400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ж.Смақов. Апаңның тілін алса егер

Материал туралы қысқаша түсінік
әдебиеттік оқудан сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім: Орынбаева Г.Т.

Сабақтың атауы

Ж.Смақов. Апаңның тілін алса егер

Мақсаты

Білімділік: Оқушыларға атақты ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясы - қарттар, олар – тірі шежіре, дана, ақылды екендігін ұғындыру;
Дамытушылығы: оқушылардың мәнерлеп оқуға деген ниет - ынтасын дамыту, тіл байлығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: қарттарды сүйе білуге, құрметтеуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ақынның суреті, мақалдар, суреттер. Әдістері: мәнерлеп оқу, әңгіме, оқулықпен жұмыс, салыстыру, ойын, өлең жазу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Көңілашар. 1. Оқушылардың назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.
Сиқырлы күн жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Таң шапағы арайлап,
Дала нұрға боянды.
Балалардың барлығы,
Ұйқысынан оянды.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту


. Ата, ана, бала туралы мақал - мәтелдер айту.
ІІ. Автор туралы түсінік беру

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

«Шеше мен бала» Ы. Алтынсарин.
1) 3 оқушы дайындаған көріністі көрсету
2) Сұрақ жауап:
А) Әңгімедегі кейіпкерлерді ата
Ә) Әңгімеде саған қай кейіпкер көбірек ұнады? Неге?
Б) Үлкен қыздың орнында сен болсаң, не істер едің?
Ойланып жауап бер: - Балалар, біз қандай үлкен бөліммен танысып жатырмыз?
- «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым».
- Дұрыс айтасыңдар, енді осы тарау бойынша қандай тақырыптармен танысып едік, кімнің есінде бар?
1. Ата ақылы/Сырбай Мәуленов/
2. Атасы мен немересі /С. Көбеев/
3. Шал мен балалар /С. Көбеев/
4. Апаның тілін алса егер… /Ж. Смақов/
5. Ата - әжеме хат /Ы. Алтынсарин/
6. Айтшы, әжетай/Ж. Смақов/
7. Ұшқан ұя/Б. Момышұлы/ т. б.
« Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей осы өткен тақырыптарымыздың барлығы үлкенді сыйлау, үлкенді құрметтеуге арналған екен.
Үй жұмысын қорытындылау: 1. Шығармадағы екі немесе бірнеше адамынын өзара сөйлесуі диялог деп аталады. 2. Көбірек жақсылық етуге шамаң келсін десең үнемді болу керек..
I. Ата, ана, бала туралы мақал - мәтелдер айту.
ІІ. Автор туралы түсінік беру
Суретін көрсету. М. Мақатаевтың бір шумақ өлеңімен бастау
Ақ қырау тұрған ақпанда

Балалар, осы өлең шумақтары сендерге таныс па?
Естімесеңдер, бұл өлеңді жазған Мұқағали Мақатаев аталарың. Егер Мұқағали атамыз тірі болғанда ертең, яғни 9 – ақпан күні тура 83 жасқа толар еді.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың мақсаты: Мұқағали Мақатаев атамыздың өмірімен және Мұқағали атамыздың қарттарды құрметтеу, қадірлеу жайында жазған « Қарттарды сүйем»өлеңімен танысамыз.
Интеракивті тақтадан М. Мақатаевтың портретін, жұбайы Лашынның және балаларымен түскен суреттерін көрсету арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
———— 1931жыл 9 - ақпан
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы
- Атасы - Мақатай, әжесі - Тиын
- Әкесі - Сүлеймен, шешесі - Нағиман
- Жан жары – Лашын
- Қазақтың аса дарынды ақыны
- Алғашқы өлеңдерін 10жасынан жаза бастаған
- Қызы - Алмагүл, ұлдары - Айбар, Жұлдыз
Мұқағали атамыз әр түрлі тақырыпты жырлаған; туған жер, Отан, махаббат, достар, аға - қарындас, әке - шеше т. б. Мұқағали атамыз туралы кейінірек толықтай танысамыз.
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа - тұс келеді. Мұқағали 10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлең жазған. Ол өлең боп өмір сүрді. Өлең боп өмірден өтті. Яғни, 1976 жылы қайтыс болды. Оның: «Қарттарды сүйем», «Мен таулықпын», «Барлығы да сендердікі» деген өлеңдері бар. Мұқағали Мақатаевтын өзі оқыған олеңдерін үнтаспадан тыңдау.
Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.
Мына сұрақтарға жауап алу.

Сергіту сәті

Тез қозғалып осылай

Жаттығулар жасайық.

Жақсылықтырақты үйреніп,

Жапқашайық. Қашайық .


Ой толғаныс

Шығармашылық жұмыс. Осы тақырыпқа байланысты 1шумақ өлең шығару. Мен дайын өлең жолдарын беріп, оқушыларға соны аяқтауды ұсынамын.
Бұрынғы біздің……..
(бабалар)
Қасиетті………(даналар)
Бабалардан бата………(алған)
Қазіргі біздің………(аталар).

Үйге тапсырма

Аналар жайлы тақпақта жаттап келу .


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау





Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты

Уақыты:13.01.17

Кабинет: № 24

Мұғалім: Орынбаева Г.Т.

Сабақтың атауы

Жұрнақ пен жалғау

Мақсаты

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігі туралы алған білімдерін кеңейту, пысықтау. Түбір сөзге жұрнақ жалғатып, жаңа сөз жасату, сол сөздермен сөйлемдер құрату. Оқушылардың сөздік қорын байыту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушылардың жұрнақ пен жалғау жайында алған білімдерін кеңейту; Дамытушылық: қисынды ойлау, алған білім, білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту. Сөз, сөздердің жазылуы туралы алған білімдерін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: а) Оқушылар білуі тиіс: сөз, сөздердің жазылу емлесін, түбір мен қосымша туралы түсінікті білулері тиіс. Сонымен қатар, қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігін білулері тиіс. ә) Оқушылар игеруі тиіс: түбір сөзге алдымен жұрнақ, соңынан жалғау жалғанатындығын. Сөздерге жұрнақ жалғау арқылы сөз мағынасын өзгертуді игерулері тиіс. б) Оқушылар меңгеруі тиіс:

Жаңа сөз жасайтын қосымшалар мен сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшаларды бір-бірінен ажыратуды. Сөзді құрамына қарай талдауды меңгерулері тиіс. Сабақтың типі: ашық сабақ Сабақтың түрі: пысықтау сабағы Қолданылатын әдістер: түсіндіру, миға шабуыл, анализ жасау, сұрақ-жауап, рефлексия. Көрнекі құралдыр: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі парақшалар.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар: Сәлем!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл. Өткенді қайталау. Ерте-ерте ертеде, бір-бірінен өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтау екен. Бір күні оларға сонау алыстан сәлемдеме келеді. Сәлемдемені олар «Сен ал, сен ал» деп біріне-бірі сілтейді. Сендердің жалқауларға келген сәлемдемені алғыларың келе ме? - Иә, алғымыз келеді. - Ендеше бұл сәлемдемені алу үшін алдымен қазір мен оқитын жұмбақтардың шешуін тауып, шешуіндегі сөздерді сөз құрамына талдауларың қажет. Дайынсыңдар ма?

- Дайынбыз.

1. Бойлаған сайын тереңге, Шығасың биік белеске. (Білім)

2. Есіктен кіреді, Төрге қарай жүреді. (Суық)

3. Сақалы жоқ шашы бар, Бет-аузы жоқ басы бар.

Белін бекем байлаған,

Қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш) Жұмбақтың шешуін тапқан балалар тақтаға шешуі болған сөздерді құрамына қарай талдайды. - Сонымен естеріңе түсті ме, қосымша дегеніміз не?

- Түбір сөз дегеніміз не?

- Жұрнақ деген не? - Жалғау деген не?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Екі әріптен құралып,

Жүруші едім мал болып.

Жалғанды да бір әріп,

Шыға келдім шал болып. (ат - ата)

Үш әріптен құралып,

Ұшып жүрген құспын,

«Ақ» жұрнағын жалғасаң,

Бір ұлт болып шықтым. (қаз - қазақ)

Алғашқыда балық аулар, Балықшының құралы едім. Жалғанды да бір әріп, Бәрің жұтар не болдым? (ау - ауа)
Оқулықпен жұмыс.

Дәптерге жазу.

Сергіту сәті

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас:

а) Отан туралы

ә) Ата- ана туралы

б) Ел, жер туралы

в) Мұғалім туралы

 

Ы. Алтынсариннің өлеңі?

a) « Мен қазақпын»

ә) «Елім-ай»

б) «Туған жер»

в) «Кел, балалар оқылық»

Ой толғаныс

Артық әріпті тап.

Әрбір қатарда адамның дене мүшелеріне қатысты сөздер аралас әріптермен жазылған. Осы сөздерді тауып, ұяшыққа дұрыс орналастырыңдар. Әрбір қатардан артылған бір әріпті қасындағы ұяшыққа толтырып, жасырылған дене мүшесінің атын іздеп табыңдар.

Үйге тапсырма


Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Пәннің аты

Уақыты:12.01.17

Кабинет: №24

Мұғалім:Орынбаева Г.Т.

Сабақтың атауы

Сөз құрамын қайталау. 

Мақсаты

Мақсаты: Сөз және қосымша туралы білімдерін қайталау.
Пәндік нәтижие: алған білімдеріне сүйене отырып, түбір мен қосымша туралы білімдерін кеңейту.
Тұлғалық нәтиже: ұжымда жұмыс істей білу, бір- бірімен пікірлесу дағдыларын қалыптастыру.
Жүйелі – әрекеттік нәтижие: сөйлем ішінен қосымшалы сөзді таба білу, сөз құрамына талдай білу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау әдістері

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

. Орманның бiз емшiсiмiз, 
Тоқ, тоқ, тоқ (партаны үш рет ұрады). 
Құрт бiткендi жоқ етемiз, 
Жоқ, жоқ, жоқ (қимыл көрсетедi). 
Тоқ, тоқ, тоқ, 
Жоқ, жоқ, жоқ. 

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Алдымен әр оқушы жеке- жеке жазады, содан кейін топта бір- бірінің жазғандарын толықтырады.
1.Түбір сөз
2.Қосымша
3.Жұрнақ
4.Жапғау.
5.Туынды сөз
6. Түбір сөздің белгісі 
7.Жұрнақтың белгісі
8.Жалғаудың белгісі 

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

1. «Күн шуағына жылын» ойыны.

гүл заңгер

тігінші ана

кітап жазушы

Берілген сәздердің ішінен тұбір сөзді тап.

Түбір сөздердің соңғы буынын алып тастап оқып көру. Кү, гү, кіта, ,ан- бұл буындардың мағынасы бола ма? Әрине жоқ. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?

- Түбір сөзді одан әрі бөлуге болмайды. Өткен ережелерін естеріне түсіріп айтады.

2 «Суретке жан бітір» . Балық, кітап, жылқы, ас домбыра, дәрі, қобыз, ғарыштың суреттеріне жқрнақ жалғап туынды сөз жасау. Ережесін айту.

3,«Не қажет?» ойыны

1.Балалар серуен..... шық....

2. Олар орман.... .іші...... кел.....

3. Биік өскен ағаш........ көр.... .

- Не байқадыңдар, не қажет болып тұр?

-Қосымшалар, яғни жалғаулар қажет. Жалғаулар сөзбен сөзді байланыстырып тұрады.

Сергіту сәті

Бала, бала, балапан, 
Қане, қайсы, алақан. 
Саусақтарың әйбат, 
Былай-былай ойнат. 
Бала, бала, балапан, 
Қане, қайсы, алақан? 
Саусақтарың әйбат, 
Былай-былай ойнат. 

Ой толғаныс

«Қай үйге кіремін?» ойыны.
Ойынның шарты: сөздерді құрамына қарай ажыратып, тиісті үйге кіргізіңдер.
Жұрнақ Жалғау 
Аңшы, кәсіпкер, баспахана,қонаққа, өнерпаз,қысқы,балалар,шанамен,күйші.
Ойтолғау. 
«Күшік», «үйшік» сөздеріне Венн диаграмасын толтыру.
Күшік туынды сөз Үйшік 

Үйге тапсырма


Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





























Пәннің аты

Уақыты:12.01.17

Кабинет: №24

Мұғалім: Орынбаева Г.Т.

Сабақтың атауы

Қайталау.

Мақсаты

1. Сынық сызық, кесінді туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Оқушыларды  сантиметрмен таныстыру, кесінділердің  ұзындықтарын салыстыруды үйренуге дайындау.

3.Ұқыптылыққа,  ұйымшылдыққа   тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі:  түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ -жауап

Пәнаралық байланыс:  дүниетану, еңбекке  баулу

Сабақтың  көрнекіліктері:  көліктердің   суреттері,  жіп,  әр  түрлі  жолақшылар.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сендер нүкте  және кесіндімен танысасыңдар.  Өткен сабақта танысқан сызық  түрлерін  естеріңе  түсіріндер. Оларды атаңдар. Ал енді сендер қайшыны алып, түзу сызықтың бір бөлігін екі жағынан  кесіп алындар  дейік.  Енді кесінді пайда болды. Кесінді екі жағынан нүктемен шектелген, яғни оның    басы мен ұшы бар. Суреттегі сызыққа  қараңдар.  Оның  басы мен  ұшы  бар  ма? Сызықты біз екі жағынан шексіз соза  береміз.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөліп беру.

Топқа тапсырма.

1-топ №1,2

2-топ №3

3-топ №4,5

Тест тапсырмалары

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

1-топ Сынық сызық сызыңдар

2-топ

Сынық сызықтың ұзындығын табыңдар

Сабақты қандай көңілмен бастадық?

   -Сабақты қандай көңілмен аяқтадық?

   - Жақсы.

   -Осындай жақсы көңіл не нәрсеге  байланысты  болды?  (татулыққа, ұйымшылдыққа)

   -Сабақта  не істедік?

   -Қандай  тапсырма қиын  болды?

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.



Пәннің аты

Уақыты:13.01.17

Кабинет: №24

Мұғалім: Орынбаева Г.Т.

Сабақтың атауы

Белгісіз азайғышты және азайтқышты табуға берілген есепті теңдеудің көмегімен шешу

Мақсаты

Есептің жаңа түрін шешу жолымен таныстыру, ондықты аттап қосу мен азайтудың өтілген жағдайларын пысықтау.
2. Дамытушылығы
Жазбаша, ауызша есептеу дағдыларын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелігі
Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта көмегімен түрлі тапсырмалар, сызба, лента, суреттер

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

3. 17 - ( 5+5)
(40 + 20) – 50
100 – (60+20)
80 + (40 – 20)
(15 – 9) – 5
50 + (40 - 20)
Есепте:

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Сөзжұмбақ шешу арқылы азайтқыш сөзін шығарып алу.
1. «Кем» ұғымына қарсы ұғым
2. Амал
3. 16 - 10 айырмасы
4. Бөлуге қарсы амал
5. Үш ондық
6. Амал
7. 16 - 7 айырмасы
8. Жоқ өзінде бас та,
Қас та,
Мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында
азайғыш 12 13 14 15
азайтқыш
айырманың мәні 3 4 6 9
Теңдеу шешу
12-х =9
x=12-9
x=3
13- x =5
x=13-5
x=8
14- x =7
x=14-7
х=7
12-3=9
9=9
13-8=5
5=5
14-7=7
7=7

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

«Кім жылдам» ойыны
13 -... =5
17 -... =9
12 -... =6
14 -... =10
16 -... =7
11 -... =9
15 -... =8
12 -... =9
13 -... =4
13 -... =7
16 -... =10

Әріптерді сызбадағы мәнге сәйкес тұсқа орналастыру.
(12-9)+10 Т
(6+9)-5 Ә
18-(5+4) У
60-(10+50) Е
(60-10)+50 Л
100-(50-30) С
9+(14-8) І
15-(10-3) З
(11-4)-7 Д
(13-5)+10 І
16-(4+6) К
13---10---9---0---100---80---15---8---0---18---6

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

















Пәннің аты

Уақыты:13.01.17

Кабинет: №24

Мұғалім: Орынбаева Г.Т.

Сабақтың атауы

Өсімдік-тірі ағза. Өсімдіктердің тіршілігі. Өсімдік – тірі ағза.(ӨҚН)

Мақсаты

Сабақтың міндеттері:
Оқушыларға өсімдіктердің топтарымен, түрлерімен және оның ерекшеліктерімен танысып, білімдерін кеңейтуге қолайлы орта туғызу;
Балаларға мәтінмен таныса отырып, саралау, сипаттау, зерттеу, салыстыру жұмыстарын жүргізуге көмектесу;
Жеке, жұпта, топта жұмыс жасау арқылы бір - біріне ойын, пікірін ашық айтуға орта құру.
Күтілетін нәтижелер:
Сабақ соңында оқушылар өсімдік туралы білімдерін өзгелермен бөлісе алады.
• Өсімдіктердің түрлерін, топтарын бір - бірінен ажырата алады. Олардың пайдасын, өмірде алатын орнын суреттеп бере алады.
Сабақ, жапырақ, тамырдың қызметтері туралы айта алады.
Жеке ойларын ортаға сала алады. Топқа ойын жеткізе алады.
Нәтижені бағалау және тексеру:
Алғашқы білімдерін толықтыру үшін ББҮ кестесін толтыру. Эссе арқылы бағалау. Алған білімдерін ортаға салады (топтағы басқа балалардың ойын жеткізеді).
Қажетті материалдар: ИКТ, слайд - шоу, ватман, маркерлер, құмырадағы гүлдер, гүлдің тамыры, өсімдік құрылысына байланысты плакаттар.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мұғалімнің сұрағы:
Өсімдік туралы не білесіңдер?
Балалар өз ойларын кестенің бірінші бағанына жазады. Жұпта талқылайды. Әр топтың ойларын мұғалім тақтаға жазады.
Мұғалімнің сұрағы:
Өсімдіктер туралы не білгілерің келеді?
Балалар өз ойларын кестенің екінші бағанына жазады. Жұпта талқылайды. Әр топтың ойларын мұғалім тақтаға жазады.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Өсімдіктердің тіршілігі. Өсімдік – тірі ағза.(ӨҚН)

1. Оқушылардың өсімдік жайындағы көзқарастарын анықтау: 
2. Өзін білетін шөп өсімдігін ата 
- Қандай бұтаны білесің? 
- Танитын ағаштарыңды ата? 
- Өсімдік қандай жерлерде өседі? 
Күн қуатынан және топырақтан қоректеніп, өсімдік өседі, гүлдейді, жеміс, тұқым береді. Өсімдік болмаса, тірі организмдер өзіне қажетті қоректі таба алмайды. Орман, шалғын, дала өсімдіктері жануарлардың тіршілік ететін ортасы. Адам өмірінде жасыл өсімдіктің маңызы өте үлкен. Қолайлы жерлерге өсімдікті отырғызып, күтетін себебі, олар ауаны тазартады, шуды азайтады, шаңдарды бойына жұтады. 
Схема арқылы топтап түсіндіру. 
Өсімдік – тірі ағза. Өсімдік тыныс алады, қоректенеді, өседі, көбейеді, өледі. 
Өсімдік :бұта, ағаш, шөп. 
Ағаш – емен,қарағай, қайың,тал. 
Бұта – тобылғы,итмұрын, жыңғыл. 
Шөп текті өсімдіктер – шоғайна, бетеге, бақбақ, жоңышқа, жусан. 
Балауса шағы – тамыры жетілмеген, сабағы қысқа, жапырақтары аз. 
Жетілген шағы – сабағы ұзарып, қатаяды, тамыры тармақталып, топырақтың терең қабытына кіреді. 
Өсімдік қартаяды – тұқымдары түсіп, сабағы, жапырағы қурайды, тіршілігі тоқтайды. 
Өсімдіктер - бұта, ағаш, шөп 
Ағаш → қайың, тал, қарағай, емен шырша 
Бұта → тобылғы, жыңғыл итмұрын, қараған 
Шөптекті өсімдіктер → селеу, жусан, жоңышқа, бақбақ, шоғайна бидайық, бетеге 
Оқулықпен жұмыс: 
1. Мәтіннің екінші бөліміндегі «Өсімдік қалай дүниеге келді?»тақырыбын оқып, тұқымның бөрітетіні, одан тамыр мен өскіннің шығатыны жайында оқулықтағы суретпен байланыстыра отырып түсініктерін айту.

ІІ. Мағынаны ажырату сатысы: Оқулықпен жұмыс.
Мұғалімнің нұсқауы:
Оқушыларды топқа бөлеміз. Бұл – жанұя топтары. Жанұя топтары 1, 2, 3, 4 - ке саналып бөлінеді. Бірінші нөмірдегілердің барлығы бір топқа жиналады. Екінші нөмірдегілер екінші топқа жиналады. Келесі нөмірдегілер де осы тәртіппен жиналады. Бұл – жұмыс топтары.
Мақсаты: Әрбір нөмірдегі бала жұмыс тобынан өз жанұяларына жаңа ақпарат алып келу керек. Өз жанұясына келген соң бірінші нөмірлі бала өзінің не үйреніп келгенін айтады. Екінші нөмірлі бала жалғастырады, т. с. с. (мұғалімге ескерту: жұмыс тобына келген баланың жауапкершілігі жоғары екенін айтуды ұмытпау керек). Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі. Оқулықта берілген мәтіндер.
1 - топ. Өсімдік – тірі ағза
2 - топ. Тамыр
3 - топ. Сабақ
4 - топ. Жапырақ
Мәтінді жеке оқып, талқылап болған соң, өз жанұя топтарына келеді. Жанұя топтарында әрқайсысы өздерінің алған білімдерімен бөліседі.
Әр топтан бір спикер өздерінің алған білімдерінен қорытынды шығарып, айтып береді.
Өсімдіктер туралы слайд - шоу арқылы білімдерін толықтыру.


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

ІІІ. Ой толғаныс сатысы: Кестенің үшінші бағанына сабақтың соңында балалар не үйренгендігін жазу.
Сабақтың басындағы жазған алғашқы білімдерімен салыстырамыз.
Сабақтың басында қойылған сұрақтарға қайта оралып, әр сұраққа тоқталамыз.
Ашық қалған сұрақтарға үйде жауап іздейміз.
Эссе жазу: «Мен өсімдікпін», «Мен сабақпын», «Мен жапырақпын», «Мен тамырмын» тақырыптарының біреуіне эссе жазады.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

13.01.17

Сабақтың тақырыбы: Адам денесін мүсіндеу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мүсін жайлы жалпы түсінік беру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Мүсін сомдау материалдарының технологиялық тәсілдерімен таныстыру.
Білімділігі: Оқушыларды негізгі ұғымдармен таныстыру, мүсіндердің жасалу жолдарын, оның заңдылықтарын есте сақтай отырып түсіндіру.
Тәрбиелігі: Сабақ үстінде таза, ұқыпты, көркем сазбен еңбек етуге баулу. Оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке үйрету, тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сурет салудағы еңбек белсенділігін арттыру. Оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, ермексаз, тақтайша, сутеттер. Қолданылатын құралдар: Ермексаз, тақтайша, қол орамал, сым, әртүрлі ойыншық мүсін түрлері.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап арқылы сұрау, практикалық жұмыс.
Пән аралық байланысы: Мүсін өнерін тарих, математика, технология пәнімен байланыстыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Ә) Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарлау.
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау: Бағалау Пропорция туралы түсінік. Таңғажайып жануарлар 1. Пропорция дегеніміз не? Дененің әр түрлі бөліктерінің, сол сияқты дене бөліктері мен тұтас дененің өзара қатынасы пропорция деп аталады.
Негізгі бөлім:
Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын түсіндіру. Олардың зейінін сабаққа аудару, жаңа сабақты пысықтау.
Жаңа сабақ
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мүсіндеу өнерінің түрлері» Мүсіндеу – көркем өнердің бір түрі. Мүсін – кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалан көркем шығарма. Мүсінді «скульптура» деп атайды. Ол сөзді ең алғаш ежелгі римдіктер ойластырған. «Скульпо» -деген латын тілінде «кесу, қашау » деген мағынаны білдіреді. Мүсіндеудің негізгі бөлімі - адам. Мүсіндеудің түрлері: Жұмыр және рельеф.
Жұмыр мүсіндеу үш өлшемдеуден тұрады. Олар кеңдік, биіктік, жуандық шығармашылығымызды айтамыз. Рельеф - мүсіндеу өнерінің кең тараған түрі.
Рельеф: Барелеьеф:
Горольеф:
Рельеф дегеніміз – тек бір жағынан қарағанда жазықтық бетінен жақсы көрінетін мүсінді айтады.
Барельеф - деп, жартылай сомдалған нәрсе жазықтық бетінен аз ғана шығып тұрса Баральеф болып табылады.
Горольеф - жазықтық жартысынан көбірек дөңестеу шығып тұрған мүсінді айтады
Мүсінші деп – сазбалшықтан қашап жасайтын адамды айтады.
Мүсіндеу техникасы - жабыстыру ою - шекіме, гольванопластика, металдау құю жатады.
Алғашқы қазақ мүсіншісі Хакімжан Наурызбаев 1951 жылы Харьков көркем сурет институтын бітіргеннен бері портрет және монументальді сәндік мүсін төңірегінде жұмыс жасайды. Мысалы: А. Құнанбаев, Ж. Жабаев, Ш. Уәлехановтың монументальды бюстері . Монументтік мүсіндеу – бұл ұлы адамдарға немесе тарихи оқиғаларға орнатылған, асқақ келісті де мәнерлі өз бойына үлкен жалпы адамзаттық идеяны жинақтаған ескерткіштер.
Қондырғылы (станокты) мүсіндеу көбіне портрет ретінде ұсынылады.
Қондырғылы мүсіндеуде бір топ адамдарды немесе бір адамның тұлғасын бейнелейтін жанрлық мүсіндеу едәуір орын алады.
Мүсін әртүрлі материалдардан фарфордан, ағаштан, сүйектен тастан мүсіндері түрлі - түсті болып келеді.
Мүсіндік бейнелеу бөлімінде - көбіне адам, ал кейде хайуанаттар, жансыз заттар болып келеді.
Практикалық жұмыс:
Оқушылар бүгін алмұрт мүсінін жасап үйрене отырып, күрделіге өтеміз. Қазақ халқында жеті қазынаның бірі «Жүйрік ат» жылқы малын қазақ халқы аса жоғары бағалаған. Жалпы анималистік жанрдағы жануарлар немесе натюрморт жанрындағы заттарды жасап үйренеміз. ермексазды алып жұмысты бастаймыз. Қанеки оқушылар тақтадағы яғни көрнекілік бойынша аттың мүсінін ұқыпты түрде жасаңдар. Қызықты мәліметтер. Қысқаша айтып өтемін. Санкт – Петербургтегі атақты Аничков көпіріндегі 170 жыл бұрынғы салынған ғажайып мүсіндік топтама. Орыс мүсіншісі П. Клодт жұмыстары. Қорытынды. Суреттер бойынша сөзжұмбақты шешеміз.
1. Адам бетінің қозғалысы. Мимика адамның көңіл күйін білдіреді.
2. Бұл жануар «шөл кемесі» - түйе.
3. Сәулет (Сәулет өнері) - адам тұрмысы мен қызметі ұшін қоршаған ортаны көркемдей отырып құрылыс тұрғызу және жобалау өнері
4. Кескіндеме - басты әсерлегіш құралы - түс және бояумен алуан тәсілдер қолдалынатын бейнелеу өнерінің түрі.
5. Анималистік жанр - бейнелеу өнерінің жануарларды бейнелейтін түрі.

Үйге тапсырма:
Оқушылар үйге үй жануарлардың немесе натюрморттар мүсінін жасап келеміз



Пәннің аты

Уақыты:14.01.17

Кабинет:№ 24

Мұғалім: Орынбаева Г.Т.

Сабақтың атауы

Ы.Алтынсарин. Ата-әжеме хат

Мақсаты

1) Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру. 2) Байланыстырып сөйлеу, сын тұрғысынан ойлауын, топпен жұмыс істеу, шығармашылық танымдық қабілеттерін дамыту. 3) Оқушыларды үлкенді сыйлауға, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, ой қозғау, болжау әдісі, хат жазу, топпен жұмыс, рефлексия, ассоциация.
Көрнекілік: Ы.Алтынсариннің портреті, оқулық, тірек сөздер жазылған формат.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер- білім көп тоқып
Өсе берсін санамыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Үш топқа бөліп тапсырма беру.
1-топ. Апаның тілін алмайтын бала.
Не істейді? Не болады?
2-топ. Апаның тілін алатын бала. Не істейді? Не болады?
3-топ. Ақын ойынан көкейіңе не түйдің?
3) Қызығушылығын ояту. Жұмбақ шешу.
Аяғы жоқ жүреді,
Тілі жоқ сөйлейді. /Хат/
4) Сабақтың мақсатын таныстыру.
- Енді, балалар, біз бүгін Ы.Алтынсариннің «Ата-әжеме хат» деген мәтінімен танысып, хат жазу үлгісін үйренеміз.

- Немересі.
- Онда немересі не туралы жазды деп ойлайсыңдар?
Б) Мәтінді мәнерлеп оқып беру. В) Мәтінді талдау.
- Кімнің болжауы тура келді?
- Хатты жазып отырған кім?
- Ол хат кімдерге арналған? Г) Хатты төрт бөлікке бөліп, ажыратып оқу.
- Хаттың басталуы.
- Назардың оқуы.
- Назарға айтқан атасының ақылы.
- Хаттың аяқталуы. Ғ) Сергіту минуты. Д) Мәтінді тізбектеп оқыту.
«Бүгін сабақта...»
-Қызық болды ма? - Не қиын болды?
-Мен не түсіндім? - Мен не үйрендім?
-Мен не істедім?

Сергіту сәті

Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

/Б.Бөрiбаев/


Ой толғаныс

Шығармашылық жұмыс. Әр қатарға хат жаздыру.

Үйге тапсырма

Ата әжелеріне аранп тағы да хат жазу


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау





Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады































Пәннің аты

Уақыты:14.01.17

Кабинет: № 24

Мұғалім: Орынбаева Г.Т.

Сабақтың атауы

Түйме-шашақ жасау

Мақсаты

Оқушыларға жіптен, тоқыма баудан иірілген жіптен модельдер жасауға үйрету. 2.Тілін, сөздік қорларын дамыту. 3.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: тақырыптық суреттер

Түрі: жаңа сабақ.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мақсат қою кезеңі. Түйме – шашақ жасау.

Түйме- шашақ жасау.

7-суреттер бойынша жіп қалдықтарынан түйме-шашақ пен күлтебас жаса.

77-78 беттегі суреттерге қарап берілген тапсырмаларды орындау.

Оқушының еңбегі, мұғалімнің көмегі

Оқушының өздігінен жасауы.

Жасаған түйме шашақтарды өз киімдеріне әдемі, сәнді етіп тағу.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Түйме шашақ жасау.

Жұмыстарын талдау.

Үйге тапсырма

77-78 бет. Түйме –шашақ жасап келу.


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Picture 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
873
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі