Күні,
айы, жылы: 01 қараша 2019ж
Білім беру
саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жабайы
жануарлар.
Мақсаты:
Білімділік: балаларды
жабайы жануарларға тән ерекшеліктерімен
таныстыру, олардың дене мүшелерін
(тұмсығы, құйрығы, аяқтарын) бір-бірінен
ажыратуға және атауларын атап беруге
үйрету.
Дамытушылық: білуге деген
құштарлығын оятып, есте сақтау, зейін
қою және сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: жануарларға қамқорлық
жасауға үйрету.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,
сұрақ-жауаптар, шаттық шеңбері, сергіту
сәті, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: аңдардың (түлкі, қоян,
аю) суреттері, жұмсақ ойыншықтар,
ормандағы жануарлардың суреті.
Оқу қызметінің
барысы
І.
Ұйымдастыру бөлімі:
Педагог
ойынның көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы
эмлционалдық көңіл күй қалыптастырады.
Балаларды қапшықты кімдер тығып отырғанын
көруге шақырады. Оларды орманға,
жануарларға қонаққа баруға шақырады.
ІІ.
Негізгі бөлім:
Жазда
сұр, қыста ақ. (Қоян)
Өзі
ширақ, өзі қу,
Жүрген
жері айқай-шу. (Түлкі)
Жеміс
жидек жегенім,
Балды жақсы көремін.
(Аю)
Бұл
– аю. Ол үлкен, қоңыр түсті, құлағыда
үлкен. Денесін түк басқан. Аю – суреттегі
жануарлардың ішіндегі ең үлкені. Түлкі
көлемі жағынан қасқырдан кіші. Түсі
қызғылсары (жирен), үлпілдеген құйрығы
бар. Ол – өте айлакер аң. Қоянның тоны
қыста ақ, жазда сұр болады. Суреттегі
жануарлардың ішіндегі ең кішкентайы –
осы қоян.
Балалар:
оларды бір сөзбен жануарлар, аңдар
дейміз. Педагогтің көмегімен олардың
жабайы жануарларға жататынын түсінеді.
Өйткені олар орманда тұрады және тамағын
өздері тауып жейді.
Аңдардың
ең үлкенін (аю), ең кішісін (қоян) айтады.
Түлкінің, қоянның, аюдың құйрығын
көрсетеді. Аңдардың 4 аяғы бар деген
тұжырым жасайды. Аңдардың бір-біріне
ұқсайтын ортақ белгілері-бас, дене,
аяқтары мен құйрығы барына назар
аударады.
«Қайсысы
қайда тығылды?» ойыны.
Қоянның
секіргенін, түлкінің жүгіргенін, аюдың
қорбаңбаған қимылдарын салады. Балалардан
түлкінің қайда тұратынын сұрайды.
Аңдардың тонын зерттеуге шақырады.
Сергіту
сәті
Күн
нұрын күт!
Таза
ауа жұт!
Бойыңы
құт.
Жүгір,
селмен жарысып.
Жүгір,
желмен жарысып.
Нұрға
сылан,
Болып
қыран, өс ұлан!
Ең
үлкен аңның атын ата. Ең кішісі қайсысы?
Жабайы аңдар қайда тұрады?
ІІІ.
Қорытынды бөлім:
ҰОҚ-ны
қорытады. Балаларға ҰОҚ-да белсенділік
танытқаны үшін алғыс білдіреді. Педагог
балаларға жабайы аңдардың қағаздан
қиылған сұлбаларын таратып береді.
Тексерілді
әдіскер
Г.К.Сагпазова
күні,
айы: