400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын.

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәнінің мұғалімдеріне сабақты жоспарлауда көмегін тигізетін сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

7.3С Координация және реттелу Б.Сырттанов атындағы орта мектеп

Күні: 11.02.2019ж Мұғалімнің аты-жөні: Саудабекова Г.Қ.

Сынып: 7- сынып Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.7.4 - орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Жүйке жүйесінің жалпы бөлімдерінің сипаттамасын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Жұлынының құрылысын сипаттап бере алады.

Кейбір оқушылар:

Адам ағзасы үшін жұлынның маңызды қызмет атқаратынына мысалдар келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жүйке жүйесінің бөлімдерінің қызметін сипаттайды.

Жұлынның өткізгіштік және рефлекстік қызметін ажырата алады.

Қарапайым рефлекстерді жұлын атқаратынын тұжырымдайды баға, береді

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Жүйке жүйесінің бөлімдері, ОЖЖ, ШЖЖ, жұлын, өткізгіштік, рефлекстік

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясының өмір бойы білім алу, Еңбек және шығармашылыққа баулу

Пәнаралық байланыс

Координация және реттелуді дене шынықтыру пәнімен байланыстыруға болады


Алдыңғы білім

Жүйке жүйесінің қызметі мен құрылымдық компонентері туралы білімге ие


Сабақ барысы:


Сабақ кезеңдері


Сабақта жоспарланған сабақ түрлері

Ресурстар

Басталуы



7мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал. «Сәлемдесу»

Өткен тақырыпты пысықтау үшін

Оқушылар тақтадағы «Ия, жоқ» тапсырмаларын орындайды.

Дұрыстұжырымға ия деп, қате тұжырымға жоқ деп жазады.

№

Тұжырымдамалар

Иә

Жоқ

1

Нейрондар да жүйке импульстерін беруге қабілетті

+


2

Нейрон денесі мен өсінділерінен тұрады

+


3

Нейроның қысқа тармақталған өсіндісі аксон деп аталады.


+

4

Егер бірнеше аксон бірге жиналса, ортақ қабықшада болса, бұл жүйке деп аталады.

+


5

Дендриттер ақ зат түзеді


+

6

Жүйке ұлапалары негізгі үш қызметі бар


+

7

Жүйке ұлпаларының қосымша ұлпалары нейроглия

+


8

Нейрондар жүйке ұлпасының негізгі жасушасы

+


9

Жүйке ұлпалары қозғыштық және өткізгіштік қызмет атқарады

+




ҚБ: Оқушылар «Өзін-өзі» бағалайды

«Миға шабуыл» стратегиясы

«Жүйке жүйесінің бөлімдері және жұлынға байланысты» видеоақпарат көрсету.

Сыни сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Бұл көріністен не байқадыңыздар?

Бүгінгі сабақ не туралы деп ойлайсыздар?

Осы сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы ашылады,сабақтың мақсаты айқындалады.

ҚБ Мұғалім мадақтамасы

Суреттер, интерактивті тақта,

Бейнежазба,


Ортасы


20 мин





















Мағынаны тану.

«Джигсо» әдісі бойынша тақырыппен танысамыз және 3-топқа тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаларды орындап, «Джигсо» әдісі бойынша келесі топқа түсіндіреміз.

1 топ– жүйке жүйесінің бөлімдеріне «Графикалық органейзелер» құрады.

Дескриптор:

-Жүйке жүйесінің бөлімдерін атайды

-Графикалық органезелерді жүйелі түрде сызып көрсетеді



2 – топ сурет бойынша жұлынның құрылысын сипаттайды.






Дескриптор:

-Жұлынның құрылысын сипаттайды

-Сурет бойынша жұлынның құрылысын талдай алады


3 – топ«Кестені сөйлет » әдісі бойынша жұлын қызметін, ағза үшін маңызын талдау

Жүйке жүйесінің бөлімі

Атқаратын қызметі

Жұлын


Шеткі жүйке жүйесі


Сұр зат


Ақ зат


Жұлын тамыршалары


Аралас жұлын жүйкелері



Дескриптор:

-Жұлынның өткізгіштік және рефлекстік қызметін ажырата алады.

-Жұлынынң маңызын өмірмен байланыстыра алады


«Джигсо» әдісі орындалып болған соң мұғалім әр топтың өзіне берілген тапсырмасы бойынша емес, келесі топтардың тапсырмалары бойынша сұрақтар қояды:

1топқа:

Жұлынның құрылысы қандай?

Жұлынның ақ және сұр заты қалай орналасқан?

2-топқа:

Жүйке жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?

Қандай рефлекс доғсы жұлан арқылы өтеді№

3-топқа:

Жұлын тамыршасы қалай аталады?

Жұлынның қанша жұп аралас жұлын жүйкелері таралады.


ҚБ «Оқушы мұғалім ретінде бағалайды» Сыныптағы бір дарынды оқушы сарапшы ретінде әр топтың тапсырмаларын тыңдап жүреді және «Джигсо» әдісі орындалып болғансоң сарапшы оқушы ауызша кері байланыс айтады.

ҚБ Мұғалімнің әр түрлі мақсаттағы кері байланысы.


Оқулық

Кестелер

Суреттер

Аяғы

8 мин

Сәйкестік тесті (оқушылар жұптасып тапсырманы орындайды)

1. Жүйке жүйесін ... және ... деп үлкен 2 бөлімге бөледі.

А) орталыққа тебетін және орталықтан тебетін

2. Орталық жүйке жүйесіне ... мен ... жатады.

Ә) жұлын

3. Цилиндр пішіндіомыртқа жотасының

өзегінде орналасқан мүше.

Б) орталық, шеткі

4. Жұлынның сұр затының алдыңғы,

артқы бүйірінде қанша түбірі болады?

В) жүйке орталығы

5. Әр омыртқаның бүйір тұсынан

жұлыннан екі жаққа қанша жұп

жұлын жүйкелері таралады?

Г) 2

6. Жұлынның түрлі бөлімінде

орналасқан қандай да болмасын

мүшенің жұмысын реттейтін

жүйке жасушаларының жиынтығы - ...

Ғ) ми, жұлын

7. Жұлынныңөткізгіштікқызметіқандайжолдардантұрады?

Д) 31

Жауаптары: 1-Б 2-Ғ 3-Ә 4-Г 5-Д 6-В 7-А


ҚБ: «Дәптер алмасу» оқушылар бір бірінің дәптерін алмастырып дұрыс жауапқа қарап тексереді.Орындаған жұмыс бойынша көршісіне пікір айтады.

Пікірталас: «Егер мен невропатолог болсам» деген тақырыпқа оқушылар өз ойларын айтады.

Дескриптор:

-Адам ағзасы үшін жұлынның маңызына баға береді

ҚБ Мұғалімнің мадақтамасы. Қолдау көрсету.

Тест тапсырмасы

Кері байланыс

5 мин

«Бөлмедегі заттар»

Сабаққа рефлексия жасау үшін әр оқушы бөлмедегі бір жансыз заттың атын жазады. Қағаздар жиналып, әр оқушы бір қағаздан суырып алады да, сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы туралы сөйлейді. Мысалы: «Мен столмын. Бүгін маған тыныштық болмады. Алдымен, топқа бөліну үшін құлағымнан ұстап алып жан-жаққа сүйреледі.Мен бүгін «Жұлынның құрылысын білдім немесе Жұлынның қарапайым рефлекстерді атқаратынына мысал келтіре аламын.» т.с.с. жалғасып кете береді.




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетесіз? Сіз

басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Саралау ж саб барыс олд тапсырмалар арқылы жүзеге

Оқушылардың оқу дағдыларын және жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ мақсаттарына қол жеткізуге арналған саралау тапсырмалары «Графикалық органайзер», «Кестелер сөйлейді» әдісі арқылы жүзеге асты.

Оқушыларда бірлескен оқу «Джигсо» әдісі арқылы мәтінге талдау жасады және «Сәйкестендіру» арқылы салыстырмалы талдаулар және «Пікір талас» арқылы қорытынды, бағалау жасады.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Сабақтың өн бойында ҚБ жүреді

Сабақтың басында:

ҚБ Өткен білімдері бойынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Сабақтың ортасында:

ҚБ «Оқушы мұғалім ретінде бағалайды» Сыныптағы бір дарынды оқушы сарапшы ретінде әр топтың тапсырмаларын тыңдап жүреді және «Джигсо» әдісі орындалып болғансоң сарапшы оқушы ауызша кері байланыс айтады.

ҚБ Мұғалімнің әр түрлі мақсаттағы кері байланысы

ҚБ «Дәптер алмасу» арқылы бір бірін бағалайды.

Сабақтың аяғында:Кері байланыс: «Бөлмедегі заттар»

Денсаулық және техника қауіпсіздік техникасын сақтау

Пәнаралық байланыс: Координация және реттелуді дене шынықтыру пәнімен байланыстыруға болады

Сынып гигиенасын сақтау

Қауіпсіздік ережесін сақтау

АКТ құралдарын тиімді,уақтылы пайдалану


Сабақ бойынша рефлексия:

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы қол жетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарыңыздан ауытқу болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе ( оқу мен оқытуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді ( оқу мен оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
1582
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі