Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жүйе
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тоқсандық жиынтық бағалаудың
спецификациясы
«Қазақ әдебиеті»
8-сынып
МАЗМҰНЫ
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты .................................................................. 4
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар ......................... 4
-
Күтілетін нәтижелер ................................................................................................................. 4
-
Ойлау дағдыларының деңгейі ................................................................................................. 5
-
Жиынтық бағалауды өткізу ережесі ........................................................................................ 5
-
Модерация және балл қою ....................................................................................................... 6
-
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ....................... 7
-
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ..................... 11 9. 3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ..................... 15
10. 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ................... 19
-
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
-
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы
-
Күтілетін нәтижелер
-
әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, фольклорда халық тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену ерекшеліктерін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі, өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндердің фрагменттерін (таңдауы бойынша) жатқа біледі; оқылатын шығармалардан дәйексөздерді біледі;
-
ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін; әдебиеттің мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретіндегі рөлін; адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем шығармалардағы бейнелі суреттеулерді, шығармаларда ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді;
-
әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша әңгіме құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогын (оқығанының негізінде) дайындау – кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, өз бетімен оқыған кітапқа шағын жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, АКТ қатыстыра отырып, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру процесінде; өзі үшін өзекті оқу ортасын анықтау және көркем шығармаларды бағалау; пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу; қажетті ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және дағдыларын; оқытылатын шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды; өзекті проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; өз ойын білдіру, мәдени ісшараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады;
-
оқығанына өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әртүрлі жанрда бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма композициясының, сюжет ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің ісәрекетін және амалдарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды әлем әдебиеті туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады;
-
көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау; фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстыру; әртүрлі жоспарлар құру үшін; әртүрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін және дағдыларын жинақтайды; шығармалардағы құндылықтарды қазақ және басқа да халықтардың құндылықтарымен өзара байланыстырады;
-
оқылған шығарманы композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі және қойылған коммуникативті міндеттерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан; өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.
-
Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы |
Ойлау дағдыларын ың деңгейі |
Сипаттама |
Ұсынылатын тапсырмалар түрі |
Түсіну және жауап беру |
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
|
Таңдауды қажет ететін сұрақтар |
Анализ және интерпретация |
қатынасындағы тілдік көріністі талдайды;
параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды;
|
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
|
|
Бағалау және салыстыру |
бағалайды;
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
-
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсандық жиынтық бағалау кезінде кабинеттегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдардың (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) бетін көрінбейтіндей етіп жабу;
Тоқсандық жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлау;
Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын
ескерту;
Нұсқаулықпен таныстырылып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы ескерту;
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру;
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізу;
Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескерту;
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің, штрих сұйықтығын қолданудың орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыну;
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюын өтіну.
-
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Түсіну және жауап беру - 10 минут
Анализ және интерпретация - 10 минут
Бағалау және салыстыру - 20 минут
Балл саны - 30 Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапс ыр ма |
Қамтылатын мақсаттар |
Тапсырма түрлері |
*Тапсырмалар сипаттамасы |
*Орындау уақыты, минут |
Балл |
1-5
|
8.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау 8.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану |
Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар |
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. |
10 |
5 |
6-8
|
8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау 8.2.2.1 Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарымқатынасының тілдік көрінісін талдау; |
Толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар |
Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. |
10 |
15 |
9 |
8.3.3.1 Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу |
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады. |
20 |
10 |
Барлығы |
40 минут |
30 |
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 9 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Мысал үлгілері және балл қою кестеcі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
-
«Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» төмендегі жырлардың қайсысымен мазмұндас екенін белгілеңіз.
А) «Манас» жыры
В) «Ер Тарғын» жыры
С) «Алпамыс батыр» жыры
-
«Қобыланды батыр» жыры
[1]
-
Ахмет Йассауидың «Даналық кітабындағы» тарихаттың мәнін анықтаңыз.
А) Мұсылмандық жолы
В) Құдайға құлшылық ету С)Ғылым-білім
-
Сопылық ілімнің негізі
[1]
-
А.Йассауи сақтандырған 5 нәрсенің бірі – А) Тәкаппар болма
В) Мал табуға асықпа
С)Ұмытшақ болма
-
Дүние-мүлікті сатпа
[1]
-
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген нақылға Ақтамберді жыраудың «Балаларға өсиетіндегі» қай жолдары сәйкес келеді? А) Талпынып салдым егінді, Ішсін деп әркім тегінді. В) Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке. С)Әркім өзі талпынбақ, Басына бітер бағы үшін. D) Араз болсаң алты ауыз, Еліңе кірген әреке.
[1]
-
Шалкиіз ақын мықты батырларға ғана лайық сөзді қай жолдарда қолданды?
А) Жазылы, алтын, қол кескен Алдаспаным өзіңсің!
В) Сен - алтынсың, мен - пұлмын,
Сен - жібексің, мен - жүнмін,
С)Жоғары қарап оқ атпа, Жуық түсер қасыңа.
-
Алп, алп басқан, алп басқан Арабы торым өзіңсің.
[1]
2-БӨЛІМ
-
А. Йассауидың «Даналық кітабындағы» мына жолдардың мағынасына талдау жасаңыз, қорытынды шығарыңыз.
«Ишанмын деп түрлі асты теріп жейді, Жақсыларды көзге ілмей «мен, мен» дейді. Дүниемүлік алып барса сүйсініп алады. Оллаһи-биллаһи менмендіктен өткен күнә жоқ». ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[5]
-
Шалкиіз жыраудың «Би Темірге бірінші толғауындағы» мына жолдарды қолдана отырып, автор туралы пікіріңізді білдіріңіз. Сен - алтынсың, мен - пұлмын,
Сен - жібексің, мен - жүнмін,
Сен - сұлтансың, мен - құлмын,
Сен - сұңқарсың, мен - қумын,
Жемсауыңа келгенде,
Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!
Саған дұспан - маған жау,
Керекті күні алдында
Ғазизленген сұлтан жаным аяман!!
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[5]
8. Ор қояндай жүгінтіп, Аш күзендей бүгілтіп,
Жолбарыстай шұбарды
Таңдап мінер ме екеміз?!
Сол шұбарға мінген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Қол төңкерер ме екеміз?!
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екеміз?! – деген жолдардағы Ақтамберді жыраудың бейнесін талдаңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[5]
3-БӨЛІМ
9. «Қорқыт ата нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні неде?» тақырыбында Қорқыт нақылдарының көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз. ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[10]
Балл қою кестесі
№ |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпараттар |
Материалды жүктеу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |