Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
• - жүйке жүйесінің қызметі мен оның құрылымдық компонентерінің атау • - жүйке жасушасының құрылымдық компоненттерін анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Координация және реттелу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • - жүйке жүйесінің қызметі мен оның құрылымдық компонентерінің атау

  • - жүйке жасушасының құрылымдық компоненттерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар орындай алады:

-жүйке жүйесінің қызметі мен құрылымдық компонентерін атау.

-жүйке жасушасының құрылымдық компоненттерін анықтау

Бағалау критерийлері

-Жүйке жасушасының құрылымдық компоненттерін анықтау және сипаттау;

-ЖЖ құрылымын сипаттау, қызметтерін атау;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Жүйке жасушасының құрылымдық компоненттері мен қызметін көрсетеді. Олар жүйке жүйесінің кем дегенде бір қызметін және өздерінің сөйлемдерінде жүйке жүйесінің екі бөлігін анықтайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

нейрон, импульс, рефлекторлық әрекет, ерікті жауап

психика, ми, диффузды (торлы), сатылы, түйінді, түтікті, жүйкелер.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

  1. Жүйке жүйесі қажет……...

  2. Жүйке жүйесі құралады ...

Құндылықтарды дарыту



құрмет: топтық және жұптық жұмыс кезінде барлық пікірмен санаса білу; өзгелердің пікірін тыңдай білу; орынды ұсыныстар айта білу.

ынтымақтастық: бірігіп іздену; бірге талқылау, талдау;

жауап нұсқаларынан дұрысын таңдауда ынтымақтастық таныту.

ашықтық: өз ойын ашық әрі тиянақты, түсінікті түрде жеткізе білу; ұсынған жауаптарына нақты дәлелдемелер келтіру; қарам-қайшылықтың шешімін іздеуде ұстамдылық тану;

Пәнаралық байланыстар

Координация және реттелуді дене шынықтыру пәнімен байланыстыруға болады

АКТ қолдану дағдылары

Сабақта оқушылардың АКТ құзыреттіліктері ноутбуктер арқылы интернет желісінен ақпараттар, графиктер қарау арқылы жүзеге асырылады.

Бастапқы білім


Тітіркенгіштік тірі организмдердің ерекшеліктерінің бірі болып табылады (6 сынып)
Жануарлар тітіркендіргішіне адамдар мен жануарлардың жауап беруі реакциясын танып білу (6 сынып)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

0-5 минут


І. Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылардың көңіл-күйін ауа-райының белгілері арқылы анықтауға болады (күн) Сабақ тақырыбын айқындау үшін сұрақтар қою.

Жаттығулар жасатып, сабақ тақырыбын анықтау

1.Жануарлардың (немесе адамның) қозғалысы қалай жүзеге асады? Қалаған қозғалысымызды қай жүйе жүзеге асырады?

2.Неліктен ағзы біртұтас болып қызмет атқарады?

3.Жүйке жүйесінің ағзадағы ролі қандай?

4.Нейрон қандай жүйенің жасушасы?

https://www.youtube.com/watch?v=3ILs_uu5arQ

(видео ұзақтығы 1:17 мин)

6-36 минут

Мұғалімнің түсіндіріп өтуі жөн.

Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары-нейрондар түзеді. Олар ақпаратты қабылдау,беру және сақтау қызметін атқарады.Жүйке жасушалары дене,өсінді және жүйке ұштарынын тұрады.

-Дендрит дегеніміз не?

-Аксон дегеніміз не?

Оқушыларға түсіндіріп өту.

«Нейрон және оның құрылысы мен қызметі» сызбанұсқаларын құрастыру.

Оқушылармен бірге сызбанұсқа құрастыру:

1. Жүйке ұлпасы – Нейрон – аксон және дендрит

Ұзын Қысқа

2. Нейрондардың типтері: сезімтал, аралық, қимыл


3. Жүйке жүйесі: орталық және шеткі

Ми мен жұлын жүйкелер, жүйке

ұштары, жүйке түйіндері


4. ЖЖ қызметіне қарай: Вегетативті (ішкі мүшелердің қызметін реттейді) және Сомалық (ағзаны сыртқы ортамен байланыстырады)


Оқушылар тәжірибе жүргізу арқылы жүйке жүйесінің қызметтерін атайды:

- жұмылған көзбен кеңістікті бағдарлау;

- тактильді сезімталдық (затты сипап-сезу арқылы іздеп табу);

- қолды тартып қалу (рефлекторлық доға).


Бұдан кейін оқушылар жүйке жүйесінің қызметі мен адам өміріндегі маңызын түсіндіреді.


Оқушылар ермексаз және нейрон құрылысының сызбасын қолданып, жүйке жасушасының құрылысын модельдейді. Нейрон бөліктерін (денесі, аксон, дендриттер және қабықша) атайды.


Оқулық 8 сынып Очкур У.А. және т.б (Алматы, «Мектеп», 2008), §8, 9, 14

Оқулық 8 сынып Алимкулова Р және т.б Алматы, «Атамұра», 2008), §7, 8, 13



Видеосабақтар сайты:

info@infourok.ru


Видеосабақтар

Биология 8 класс №8, 44

Бейнесюжеттер:

https://youtu.be/uNHye_1wukM

https://youtu.be/U5eYdwyH9hA

https://youtu.be/FWUYZG-avc8

https://youtu.be/Ro-ksMiZfbs


анатомия пәнінен сайттар: http://paramitacenter.ru/content/anatomy


биология пәнінен анықтамалық «Биологиядан кестелер, сызбалар, суреттер», Акимов С.С., «Лист», Москва, 1998

37-45 минут

Рефлексия

5 саусақ әдісі: кіші саусақтан бастап:

5-саусақ: ойлау. Мен бүгін қандай білім алдым?

4 – саусақ: мақсатқа жету. Мен бүгін қандай нәтижеге қол жеткіздім?

3- саусақ: көңіл – күй жағдайы. Менің көңіл – күйім қандай?. Бүгінгі сабақ маған қалай әсер етті?

2 - саусақ: көмек – қызмет көрсету. Мен бүгін кімге көмектестім?

1- саусақ: белсенділік таныту. Менің белсенділігім қандай болды? Қажетті білімді алдым ба?


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2025
130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі