқаннан басқаға әлі жете алмайтынын
көрсетті.
ІV Шығармашылық
тапсырма
Абай-ақын
Абай-сазгер
Абай-шешен
Абай-ағартушы-ойшыл
Абайдың тарихи көзқарастары
Абай-күйші, сазгер.
Абай-аудармашы
Абай саясаткер
Абай төбе би- шешен
V
Сабақты қорытындылау.
Ұлы
Абай
• Жазба әдебиеттің негізін қалаған,
ұлттық поэзия тілін көркейткен көсем.
• Ғажайыпты болжаған айыр тілді аруақты шешен.
• Қазақ поэзиясына ұшан теңіз өзгерістер енгізген реформатор.
• Ұлттық музыка өнерін асқар биікке көтерген біртуар композитор
(сазгер).
• Аударма өнерінің үздік шебері.
• Ана тілінің негізгі сөздік қорын сарқа пайдаланған ерен
дарын.
• Абай мұрасы, Абай жолы кейінгі ұрпақ үшін сарқылмас
қазына.
VІ
Бағалау:
оқушылардың берген жауаптарына қарай
білімдерін бағалаймын.
VIІ Үйге
тапсырма: