Материалдар / жоспар Абайтану

жоспар Абайтану

Материал туралы қысқаша түсінік
«Көлеңке басын ұзартып» өлеңі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
2303
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:

Күні:Пәні:АбайтануСыныбы:10-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Көлеңке басын ұзартып» өлеңіСабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату; 2. Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру; 3. Тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдісі: пікір алмасу, мәнерлеп оқу, талдау.Көрнекіліктер: палакат, портреттер, теледидар материалдары.Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру; 3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Үйге тапсырмасын тексеру:
  • «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңін жатқа айту.
  • Өлеңді құрылысына қарай талдау.
Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.1. «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңі қандай лирикаға жатады? 2. Өлең қандай оқиғаға байланысты жазылған? 3. Өлеңде бір-біріне қарама-қарсы тип өкілдерінің тұрмысы қалай суреттелген?

ІІІ Жаңа сабақ:«Көлеңке басын ұзартып» өлеңі

Көлеңке басын ұзартып,Алысты көзден жасырса;Күнді уақыт қызартып,Көкжиектен асырса; Күңгірт көңлім сырласарСұрғылт тартқан бейуаққа.Төмен қарап мұңдасар,Ой жіберіп әр жаққа. Өткен өмір — қу соқпақ,Қыдырады, талайды.Кім алдады, кім тоқпақСалды, соны санайды. Нені тапсаң, оны тап,Жарамайды керекке.Өңкей уды жиып ап,Себеді сорлы жүрекке. Адасқан күшік секілдіҰлып жұртқа қайтқан ой.Өкінді, жолың бекінді,Әуре болма, оны қой. Ермен шықты, итқылып,Бидай шашқан егінге.Жай жүргенді уирд қылып,Тыныш өлсеңші тегінде.

Сөздік:Ермен – биік жусан.Уирд – әдет, машық деген мағынада (арапша).

ІV Сабақты бекіту:сұрақ қою арқылы сабақты бекітемін.
  • «Көлеңке басын ұзартып» өлеңі қай жылы жазылған?
  • Өлеңде не туралы айтылады?
  • Өлеңнің құрылысы қандай?
  • Алғаш қай жылы, қай жинақта жарияланды?
  • Қандай тілдерге аударылған?
V Бағалау:оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.VI Үйге тапсырма беру:
  • «Көлеңке басын ұзартып» өлеңін жатқа айту.
Құрылысына қарай талдау
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ