жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жоспар "Қыс келді"
Күні, айы, жылы: 06 наурыз 2020ж Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану Тақырыбы: Жануарлардың сүйікті қорегі. Мақсаты: Білімділік: жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру. Дамытушылық: тірі нысандарды бақылау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: қайырымды болуға үйрету, жануарлар әлемі өкілдеріне қамқорлық жасауға деген құштарлығын ояту. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауаптар, шаттық шеңбері, сергіту сәті, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау. Көрнекі құралдар: жануарлардың, жемістермен көкөністердің, ұсақ жәндіктердің, жидектер мен саңырауқұлақтардың суреттері; бұршақ, бір рет пайдалануға арналған қасықтар, кәстрөлдер мен тәрелкелер. Жеке жұмыс: Аянатқа жыл мезгілінің атауларын үйрету. Оқу қызметінің барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі: - Балалар, қоянның қарны ашты, кәмпит сұрап тұр. Әр жануар әр түрлі тамақпен қоректенеді. Мен тиынмын, тиынмын, Қысқа жылы киіндім, Қоймам толы жаңғаққа Іші жылы үйімнің.
ІІ. Негізгі бөлім: «Қайсысы не жейді?» дидактикалық ойын. Балалардың міндеті; қай жануарға қайсы тамақ сәйкес келетінін көрсету. Мәтінді тыңдап, әр жануарға қатысты суретті таңдап алуды ұсынады. – Мысық сүт пен балықты жақсы көреді. Тышқанды аудайды. Ит сүйек мұжығанды, етті жақсы көреді. Кірпі мен қонжықтар жеміс-жидек жейді. Жылқы – шөп, сұлы, қант. Тауық – бидай. Сиыр – шөп. Кептер – жем; тары, пісте, сұлы,т.б. – Әр жануардың өзінің сүйікті қорегі болады. Мысалы: қоян сәбізді, аю балды, мысық балық жегенді жақсы көреді. «Бұршақтар» ойыны. Педагогтің қоянды бұршақпен тамақтандыру туралы ұсынысын қуана қабылдайды. Кәстрөлдегі бұршақтан бір қасығын алып, тәрелкеге салады. Сергіту сәті. «Торғайлар». Балалар өздерін бұтақтан-бұтаққа секіріп, бір орында отырмайын торғайлар рөлінде елестетеді. Секіріп қолдарын сермеп қойса да болады. «Аралар». Балалар өте пайдалы жәндіктер – араның рөліне ауысады. Олардың ұшқанын, ызыңдағанын салады. Қолдарын қанат сияқты дамылсыз
қағады. Аралардың алдында мынадай міндет тұр: олар гүлдердегі шырынды жинап алып, ұяларына оралуы тиіс. Шын гүлдерді пайдалануға болады. Ал араның ұясын шеңбер түрінде сызуға болады немесе жере арқанмен сызамыз. Балалардан «Жануарлар ойнағанды жақсы көре ме? – деп сұрайды. Марғаулар мен күшіктер немен ойнайды? Педагогтің көмегімен қатар құрбыларымен әңгімелеседі, пікір алмасады. Үлестірме қағаздардағы суреттермен ойнауға шақырады. Тиін немен қоректенетінін айтып бер. Сен тиіннің қайда тұратынын білесің ба?
ІІІ. Қорытынды бөлім: Балалардан нені жақсы көретіндерін сұрау. Жемістер мен көкөністерден дәм татады. Алған әсерлерімен бөліседі.
Тексерілді әдіскер Г.К.Сагпазова
күні, айы:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген