Жүйке жүйесі бөлімі бойынша зерттеу сабақтары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүйке жүйесі бөлімі бойынша зерттеу сабақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтар топтамасы бойынша күнделікті сабақ жоспарын дайындауда мұғалімнің әдіс- тәсілдерін жинақтау және қолдану нәтижелері.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша жүргізілген зерттеу сабағының сараптамасы

Биология пәні бойынша орта мерзімдегі жоспарға сәйкес құрылған

7 «А» сыныбында өткізілген сабақтарымның тақырыбы

«Координа-ция және реттелу» тарауы бойынша құрылды.

Мен біліктілік курстағы алған білімдерімнің негізі болып саналатын оқытудағы әдіс-тәсілдерді сабағымда қалай пайдаланып, қалай жоспарлағанымды ой елегінен өткізбек мақсатында, өз алдыма міндет жүктеп отырмын. Сол себептен осы тақырыпты талқылап, қаншалықты оқушыларыма тақырып бойынша мәлімет бере алдым ба? деп ойландым. Сабақты зерттеу негізіне сабақтың мақсатында көрсетілгендей оқушылар нені білу керек, жүйке жүйесінің жіктелуін, құрылысын және ең негізгі тұйіні олардың қызметін санасына сіңіру, жеткізу керек деп жоспарлаған болатынмын.

Әр сабағымда оқушыларға психологиялық ахуал туғызу мақсатында тренингтер, пікірталас, ой толғаулар өткізуге тырыстым. Мысалы «Жүйке жүйесінің маңызы,құрылысы және қызметі» тақырыбында өткізілген сабақта интерактивті тақтаның көмегімен «Көңілді көңіл күй сыйлайық» деген слайдты пайдалана отырып психологиялық тренинг жүргіздім.

Осы арқылы оқушыларға адамдардың ерекше көңіл күйі өз бойларындағы ерекше жақсы қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды деген тұжырымға келдім. Бұл іс- әрекет арқылы сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға тырыстым.

Әр бала өз бойындағы құндылықтарын біле отырып, қоршаған ортаға деген мейірімділік, жанашырлық сезімдерін шыңдауы керек.

Осы мақсатта оқушылар бір-біріне қарама қарсы тұрып смайликтегі көңіл күйді бір –біріне сыйлайды. Осының нәтижесінде сыныптағы оқушылар өздерін еркін ұстап, көңіл күйлері көтеріліп, сабаққа деген ынталарының пайда болғандығы анық байқалды,бұл әрине мені қуантты.

Содан кейін оқушыларды сол жұптарымен отырғызып «Жылдам сұрақтар» әдісі бойынша үй тапсырмасына шолу жасалды.

Сабақтың келесі сатысында жұптық жұмыстар жүргізу негізінде, интерактив тақтадағы жасырын кластер құрастыру әдісін тақтадағы плакат арасындағы байланысын көрсету мақсатында жұптық тапсырма орындалды.

Менің сабақтарымда қолданған әдіс-тәсілдердің ішінде көп дамыған бағыт «Сыныпта диалогтік әңгімені дамыту». Бұл бағытты алу себебім оқушыларым өз ойларын жеткізуге, сөйлеуге қиналатынын байқадым, осыған байланысты оқушы бойында өзіне сенімділік, сыни ойлау, дұрыс шешім қабылдай білу қаблеттерін дамытуға тырыстым.

Бұған дәлел осы сабақтағы жаңа ақпаратты игеру

«Жұптасып-ойлан,бөліс» тәсілі негізінде жүргізіліп, кітаптағы мәтін мәліметінен алынған ақпараттарды плакат және сызбанұсқамен ұштастыра отырып орындалып қорғалды.

Бұл әдістерді ұтымды пайдалану арқылы «Диалог негізінде оқыту және оқу» педагогикалық тәсілі көрініс тапқандай болды. Соның ішінде көңіл аударғаным, оқушының тақырыпты меңгергенін тексеру үшін сүрақ қою маңызды дағдылардың бірі екен, себебі сұрақтың дұрыс қойылуы сабақ берудің тиімді құралына айналатындығына көзім жетті.

Сабақ барысында әріптестерім сыныптағы жақсы және орташа деңгейде үлгіретін оқушылардың танымдық деңгейлеріне бақылау жүргізіп, өз кезектерінде бағалай алды деп ойлаймын

Бұл зерттеулер маған және менің әріптестеріме не берді деген ойға көп нәрсеге жауап алуға болатынын түсіндім. Себебі оқушыны әр қырынан бақылай отырып мынадай ой түйдім:

-Оқушым өз ойын ашық білдіруге,білгенін ортаға салуға қорқа соғатындай жасқаншақтық қасиеттерінің бары анықталды;

-Сонымен қатар оқушымның ештемеден тайсалмай жартылай біле тұрып өз ойын толық жеткізуге тырысатындығын;

- Оқушымның білім қорының анағұрлым молдығына қарамастан өзіне сенімінің аздығын байқағандай болдым. Міне осындай түйіндемелерден кейін мен келесі сабақтарымның құрылымын ой елегінен өткізе отырып жасаймын деген тұжырымға келдім.

Сабақты қортындылау мақсатында оқушылардың өздерінің көмегімен тәжрибе жұмысы жасалып жүйке жұмысының қызметін және маңызын анықтайтын сұрақтар аясында мәліметтер жинақталып сабақ пысықталып қортындыланды

Сабақ жоспары бойынша жасалған бағалау,кері байланыс парағы толық қамтылмай қалды, яғни уақытты ұтымды пайдалану сәті нәтижесіз болды.

Сабақ соңынан әріптестер тарапынан кемшіліктер мен ұсыныстар жасалып, келесі сабақ жоспарын қуруға ақыл- кеңестерін берді




Биология пәні мұғалімі: Нұрмаканова С.Т.




















Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

Координация және реттелу

Сабақтың тақырыбы:

Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі.Нейронның құрылысы.Рефлекс,рефлекторлық доға.(Зертханалық жұмыс)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.7.2 - жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін атау;

7.1.7.3 - жүйке жасушасының компоненттерін анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Жүйке жүйесінің құрам бөліктерінің маңызын біледі.

Көпшілік оқушылар үшін:

Жүйке жүйесінің қызметін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Нейронның құрылыс мен қызметін түсіндіреді және сипаттайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу.Сабаққа жақсы көңіл күй тудыру. «Көтеріңкі көңіл-күй» тренингі

Бір-біріне қарама- қарсы тұрып инербелсенді тақтада көрсетілген смайликтер кейпін салады, сәттілік тілейді.

Жаңа сабаққа кіріспе


«Миға шабуыл» әдісі арқылы

1. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Жылдам сұрақтар» топтамасы сұрақтар тізбегіне жауап беру.






Оқушылар біріненсоң бірі сұрақтар тізбегіне жауап береді

1.Жүйке жүйесінің негізгі рөлі қандай?

2. Жүйке жүйесі қандай бөлімдерге бөледі?

3. Жүйке ұлпасының жасушаларын атаңдар?

талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы


Мағынаны тану

(жұптық жұмыс)


Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

«Жұптасып –ойлан,бөліс» әдісін пайдаланып

-1жұп Жүйке жүйесін жіктеу

- 2жұп: ЖЖ құрылысын анықтау

3 жұп:ЖЖ маңызын ашу


Әр жұп постер қорғайды

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады


Оқулықтан оқиды

Өз беттерімен оқу,жұппен талқылау. Соңында жұппен шығып ойларын қорытып дәлелдеу

постер құру

Бағалау парағы беріледі

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Жүйке ұлпаларын түсіндіреді.

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып жүйке ұлпалары туралы видеоролик көреді.

Ой толғау

2 Зертханалық жұмыс жүргізе отырып тақырыптың маңызын ашу

«Тізе рефлексін анықтау»

1-Тапсырма

1.Суретте нейрондар бейнеленген. Оларды 1-4 сілтемелер бойынша атайды.

2.Суреттен жүйке ұлпасы жасушаларын анықтайды.



Берілген тапсырманы орындап жауабын жазады

Өздерін-өздері бағалау парағына

бағалайды.



Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Суретпен жұмыс жасайды.

ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-Тапсырма.

Кестедегі нейрондардың қызметі мен түрін сәйкестендіреді.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Кестемен жұмыс жасап дұрыс жауаптарын сәкестендіреді.

ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді.

Оқушылар «Бір ауыз сөз»

әдісі арқылы оқушылар өз пікірлер мен эмоцияларын стикерлерде білдіре алады





Қысқамерзімді жоспар


Бөлім:

Координация және реттелу

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын.. Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.7.4 - орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдерін атап бере алады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Адамның миын сипттап түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін біледі

Оқыту әдістері

Оқу мен оқудағы жаңа тәсілдер Уақыт шеңбері» диалогтық оқыту, «Ротациялық сұрақтар» әдісі

СТО «Фишбон» немесе «Балық қаңқасы» әдісі

Бағалау парағы

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

«Жүйке жүйесінің құрылысы» тақырыбына жалпы шолу: «ашық», «жабық» сұрақтарға жауап беру «Уақыт шеңбері» диалогтық оқыту әдісі. Оқушылар дөңгелене отырып,ортасындағы мұғалім сұрақтарына допты қағып ала отырып жауап береді,сол арқылы үй тапсырмасы тексеріліп жаңа сабақпен байланыс жасалынады.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі


Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Жүйке жүйесінің қызметі» тақырыбына «Ротациялық тапсырмалар» әдісі арқылы ауыспалы түрде сұрақтарға жауап беру, яғни «Қызыл плакат» және «Көк плакат» тапсырмалары;


Жаңа сабақты меңгеруге дайындық

Барлық оқушылар кезектесе отырып «Қызыл плакат» және «Көк плакат» сұрақтарына жауап береді

1.Адам миының самағы қанша?

2.Мидың негізгі үш бөлігін ата?

3.Сопақша миды сипатта.

4. Ми қайда орналасқан?

5.Сопақша мидың қызметтері қандай?




постер құру



Берілген тапсырманы орындап жауабын жазады

Өздерін-өздері бағалау парағына

бағалайды.


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.



(жұптық жұмыс)





Ой толғау


«Жұлынның құрылысы» видеоролик

«Фишбон» немесе «Балық қаңқасы»

Қорытынды жасатады.Анықтамасын өздеріне айтқызып, жаңа материалды өздеріне меңгертеді Әр топ постер қорғайды



Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады


1-жұп: Мәтінді оқып «Балық қаңқаның басында» мәтінде қарастырылатын проблемалық сұрақ,яғни жұлын туралы мәлімет жинақтау және «жоғарғы бұтақтарына» проблеманың себебі, ол жұлынның құрылысын танып білу белгіленеді,

2-жұп: төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер,яғни жұлынның қызметін талдайды және балықтың «құйрығында» қорытынды жазылады

осы жоспар бойынша топта жұмыс жасалынады

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

Адамның миының негізгі бөлімдерін сипаттайды.

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып Жұлынның құрылысы мен қызметтері туралы видеоролик көреді.

Жеке жұмыс

Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-Тапсырма

1.Ми діңінің атқаратын қызметтерін тадайды.

2.Суреттегі сілтемелерге байланысты ми бөлімдерін атайды.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Кестені толтырады және қызметтерін талдайды.

2. Суреттермен жұмыс жасайды, сілтемелерді атайды.

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Бағалау парағы беріледі

Қортынды бақылау тестіне дайындалу

«Қабырғадағы роль» әдісі оқушыларға стикерлер таратылады..

. Оқушылар «Қабырғадағы роль» әдісі арқылы оқушылар өз пікірлер мен эмоцияларын стикерлерде білдіре алады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
222
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі