жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жүйке жүйесінің бөлімдері
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесінің бөлімдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жүйке жүйесінің бөлімдерін таныстыру. Жұлынның маңызы, құрылысы мен қызметі, шартсыз рефлекстің рөлі туралы оқушыларға білім беру
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын талап ететін тапсырмаларды пайдалана отырып интелектуалды қабілеттеріндамыту; Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, танымдық белсенділігін, өз бетінше білім алу, саралау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге, денсаулықты күтуге, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: жүйке жасушалары мен ұлпалары, жүйке жүйесінің бөлімдерінің, жұлынның құрылысы көрсетілген презентация; Сабақ типі: Аралас.
Іс - әрекет түрлері:жеке жұмыс, топпен жұмыс, оқулықтағы суреттерді, кестелерді пайдалана отырып жұмыс дәптерлеріне тірек - сызбанұсқаларын құру.
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеу.
Оқушыларды топқа бөлу: «Анатомия», «Физиология», «Гигиена».
Бағалау парағын таратып, топ басшысын бекіту және міндеттерін түсіндіру.
Үй тапсырмасы бойынша жұмыс
А) Қызығушылықты ояту. Ой шақыру
Әр топқа сұрақтар қойылады.
«Анатомия» тобының сұрақтары:
1\Нейрон – жүйке жасушасы
2\Аксон – нейронның ұзын өсіндісі
3\Дендрит – нейронның қысқа өсіндісі
4\Рецепторлар – сезімтал аксонның талшықтары
5\ Сұр заты – нейрон денелерімен қысқа өсінділерінің жиналуы ми мен жұлының сұр затын құрайды
«Физиология» тобының сұрақтары:
6\Ақ зат – май қабығымен қапталған ұзын өсінділер
7\Сезімтал нейрондар – орталыққа тепкіш
8\Қимыл – қозғалыс нейрондар-орталықтан тепкіш
9\Аралық нейорндар – өткізгіш
10\Синапс – нейронның бұлшықет талшығымен түйісуі
«Гигиена» тобының сұрақтары:
11\Нейроглия -
12\Нейрон -
13\Рефлекс – орталық жүйке жүйесімен іске асырылатын және басқарылатын,сыртқы немесе ішкі тітіркенгіштерге жауап реакциясы
14\Рефлекс доғасы – жүйке импульсі өтетін жол
15\Тізе рефлексі – ең қарапайым рефлекс
Б) Биологиялық диктант.(Ұжымдық жұмыс, тақтада орындау).
1.Нейрон денелері мен қысқа өсінділердің топтасуы (ми мен жұлынның сұр затын) құрайды.
2.Ақ май қабығымен қапталған ұзын өсінділер – аксондар (ақ затты) түзеді.
3.Нейронның ұзын өсінділерінің тармақталуы жүйке ұштарын – (рецепторлар) құрайды.
4. Нейрондар: (сезімтал, қозғалтқыш, аралық ) бөлінеді.
5. Жүйке жасушалары: (денесінен, өсінділерден, жүйке ұштарынан) тұрады.
3. Жаңа сабақ
Өздігімен тақырыпты меңгерту:
|
«Анатомия» тобы |
«Физиология» тобы |
«Гигиена» тобы |
|
Жүйке жүйесінің бөлімдері және жұлынның құрылысы туралы сызбанұсқа құрастыру; Жүйке жүйесі • Орталық - ми - жұлын • Шеткі - соматикалық - вегетативті - симпатикалық - парасимпатикалық |
Жұлынның қызметі туралы кластер құрастыру; Ж
Рефлекстік Өткізгіштік |
«Жұлын зақымдануының адам өміріне қауіптілігі» жайында БАҚ-тан алынған мәліметпен танысып, қысқаша жазба түрінде көрсету; |
Жүйке жүйесін орталық және шеткі деп үлкен екі топқа бөледі. Орталық жүйке жүйесіне – ми мен жұлын жатады. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан таралатын жүйкелер мен жүйке түйіндерінен тұрады.
Жүйке жүйесі 1-ми; 2-жұлын; 3-
жүйкелер
Жүйке жүйесінің қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін бөлімі сомалы (грекше «soma» – дене), ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлім вегетативті («vegeto» – қоздырамын) жүйке жүйесі деп атайды.Жүйке жүйесінің сомалы бөлімі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырады, тітіркендіргіштерді қабылдайды. Адам еркіне байланысты қозғалыстарды басқарады.
Жұлын – орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42–45 см, салмағы 34–38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылып жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік сайшалары (борозды) болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады.
Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан тарайтын жүйкелердіңқұрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлын жүйкелеріқолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін қозу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бір-бірімен қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де жойылады.
Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығының ұлғаю орталығы арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары – дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тынысалу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тынысалу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.
4.Қорытындылау
А) Сәйкестік тесті
|
1. Жүйке жүйесін ... және ... деп үлкен 2 бөлімге бөледі. |
А) орталыққа тебетін және орталықтан тебетін |
|
2. Орталық жүйке жүйесіне ... мен ... жатады. |
Ә) жұлын |
|
3. Цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан мүше. |
Б) орталық, шеткі |
|
4. Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде қанша түбірі болады? |
В) жүйке орталығы |
|
5. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа қанша жұп жұлын жүйкелері таралады? |
Г) 2 |
|
6. Жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығы - ... |
Ғ) ми, жұлын |
|
7. Жұлынның өткізгіштік қызметі қандай жолдардан тұрады? |
Д) 31 |
Жауаптары:
1-Б
2-Ғ
3-Ә
4-Г
5-Д
6-В
7-А
Б) «Сәйкестік» тесті
|
Нейрондар қызметі |
Нейрон түрлері |
|
1.Тітркенуді жүйке импульстеріне түрлендіреді. |
а)сезімтал ә)аралық б)қозғалтқыш |
|
2.Миға ішкі мүшелер мен сезім мүшелерінен жүйке импульстерінмберуді жүзеге асырады. |
|
|
3.Мида бір нейроннан екіншісіне импульстерін беруді жүзеге асырады. |
|
|
4.Жүйке импулстерін бұлшық етке, бездерге және басқа атқарушы үшелерге береді. |
Сәйкес жауаптарды жазыңдар
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма: § 13 сұрақтарына жауап беру, берілген тапсырмаларды орындау

1\Нейрон –
2\Аксон –
3\Дендрит –
4\Рецепторлар –
5\ Сұр заты –
«Физиология» тобының сұрақтары:
6\Ақ зат –
7\Сезімтал нейрондар –
8\Қимыл – қозғалыс нейрондар-
9\Аралық нейорнд
10\Синапс –
«Гигиена» тобының сұрақтары:
11\Нейроглия -
12\Нейрон -
13\Рефлекс –
14\Рефлекс доғасы –
15\Тізе рефлексі –
Б) Биологиялық диктант.(Ұжымдық жұмыс, тақтада орындау).
1.Нейрон денелері мен қысқа өсінділердің топтасуы _________________________ құрайды.
2.Ақ май қабығымен қапталған ұзын өсінділер – аксондар _________________________ түзеді.
3.Нейронның ұзын өсінділерінің тармақталуы жүйке ұштарын – _________________ құрайды.
4. Нейрондар: _______________________________________ бөлінеді.
5. Жүйке жасушалары: _______________________________________тұрады.
А) Сәйкестік тесті
|
1. Жүйке жүйесін ... және ... деп үлкен 2 бөлімге бөледі. |
А) орталыққа тебетін және орталықтан тебетін |
|
2. Орталық жүйке жүйесіне ... мен ... жатады. |
Ә) жұлын |
|
3. Цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан мүше. |
Б) орталық, шеткі |
|
4. Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде қанша түбірі болады? |
В) жүйке орталығы |
|
5. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа қанша жұп жұлын жүйкелері таралады? |
Г) 2 |
|
6. Жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығы - ... |
Ғ) ми, жұлын |
|
7. Жұлынның өткізгіштік қызметі қандай жолдардан тұрады? |
Д) 31 |
Б) «Сәйкестік» тесті
|
Нейрондар қызметі |
Нейрон түрлері |
|
1.Тітркенуді жүйке импульстеріне түрлендіреді. |
а)сезімтал ә)аралық б)қозғалтқыш |
|
2.Миға ішкі мүшелер мен сезім мүшелерінен жүйке импульстерінмберуді жүзеге асырады. |
|
|
3.Мида бір нейроннан екіншісіне импульстерін беруді жүзеге асырады. |
|
|
4.Жүйке импулстерін бұлшық етке, бездерге және басқа атқарушы үшелерге береді. |
Сәйкес жауаптарды жазыңдар
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген