Материалдар / Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2024
156
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

«Координация және реттелу.»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 7 «Г»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.7.4 – орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру;

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар жүйке жүйесінің бөлімдері туралы түсініктерін кеңейту.

Білім алушылар жұлынның құрылысын анықтау.

Бағалау критерийі

  • жүйке жүйесінің бөлімдері туралы түсініктерін кеңейтеді.

  • жұлынның құрылысын анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин


І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Көңіл күй» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- бірінен көңіл-күйлерін сұрау арқылы психологиялық ахуал туғызады.

1-тапсырма. Өткен сабақты пысықтау

Есте сақтау карточкалары арқылы тексеру

Нейрон

Нейроглия

Нейрон денесі

Аксон

Дендрит




Оқушылар ұстазымен амандасады, көңіл-күйлерін сұрау арқылы психологиялық ахуал жасайды;



Оқушылар карточкадағы термин сөздерді ретімен айтып шығады.



Қалыптастырушы баға беру, ынталандыру т.б





Дескриптор:

Жалпы балл - 2 балл.

  • Өткен тақырып бойынша термин сөздерді атайды.

  • Термин сөздердің анықтамасын айтады.





Карточка






Ой қозғау сұрақтары

  1. Егер хирург ота жасаған кезде жұлынның алдыңғы және артқы өскіндеріне зақым келтіріп алса, не болады?

  2. Неге жұлын зақымданғанда аяқ сал болып, сезімталдық толығымен жойылады?

Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, ой бөліседі, өз білгенін айтады;



Дескриптор:

Жалпы балл – 1 балл

Сұрақтарға жауап береді









Жаңа сабаққа кіріспе

5 мин




Жүйке жүйесінің бөлімдері тақырыбында видео көрсетіледі.

  1. Жүйке жүйесі дегеніміз не?

  2. Жүйке жүйесі орналасуы бойынша неше топқа бөлінеді?


Оқушылар сұраққа жауап береді.


Қалыптастырушы баға беру, ынталандыру т.б


Бейнежазба

Жеке жұмыс

5 мин

  1. Тапсырма. Кестемен жұмыс.

Жұлын бөліктерінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты анықтап, кестені толтырыңдар.

Жұлын құрылысының бөліктері

Қызметі

Сұр зат


Ақ зат


Алдыңғы өскіндері (тамыршалары)


Артқы өскіндері


Жұлын жүйкелері



Оқушылар берілген кестені толтырады.

Қалыптастырушы баға беру, ынталандыру т.б


Дескриптор:

Жалпы балл - 2 балл.

- Жұлын бөліктерінің қызметін кестеге жазады.

- жұлынның құрылысын анықтайды.


Оқулық

Жұмыс дәптер


Топтық жұмыс


10 мин



2-тапсырма.

1 топ. Сілтеме табушылар. «Жұлынның құрылысы мен қызметі». (Мәтінді оқып, жаңа ұғымды табыңыз).

2 топ. Баяндаушы топ. «Жұлынның қызметі (оқулықтан мәтінді оқып, топпен талқылап, әр оқушы өз ойын ортаға сала отырып, флипчартпен ортаға қорғау).

3 топ. Ізденуші топ. Жүйке жүйесінің бөлімдері (оқулықтағы 8-сызбаны оқып талдау).

4 топ. Сұрақ қоюшы топ. «Жұлынның құрылысы мен қызметі» (мәтінді оқып, мәтін мағынасын ашатын сұрақтар құрастыру)

Оқушылар топ бойынша жұмыс істейді


2 жұлдыз, 1 тілек



Дескриптор:

Жалпы балл - 3 балл

- Мәтінді оқып, жаңа ұғымды табады.

- әр оқушы өз ойын ортаға сала отырып, ортаға қорғайды.

- жүйке жүйесінің бөлімдері туралы түсініктерін кеңейтеді.

- мәтін мағынасын ашатын сұрақтар құрастырады.

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар,

Ақ парақ


Бекіту сұрақтары

  1. Мин

  1. Жүйке жүйесінің бөлімдерін ата?

  2. Орталық жүйке жүйесіне не жатады?

  3. Шеткі жүйке жүйесіне не жатады?

  4. Жүйке жүйесінің бөлімдері атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?

  5. Жұлынның қызметін ата?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Дескриптор:

Жалпы балл 2 балл

Сұрақтарға жауап береді

Стикер

Сабақтың соңы

Рефлексия

5 мин


«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!