
№ 6орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Сагинова Г.С
Тақырыбы: Шығармашылық ізденіс – шеберлік шыңының бастамасы.
(дӛңгелек стол)
Мақсаты: Тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесіне сүйене отырып, оқушылардың жан-жақты
дамуында әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру.
Шығармашыл тұлға қалыптастыру. Әріптестер арасында тың идеялармен алмасуға жағдай
тудыру.
Іс-шараның ӛту барысы. Психологиялық атмосфера құру
Айдай арайлап,
Күндей жайнап,
Жұлдыздай жарқырап, Бүгінгі шарамызды бастайық (Танысу)
I.«Биографиялық поэма» стратегиясы бойынша
1.Есімім (Ӛз есіміңізді келтіріңіз)
2.Бүгінгі кӛңіл күйіңіз қандай?
3.Мен қандаймын? (Ӛзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз).
4.Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хобби)
5.Сүйікті ақын-жазушыларым (Қандай ақын-жазушыларды ұнатасыз?)
6.Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, оқуда, жұмыста қандай жетістіктеріңіз бар?)
7.Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз)
8.Тегім
II.Топқа бөлу: Қағаз қиындыларына жазылған сӛздерді тарату арқылы топқа бӛлу.
1.«Ең батыл» тобы
2 .«Ең шығармашыл» тобы
3. «Ең ақылды» тобы
Кіріспе сөз: Шығармашылық дегеніміз- адамның ӛмір шындығында ӛзін-ӛзі тануға ұмтылуы,
ізденуі.Ӛмірде дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп,ӛздігінен сапалы , дәлелді шешімдер қабылдай
білуге үйренуі керек.Адам бойындағы қабілеттерін дамытып ,олардың ӛшуіне жол бермеу
адамның рухани күшін нығайтып ,ӛзін-ӛзі тануына кӛмектеседі.Ұстаздың сабақ берудегі мақсаты-
баланы бастауыш сыныптардан бастап, шығармашылық ойларға , практикалық әрекеттерге дайын
болуға қызығушылыққа тәрбиелеу.
Оқушының ӛз болмысын тануға кӛмектесіп қабілетін ояту ,жаңа рухани күш беру білімнің ең
маңызды мақсаты болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз ,импульсивті қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі
болады Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.Бейімділік -оянып келе жатқан қабілеттің
ең алғашқы белгісі Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты
түрде ықпал ете алады.Ол үшін мұғалім мейірбан болып, балаларды сол қалпында сүюге тиіс.
Тентегін де, тіл алғышын да, жалқауын да, ыждағаттысын да бірдей жақсы кӛруі қажет.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,олардың белсенділіктерін қызығушылықтарын
арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр-
түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады.Олар мынандай:
1.З.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (аннаграмма
сӛзжұмбақ,құрастырмалы ойындар тағы басқа).
2.Берілген тапсырмаларды түрлендіру бағытындағы жұмыс ( кері есеп құрастыру ,мәтін мазмұнын
ӛңдеу шығарма , шағын мәтін құру тағы басқа). 5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру , бӛліктерге
бӛлу , ат қойғызу .
3.Қиялдау арқылы сурет салғызу , рӛлге бӛліп оқыту. 4.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
5.Ой шапшаңдығын , сӛз байлығын дамытуда ӛлең шумақтарын құрастыру.

6.Мәтін ,ертегіні ,әңгімені ӛз бетінше аяқтау.
Партада отырған әрбір бала -жеке тұлға . Шығармашылық -осы тұлғаны дамытудың тиімді тәсілі
.Алдына нақты мақсат қою арқылы биіктерге беттеу болашаққа ұмтылу және нәтижелерге жету
тек
шығармашыл адамдардың қолынан келеді және бұл мәселені неғұрлым ерте қолға алса , соғұрлым
нәтижелі болатындығы ғылымда дәлелденген.
Шығармашылық іс-әрекет шығармашылық ойлаудан басталады.Ал шығармашылық ойлау
деген не? Ол кез келген жағдаятты шешу үшін барлық варианттарды ойдан ӛткізу арқылы жаңа
нәтижеге қол жеткізу болып табылады.
Шығармашылық барлық адамдарда болуға тиісті қасиет. Бастауыш сыныптарда әрбір баланың
ерекшелігін дұрыс бағыттап , арнайы жаттықтыра отырып мақсатты түрде дамыту- талантты ,
шығармашыл адамдар санын кӛбейтіп ,ұлттың ұлыларын , халқымыздың асыл перзенттерін
еселеуге үлес қосады.
Ана тілі сабағында баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ең басты назарға алатын нәрсе:
1. Ӛлең шығаруға үйрету.
2. Ұйқасын тапқызу, сӛзбен-сӛзді байланыстыру.
3.Алдарына ой тастау.Яғни , қаланың, жер, су,аттарын, болмаса бір оқиғаны суреттеу арқылы ӛлең
жолдарын құрастыру.
Ана тілі оқулығында тақырып соңындағы тапсырмаларға дамытушылық сипат кӛзделген.
Мысалы : тапсырмалар оқулықта берілгенде әңгіме , ертегі, ӛлең, сурет мазмүнына сәйкес құрыла
салмай , оқушының ізденушілігін қалыптастыратындай ойлауға , пайымдауға , дәлелдеуге
үйрететіндей етіп түзеледі.Олар мынандай тапсырмалар : оқиға болған уақытты кӛз алдыңа
елестет, қиялдай отырып , суретте немесе ӛлең жолын құрастыр.
III.Тапсырма. (топтарға)
1.«Ең батыл» тобына :Фетр матадан керекті дүние жасау.
2 . «Ең шығармашыл» тобы: Түрлі түсті салфеткіден бұйым жасау.
3. «Ең ақылды» тобы: Түрлі түсті қағаздан апплекация жасау.
Әр топ жасаған бұйымдарының жасалу жолдарын айтып, қорғайды.
IV.Тренинг:
Сұрақ- жауап (сұрақтарға жауап алу)
VI. «Білім нәрі - ізденісте » демекші, енді шығармашылық жұмыстармен айналысып жүрген
тәжірибелі мұғалімдге кезек береміз.(Анетбаева Райхан )
VII. «Ізденген жетер мұратқа» демекші ,енді мұғалімдеріміздің ой ұшқырлығын, сӛз саптау
қабілеттерін анықтау мақсатында әр топқа тапсырмалар беріледі.(ӛлең құрастыру)
Қорыту: «Ұстаздар әні» (қатысушылардың барлығы бірге айтады.)
Кері байланыс. (қатысушылар сабақтан алған әсерелерін стикерге жазады)