400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

жоспар Абайтану

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» өлеңі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:


Күні:

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10-сынып


Сабақтың тақырыбы: «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату;

  • Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;


  • Тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту.


Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Үйге тапсырмасын сұрау:

  • «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңін жатқа айту.

  • Құрылысына қарай талдау.

Сұрақтар:

  • Өлең қай жылы жазылған?

  • Ақын өлеңде не туралы айтады?

  • Алғаш рет қай жинақта жарияланды?

  • Қандай ұйқаста жазылған, неше буынды?

  • Қандай тілдерге аударылған?




ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:


«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» өлеңі


«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі – 14 жол. Ақынның көтерген тақырыбы – қосанжар өмір құбылысы. Алғашқысы – аңшылық. Ер жігіт қыран бүркіт баптаса, қалған жұрт аңға күйкентай мен қарға салмақ. Бабы келіскен қыранның қоян, түлкі түгілі қасқыр да алатыны анық. Алайда былайғы жұрт оған мән бермейді. Өйткені, «қыран шықса қияға жібереді, олар да екі қүсын екі жақтап». Қарға қарқылдап, қыранның арт жағынан қалмаса, күйкен-тай үстінде шықылықтайды. Қарға мен күйкентай иелері қыранға кедергі жасағандарына мәз, өз құстарын мақтап күпілдеседі. Абайдың бұл жерде айтқалы отырған негізгі ойы күллі қазақтың тірлігі өмірде осыған саятындығы, ортасынан озған азамат, ақын шығып жатса, оларға жасайтындары осындай кесірлік екендігі. Ақын «Басқа – сая,жанға – олжа дәнеме жоқ, Қайран ел осынымен жүр далақтап» деп қорытады ойын. 1886 жылы өндіре жазып, ақындық жолына алаңсыз түскен ақынның ел ұстазы, ақылшысына айналып, үлкен өмірлік - өнерлік жинақтау жасай бастағанын байқаймыз. Осындай көркемдік кенеуімен, кемелді ойымен өрелі өлеңнің құрылымы да келісті. Өлеңнің алғашқы екі жолы өзара ұйқасып, егіздік байқатқан, алайда арықарай еркін ұйқаспен кестелеңген. Мазмұн-мағына жағынан да, пішім, ырғақтық жағынан да ешқандай жік білінбейді. Өлең алғаш рет 1909 жыл Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Оның басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер кездеспейді. Туындының: «Өзі алмайды, қыранға аддырмайды, Күні бойы шабады бос салақтап»,- деген 7, 8-жолдары 1909 жылғы жинақта берілмеген. Бірақ бұл 2 жол Мүрсейіт қолжазбасы негізінде тұңғыш рет 1933 жылғы жинаққа кіргізілген. Өлең башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

ІV Сөзжұмбақ шешу: «Қансонар»

Қ
А
Н
С
О
Н
А
Р

1) Махаббат символы ……(аққу)
2) Құйрығы аша құс (Қарлығаш )
3) Бақыт құсы (Көгершін)
4) Жылтырға үйір құс (сауысқан )
5) Орман емшісі (Тоқылдақ )
7) Жыртқыш құс (Лашын)
8) Қыстап қалатын құс (Қарға)
9) Қыран құс (Қырғи )

V Жаңа сабақты меңгерту:

  • Мәнерлеп оқу.


Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,

Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.

Қыран шықса қияға, жібереді

Олар да екі құсын екі жақтап.

Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан,

Күйкентайы үстінде шықылықтап.

Өзі алмайды, қыранға алдырмайды,

Күні бойы шабады бос салақтап.

Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса,

Қуанар иелері сонда ыржықтап.

Не таптық мұныменен деген жан жоқ,

Түні бойы күпілдер құсын мақтап.

Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ,

Қайран ел осынымен жүр далақтап.


  • Талдау.


4 4 4

Қы-ран бүр-кіт // не ал-май-ды, // сал-са бап-тап, 12 а

3 4 4

Жұрт жүр ғой // күй-кен-тай мен // қар-ға сақ-тап. 11 а

4 2 4

Қы-ран шық-са // қия-ға, // жі-бе-ре-ді 10 б

3 4 4

О-лар да // е-кі құ-сын // е-кі жақ-тап. 11 а


Шумақ: 1

Тармақ: 4

Бунақ: 3

Буын саны: 11-12

Ұйқас түрі: қара өлең


VІ Сабақты бекіту: Қансонардың қадірін білген киелі қазақ халқы ел аузында қыран құс, саятшылық, аңшылық туралы мақал-мәтел қалдырған.
1. Қарақұс қайырғанмен бүркіт болмас.
2. Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
3. Мылтығының күмісін айтпа, тиісін айт.
4. Саятшылық сабырлыға жарасар.
5. Сонаршы ақпанды сүйер.

Викториналық сұрақтар қойылады.
• Қандай қыран құстар бар?
• Құсбегі деген кім?
• Құсбегіге қандай құрал - жабдықтар керек?
• Ең үлкен қыран қай құс?
• Оның қанат құлашы қанша?
• Бүркіт қанша жыл жасайды?
• Бүркіттің баласын не деп атайды?
• Балаларға баулытып, құсқа салдыратын құс?
• Қасқырды да алатын өте күшті алып құс?

VІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

VІІІ Үйге тапсырма:

  • «Қыран құс не алмайды салса баптап» өлеңін жатқа айту.

  • Құрылысына қарай талдау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
2392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі