Материалдар / жоспар Абайтану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

жоспар Абайтану

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың отыз жетінші қарасөзі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
585
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:


Күні:

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: Абайдың отыз жетінші қарасөзі


Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына шолу жасай отырып, оқушыларды оның философиялық тұжырымдарымен, отыз жетінші қара сөзімен таныстыру, ой-өрістерін кеңейту, рухани-жан дүниелерін қалыптастыру;

  • Дамытушылық: Оқушылардың мәнерлеп айту, жатқа айту, түсініп, талдау, салыстыру, бағалау дағдыларын дамыту;

  • Тәрбиелілік: Абай атамыздың ұлылығын, оның қара сөздерінің тереңдігін сезіндіру, туған елін сүю, адамгершілік, еңбекқорлық, саналылыққа баулу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, жатқа айту, салыстыру, аудару.

Көрнекілік: Абай Құнанбайұлының портреті, өлеңдер жинағы, «қара сөздері», Абай энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үйге тапсырмасын сұрау:

  • «Көлеңке басын ұзартып» өлеңін жатқа айту.

  • Құрылысына қарай талдау.

Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

  • «Көлеңке басын ұзартып» өлеңі қай жылы жазылған?

  • Өлеңде не туралы айтылады?

  • Өлеңнің құрылысы қандай?

  • Алғаш қай жылы, қай жинақта жарияланды?

  • Қандай тілдерге аударылған?




ІІІ Жаңа сабақ:


Абайдың отыз жетінші қарасөзі

Абай отыз жетінші қара сөзінде нақыл сөздерді тізеді. Нақылдардың барлығы дерлік адам бойындағы адамшылық қасиеттерді ардақтауға бағытталған. "Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес", – дейді Абай. 

Жалпы, қара сөзде ақын адам бойындағы қайратсыздық, заманның адамға әсері, білімге талпыныс, достық, тіленшілік, білгенді үйрету сынды тақырыптарды қозғайды. 

"Адам  баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват", – деп әр адамның заманға, заманның адамға әсерін сөз қылады. Осылайша, Абай заманды қалыптастыратын адамдардың өздері екендігін, сондықтан, әркім өзін дамытуға, өзін тәрбиелеуге күш салуы керектігін меңзейді. Ол, сонымен қатар, "Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім", – деп, адамның кез келген уақытта өзін қолына алып, түзеле алатындығын айтады.

"Бақпен асқан патшадан 
Мимен асқан қара артық; 
Сақалын сатқан кәріден 
Еңбегін сатқан бала артық", – деп, білімге құштарлықты, адал еңбекті насихаттайды.  

Абай, осылайша, қара сөзінде қоғамдағы олқылықтарды сынап, ұрпаққа, замандастарына жақсылыққа апарар жолды меңзеп, әсер етуге тырысады.


ОТЫЗ ЖЕТІНШІ СӨЗ


Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.

Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.

Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады.

Әкесінің баласы - адамның дұшпаны.

Адамның баласы - бауырың.

Ер артық сұраса да азға разы болады.

Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.

Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың.

Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.

Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват.

Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.

Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?

Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?

Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны.

Қуанбақтық пен бақ – мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ к...н ашпайтұғын ақылы бойында қалады.

Егер ісім өнсін десең, ретін тап

Биік мансап - биік жартас

Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,
Екпіндеп ұшып қыран да шығады;
Жікшіл ел жетпей мақтайды,
Желөкпелер шын деп ойлайды.

Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел,

Алдыңғы толқын - ағалар,

Артқы толқын - інілер,

Кезекпенен өлінер,

Баяғыдай көрінер.

Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық;
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық.

Тоқ тіленші - адам сайтаны,
Харекетсіз - сопы монтаны.

Жаман дос - көлеңке:
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың.

Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас;
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.

Қайратсыз ашу - тұл,
Тұрлаусыз ғашық - тұл,
Шәкіртсіз ғалым - тұл.

Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің.


Үш тілде сөйлет.
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез - келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады. Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.
Бүгін ақынның
«Отыз жетінші сөзімен» танысамыз.

IV Топпен жұмыс:
1) Отыз жетінші қара сөздерді оқып, талдайды.
2) Салыстыр.
1. Өзге ақындар шығармаларымен салыстыру.
2. Мақал - мәтелдермен, даналық сөздермен салыстыру.

V Психологиялық сәт. Сергіту.
Көршілерімен дәптерлерін алмастырып, бір - бірінің жазуына баға береді.
Адамның жазуына қарап көп нәрсені білуге болады. Атап айтсақ оның мінезін, өзін өзі бағалауын, эмоционалдылығын білдіреді. Егер жазу үлкен болса, онда ол адамның тез тіл табысқыш, ортада, қандай жер болмасын сөйлесіп кете алатындығын көрсетсе, ал жазу кішкентай болса, онда адамның тұйық мінезді екендігін көрсетеді. Бұрыштап жазылған жазу өзін ғана ойлайтын (эгоист) адамдарға тән, ал түзу жазылғандар кеңпейілді мейірімді адам екендігін көрсетеді. Жазу қатты батырылып жазылса сөзі өтімді, қолында билігі бар адам екендігін білдірсе, күңгірт жазылған жазу әлсіздікті білдіреді екен. Жазуы дұрыс адамдар көбіне асықпайтын, тура мінезді адамдарды білдірсе, ал жазуы нашар адамдар көбіне асыққыш, логикасы дамыған адам екендігін көрсетеді.

VІ Бекіту:

Ой толғаныс.
Маған ұнаған жолдар...............
Несімен ұнады?....................

VІІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

VІІІ Үйге тапсырма:

  • А. Құнанбаев «Отыз жетінші сөз» оқу.

  • «Қарасөзден алған әсерім» эссе жазу.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!