Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жұбымыз жарасқан әріптестерміз
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«ЖББ А.Оразбаева атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: «Жұбымыз жарасқан әріптестерміз»
Өткізген: Шалғынбаева М.Қ
Шараның атауы: «Жұбымыз жарасқан әріптестерміз» тренинг сабағы
Мақсаты: Педагогтердің позитивтік көңіл-күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, бір-біріне деген құндылықты ояту, сергектік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру және ұжымды ауызбіршілікке шақыру
Керекті құрал-жабдықтар: А4 форматы, маркер, жіп, қайшы, түрлі-түсті карточкалар, доп.
Контингент: педагогикалық ұжым
I. Кіріспе. Психолог сөзі. «Дәстүрлі емес сәлемдесу» ойыны
II. «Сіз қандай жұмыскерсіз?» проективті әдістемесі
III. «Сіздің адам тани білу мүмкіндігіңіз қандай?» тесті
IV. «Лабиринт немесе жіптік курс» тренингі
V. «Ат арба» тренингі
VІ. «Жақсы тілек-жылы жүрек»қорытындылау сәті
Психолог сөзі: Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Мен сіздермен қазір психологиялық тренинг сабағын жүргіземін. Бүгінгі тренинг сабағына қош келдіңіздер! Бұл психологиялық тренинг сіздердің бір жылғы оқу жылы бойында жағымды көңіл-күйде жүрулеріңізге арналған. Бүгін шамамыз келгенше жалпы ұжымдық көңіл-күйді көтеруге тырысамыз. Ол үшін біз өзімізге сенім мен үміт ұялатып, жылы шырай танытсақ, барлығы ойдағыдай болады.
I. «Дәстүрлі емес сәлемдесу» ойыны
Топ мүшелері ортаға шығып, шеңбер құрып тұрады. Содан соң жүргізуші сәлемдесудің ерекше бір түрімен қасындағы адаммен сәлемдеседі. Қалған қатысушылар бірін-бірі қайталамай, ерекше сәлемдесу тәсілін ойлап тауып, көршісімен амандасуы тиіс. Ойын осылайша жалғасады.
II.«Сіз қандай жұмыскерсіз?» проективті әдістемесі
Сіз қандай жұмыскерсіз?
Олай болса келесі жаттығуымыз «Сіз қандай жұмыскерсіз» деп аталады.
Мына суретте аттың сұлбасы салынған. Сіздің міндетіңіз – суретті аяқтау, жануарлардың барлық сыртқы мүшелерінің суретін толықтырып салу және айналасын әсемдеу. Атқа керекті жағдайды жасаңыз.
Егер сіз аттың сыртқы негізгі бөліктеріне көңіл аударсаңыз (жалына, тұяғы мен құйрығына) онда сіз еңбек ете білесіз. Бірақ іскер емессіз.
Егер сіз аттың бет-әлпетіне көп назар аударсаңыз (көзіне, аузына, мұрнына, кекіліне және т.б. суретін салсаңыз), онда сіз жұмысқа қияли қатынастасыз, сізде толықтай елесті үмітіңіз енді құралған және құбылмалы үміт. Мүмкін сіз жас шығарсыз, әлі тәжірибе жинай қоймаған боларсыз, онда уақыт келе сіздің қалыптасуыңыз қалпына келеді. Егер сіз ержеткен адам болсаңыз, онда ынтыққындығыңыз бұл мінездеріңіздің бір қасиеті.
Егер әрбір түгін салуға тырыссаңыз, болар-болмасқа көп көңіл аударсаңыз, онда аңғарпаздығыңызды көрсетеді, қарқынды жұмыс істегенді ұнатасыз, өзгеге де өзіңізге де ұқыпты және ұстамдысыз. Сізге сенім артуға болады, бастаған істі ешқашан аяқтамай қоймайсыз. Сізбен бірге жұмыс істеген өте қиын, барлығын өзіңіздің білгіштігіңізбен және ұсақ түйектеріңізбен шеттетесіз.
Егер сіз атқа өзіңіздің атыңызды, көгалда немесе егістікте орналастырсаңыз, онда сіз ыңғайлы жерде жұмыс істеуге ұмтыласыз, тәуелді болғанды ұнатпайсыз және бағынышты болғанды бағалайсыз.
Егер сіз атқа ауыздық немесе ертоқым салсаңыз, онда сізге қысыммен жұмыс ісеуден арылу керек, сіз кез-келген басшыға солай болуы тиіс деп бағынуға дайынсыз. Сіздің атыңыздың жібі қаншалықты ұзын болса, онда ауыр және ыңғайсыз жағдайда жұмыс істеуге үйренгенсіз. Мүмкін сіз, басқаша болатынын өзіңізге елестете алмайтын да шығарсыз.
Егер сіз аттың үстіне адамды салып қойсаңыз, онда берілген бұйрықты орындауға үйренгенсіз, өз бетіңізбен жұмыс істеуге әдеттенбегенсіз. Сізге біреудің басшылық жасағаны, жай тапсырма беріп қоймай белгілі бір жұмыс түрін тапсырғаны ұнайды.
III. «Сіздің адам тани білу мүмкіндігіңіз қандай?» тесті
Күнделікті өмірде біздің әрқайсысымызға бір-бірімізді бағалау қажет болады. Оны үйрену оңай емес әрине, дегенмен мына ұсынылған тесттің көмегімен өз мүмкіндігіңізді байқап көруге болады. Олай болса біз адам тануда қаншалықты шатасады екенбіз, өзімізді тексеріп көрейік.
Нұсқаулық: көп ойланбай ұсынылған нұсқалардан, өз көзқарасыңызға сәйкес бір жауапты белгілеңіз де, алған ұпайларды есептеп, нәтижесін көріңіз.
Сұрақтар
1. Сіздіңше әрқашанда ізетті, мәдениетті адамдар олар.....
а) өте сыпайы, сүйкімді жандар
б) қатаң тәрбиеленген адамдар
в) жылпос, қулар деп есептеймін
2. Сіз білетін, өзара ешқашан ұрысып-керіспейтін ерлі-зайыптылар одағы, сіздіңше олар...
а) өте бақытты жандар
б) бір-біріне немқұрайлы жандар
в) бір-біріне сенбейтін жандар деп есептеймін
3. Сізге біреу бір көргеннен қалжыңдап, қызықты анекдоттар айтты, сіз ойлайсыз...
а) өткір, жұғымды адамдар
б) өзіне сенімсіздік белгісі, кемшілігін бүркемелегені
в) жағымды көріну, тіл табысу үшін деп есептеймін
4. Сіз біреумен қызықты тақырыпта әңгімелесіп отырсыз, ол қолдарын ербеңдетіп қызу сөйлеп отыр, сіз ойлайсыз..
а) толқып, беріле айтқаннан
б) жалғандық, солай көріну үшін
5. Сіз таныс біреуді жақынырақ білгіңіз келді, не істейсіз?
а)онымен отырысқа, қонаққа бару не шақыру керек
б) оның іс-әрекетін, жұмысын бақылаймын
6. Ресторанда жаныңыздағы біреу қызметшіге көп ақша тастады, сіз ойлайсыз?
а) өзін көрсету үшін
б) қызметшіні өзіне бағындыру үшін
в) ақкөңілділіктен деп есептеймін
7. Өздігінен ешқашан әңгіме бастамайтын тұйық адам туралы, сіз не ойлайсыз?
а) күмәнді адам немесе сөйлегісі келмей отыр
б) өте ұяң, қысылады
в) өзіне сенімсіз, қысылып отыр деп
8. Сіздіңше тар маңдайлы болу бұл...
а) ақылы аз, білімсіздік белгісі
б) бірбеткей адамдардың белгісі
в) оған байланысты еш нәрсе жоқ деп есептеймін.
9. Сөйлескенде көзге тура қарамайтын адамдар, олар
а) жасық, өзіне сенімсіз жандар
б) тайғақтық(сенімсіздік ұялатады) белгісі
в) ұяң, бейтарап (бөтен ойы жоқ адам деп есептеймін)
10. Бай әулетті болса да, үнемі арзан заттар алады, сіз ойлайсыз?
а) ынсапты, қанағатшыл
б) өте қарапайым
в) сараң, өзіне қимайды екен деп ойлаймын.
Кілті:
№ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
А |
2 |
2 |
1 |
4 |
1 |
4 |
2 |
1 |
1 |
4 |
Б |
4 |
1 |
2 |
1 |
2 |
2 |
4 |
2 |
4 |
2 |
В |
1 |
4 |
4 |
|
|
1 |
1 |
4 |
2 |
1 |
35 ұпай
Сіз адамдарды тани білесіз, бір көргеннен-ақ кімнің кім екенін бірден білесіз және шқашан қателеспейсіз. Сізді ешкім ешқашан алдап, арбап, пайдалана алмайды.
26-34 ұпай
Сіз не нәрсені әрқашан дұрыс шамалайсыз, сізден жақсы психолог шығар еді, бірақ кейде қателесіп жатсаңыз оны тез мойындағаныңыз жөн. Қателеспейтін адам болмайды ғой.
16-25 ұпай
Сіз әрнәрсеге жеңіл қарап, тез, ойланбай қорыта саласыз, өзіндік ойыңыз да жоқ. Көбінесе біреудің айтқаныына ілесе кетеді екенсіз. Сабыр сақтап, байқап көріңіз!
Мүмкін ол сізге ең жақсы, жақын дос-жар адам болып шығуы да ғажап емес қой.
IV. «Лабиринт немесе жіптік курсі»тренингі
Нұсқаулық: құрметті әріптестер ең алдымен шеңбер болып тұруларыңызды өтінемін, содан соң мына жіптің бір шетінен ұстап келесі әріптесіңізге жалғаңыз. Жіпті бірінші шеңбер бойымен айналдырған кездес өз бойларыңыздағы жағымды қасиетіңізді айта отырып, келесі адамға ұсыныңыз. Ал кері айналған сәтте бойыңыздағы жағымсыз қасиеттен арылу мақсатында жағымсыз қасиетіңізді айтып ары қарай торды құрамыз. Енді мен осы тоқылған тордың үстіне қарындаш қоямын. Сіздерге тапсырма мына қарындашты жерге түсірмеуге тырысыңыздар. Бұл сіздердің араларыңыздағы қарым-қатынастың, ауызбіршіліктің деңгейін сипаттайды. Бұл тренингтің мақсаты: егер жіптің бір ұшы шығып кетсе, тор бұзылатыны сияқты, сздің бір адаммен араңызда болған кикілжің барлық ұжымға жағымсыз әсер ететінін түсіндіру болатын.
V. «Ат арба» тренингі
Педагогтар өзара тұрып ат арба құрастырып шығулары керек. Ат арбаны құрасыру арқылы олар жылдамдыққа, ауызбіршілікте болуға үйрене отырып, ойдың дамуына ықтимал жасайды. Олар бірігіп тұрып берілген уақыт ішінде ат арбаны ойлап, бірігіп жасап шығуы керек. Бірі көш бастар жылқы, бірі ауыртпалық көтерер арба қорабы немесе шанағы, бірі тіпті үнемі белсенділік көрсетіп, демеуші болар бағанасы болуы қажет. Бұл тренинг арқылы біз, ұжымды ауызбіршілікке шақыра отырып ұйымдастырушылық қабілетті дамыта аламыз. Мен сіздерге ат арба құрастыру туралы нұсқау айтқаныммен кімнің қай міндетті атқаратынын өздеріңіз шештіңіздер. Ал енді осы міндеттерге байланысты қандай сізге қандай сипаттама берілетіндігіне назар аударайық.
Ат – ойын барысында аттың рөлін сомдаған адамдар көбіне өздері лидерлікке жақын жүретін адамдар болып есептеледі. Әрқашанда көш бастап, тобын үнемі ілгері алып жүретіндер.
Ат үстіндегі бағыт беруші – ол үнемі қол астындағыларға және қасындағы адамдарға бағыт көрсетуге ешқашан жалықпайтын адамдар.
Арба қорабы – ол әрқашан барлық ауыртпалықты алып жүріп, кейін көрінбей, еленбей қалыпта жатады. Ол адамдар өздері де көпшілік ортаға шыққанды жақтыра бермейтін адамдар.
Арба қорабындағы адам – ол лидер болып келеді. Бірақ, бұндай адамдар көбіне жасалатын жұмысты өздері жасай бермейді. Кейде жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүріп кететіндері де болып жатады.
Арба бағанасы – ойын барысында ат ат бағанасының рөлін ойнаған адамдар бұл жауапты рөлдегі адамдар. Олар үнемі достары тарапынан айтылған сөзді жерге тастамай көмектесіп, қол ұшын беретін адамдарды айтуға болады.
Арбаның 4 дөңгелегі – оларға ауыртпалық түскенімен лидерлікке жақын емес адамдар. Көбіне лидер адамның айтқанымен жүріп тұрып, өз ойын ашық білдіре алмайтын адамдар болып жатады.
VІ. «Жақсы тілек-жылы жүрек»қорытындылау сәті
Құрметті әріптестер уақыт бөліп тренингке қатысқандарыңызға ең алдымен рахмет!. Енді осы бүгінгі тренинг сабағы барысында алған әсерлеріңізбен бөлісе отырып, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді айту үшін «Жақсы тілек-жылы жүрек» сергіту сәтіне кезек берейік. Мына жұмсақ жүрекшені құшағыңызға қыса отырып, қасыңызда тұрған әріптесіңізге жылы лебізіңізді айтып, жүректі ұсыныңыз. Ойын осылайша жалғасады.