400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жоспар: "Еңбектің наны тәтті" , пәні: ",Өзін- өзі тану

Материал туралы қысқаша түсінік
еңбек адамды қуантады
Материалдың қысқаша нұсқасы

   Есік гуманитарлық экономикалық колледжі

Тақырыбы: Еңбектің наны тәтті

Жтекші:Тұрсынова С.Ш

Топ:201 Юлдашева Малика

Еңбектің наны тәтті
Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті .
Халық мақалы
Мақсаты : Балалардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
• еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту;
• еңбексүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, түрлі түсті қағаздар, қайшы.

Шаттық шеңбері ( оқушылар шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Төмендегі өлең жолдарын хормен дауыстап айтады)
Біз бақытты балдырған. М. Дауылбаев
Жайнатар кең өлкені, Біз бақытты балдырған -
Болашықтың ертеңі, Ата –ананың өркені.

- Алдыңғы сабақтарда біз өнер мен білімді игеру мен ақылды болу үшін көп еңбектену қажеттігі туралы қызықты шығармалармен таныстық. Адам еңбектің дәмін тер төккенде ғана жақсы сезінеді. Бүгін біз осы туралы әңгімелесеміз.
* Әңгімелесу
- Адамға еңбекқорлық не үшін қажет?
- Өз еңбектеріңнің жемісін көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?деген сауалнама жүргізіледі.
* Оқулықпен жұмыс. Маңдай тер Б. Досымов.
- Мәтін толық мазмұндалады.
Сұрақтар арқылы мәтінді пысықтау.
-Атасы Хамитке «маңдай тер » дегенді қалай түсіндірілді ?
-Өз еңбектеріңнің жемісін көрген кездерің болды ма?
• Сергіту сәті. Еңбектің мәнін ұғындыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады.
Еңбек. Н. Жанаев
Қырға шықсаң, өрлеп,( Қолдарын кезек –кезек жоғары көтереді)
Мұның аты –Еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Кесте тіксең , зерлеп, (Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді.)
Мұның аты –Еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Сабағыңа жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.)
Әзірлесең – Еңбек.
Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады.)
Еңбек қана жеңбек ( Екі қолын жаяды.)
* Дәйексөз
Тақтадағы дәйексөздің мәні түсіндіріледі.
«Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар» деген халық мақалының мағынасы түсіндіріледі.
- Әр адам өз еңбегінің нәтижесін көргенде асқан қуанышты сезімде болады, оны басқалардың таптауына жол бермейді.әркімге өзінің еңбегімен келген нәрсе ыстық және ең қымбат. «Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар» деген халық даналығы осыдан шыққан.
Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.
• Тапсырма
Сабақта оқушылардың білім –біліктерін дамыту мақсатында тапсырмалар беріледі. Сурет бойынша өз ойларын әңгімелеп айтады.

* Жаңа ақпарат.
Оқушыларға еңбек, еңбекқорлық сөздерінің мағынасын ашып түсіндіру.
«Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады.»

• Ойын.
Балалардың денесін сергіту мен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатында «Аралар» атты ойын жүргізіледі.Бір топ бала қол ұстасып,шеңбер жасап тұрады да, үш –төрт бала ортаға шығады.
- Баудағы кім?
- Олар –аралар.
- Ара болсаң, ызыңда
- З-з-з, ж-ж-ж, з-з-з, ж-ж-ж!
- Жұмыс істе, тығылма!
Аралар бір –бірімен сөйлесе бастайды, қандай жұмыс түрлерін көрсеткілерін келеді. «Жұмыс істе , тығылма !» - деген сөзді естіген кезде де тоқыма тоқығандай, ағаш жарғандай, оны аралағандай, еден сыпырғандай қимыл –қозғалыстар жасайды:
Топ –топ ара ұшады,
Үстімен де бұтаның,
Астымен де бұтаның.
Үстімен де бұтаның
Аралардың қимылын қайталайды да: «Тап болсаң бір жалқауға, алып кел оны ортаға!» - деп хормен әндетеді.
Аралар осы сөздерді айта жүріп, өздерінің қимылын қайталай алмаған «жалқауларды» ортаға шығарады да, өздері солардың орнына барып тұрады. Шеңбер жасап тұрғандардың бәрі хормен дауыстап айтады.
Әй -әй, жалқау бұл қулар,
Жалқауды тез қуыңдар!
Сөйтіп, олар жалқауларды қуып шығады.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі тапсырма оқушылардың еңбек туралы ойларын тереңдету мақсатында беріледі.
Тапсырма: Дәптерге берілген Ертай Ашықбаевтың «Маңдай тердің жемісі» өлеңін оқып, мазмұнына сәйкес сурет салыңдар.
Қорытындылау
- Адал еңбек адамды қуанышқа сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа, байлыққа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы, беделді болады. әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбекті бағалап, қадірлейік.
Тапсырма
«Өз еңбегіңнің жемісі неліктен тәтті ?» деген сұраққа жауап алу.
- Өйткені өз қолымен жасайсың.
- Өйткені өз күшіңді жұмсайсың.
- Өйткені қиналып. Шыдап көресің.
Жүректен жүрекке
Шеңбер құрып, кезектесіп тілек айтады.
Бір –біріңе еңбектеріңнің жемісті болуына тілек білдіріңдер.
Хормен «Болайықшы осындай» өлеңін үнтаспаға қосылып айту.
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.

Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы , досым – ай



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.01.2021
404
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі