400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, темекі және наркотикалық заттардың әсерін түсіндіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Зиянды заттардың залалын біліп, одан аулақ жүруді түсінеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Координация және реттелу

Мектеп: М.Қаратаев атындағы №51 жалпы орта мектебі

Күні: 20.03.2019ж

Мұғалімнің есімі: Налибаева Динара Жұмабекқызы

Сынып: 7

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, темекі және наркотикалық заттардың әсері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.7.10- Жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, темекі және наркотикалық заттардың әсерін түсіндіру


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жүйке жүйесінің қызметін біледі

Оқушылардың басым бөлігі: Жүйке жүйесіне кері әсерін тигізетін заттарды анықтайды

Кейбір оқушылар: Жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, темекі және наркотикалық заттардың әсерінен туындайтын қиындықтарды ажыратады


Тілдік мақсат

Оқушылар: Жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, темекі және наркотикалық заттардың әсерін түсінеді

Негізгі сөздер мен тіркестер: ОЖЖ, бас ми, жұлын, сопақша ми, мишық, үлкен ми сыңарлары, стимулятор, депрессант, жүйке импульсі.


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Айналаңызда зиянды заттарды қолданып жүрген адамдарды жиі кездестіресіз? Өзіңіз осы заттардан бойыңызды аулақ салуға қазірден дайындалып жүрсіз бе?Олардың организмге зияны туралы не білесіз?

Жазылым бойынша ұсыныстар: Стимулятлар күшейтеді ….

- Депрессанттар баяулатады …

- Жүйке жүйесінің ауытқуы жүруі мүмкін …

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Ішімдік

Алкоголь

Alcohol

Есірткі

Наркотик

Drugs

Шегу

Курение

Smoking

Стимулятор

Стимулятор

Stimulator

Депрессант

Депрессант

Depressant

Галлюциноген

Галлюциноген

Hallucinogen




Құндылықтарды дарыту

1.Оқушылар бойында жинақылық, тәртіп, реттілік қалыптасады

2. Өзгенің пікірін сыйлауды, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас құру қабілеті дамиды (жұптық, топтық жұмыстар кезінде)

3. АКТ-ны дұрыс пайдаланып, мәтіннен ақпараттарды іздей білу , өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және қауіпсіздік шараларын үйренеді.

Бағалау критерийлері

Жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, шылым және есірткілік заттардың әсерін түсіндіре алады

Пәнаралық байланыс

Химия, Жаратылыстану


Бастапқы білім

Жүйке жүйесінің қызметі мен маңызы (7 сынып)

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар


Сабақтың басы:










Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.

«Менің көңіл-күйім калай?» сұрағына бір ауыз сөзбен жауап беру.


Ұжымдық жұмыс «Ой қозғау» стратегиясы.

Тақырыпты ашуға «жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, шылым және есірткілік заттардың әсері» бейнежазбасы көрсетіледі.

Бейнежазбадан нені байқадыңыз ?

Сізге таныс емес ақпараттар берілді ме? ....................................

Бүгінгі өтілетін тақырыбымыз: Жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, темекі және наркотикалық заттардың әсері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсатымыз: Жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, темекі және наркотикалық заттардың әсерін түсіндіру













АКТ

Сабақтың ортасы:
































Мағынаны тану:

Мәтінмен жеке танысады.


Тапсырма №1. Топтық жұмыс. «Мозаика» әдісі

Бұл әдіс оқушылардың бір-біріне көмектесу, ақылдасу арқылы жаңа тақырыпты меңгеру. Барлық топтар бірдей ақпаратпен танысып, меңгеретін болады: өздерінің микромәтіндерімен танысады, оңтайлы басқа топтарға түсіндіру жолдарын қарастырады. Бір-біріне сұрақтар ойластырып, білу, түсіну дағдысын дамытады. Олар тірек сөздерді жазып алуларына болады, схема құрастырады.

Топтық жұмысты аяқтаған соң әр топтан топты таныстыратын адамдар шығулары керек. Одан соң мұғалімнің басқаруы бойынша әр топтың оқушылары кезекпен өздерінің білген түсінгендерін айтып, өз топтарына қайта оралып, қайта талқылайды

1 топ – алкогольдің әсерін;

2 топ – есірткінің;

3 топ – темекінің әсерін қарастырады.

Әр топ психотропты заттардың анықтамаларын жазып, стимулятор, депрессанттар, галлюциногендер жайлы түсінік қалыптастырады.

Топ ішінде темекінің әсерін зерттеу.

Әр топ өздері таңдап алған заттардың әсерін зерттейді.

Тапсырма №2. Жеке жұмыс

Алған білімдерін бағалау, қалыптастырушы бағалау жұмысы.

Крестик пен нолик.

  1. Тәуелділік – бұл физикалық және психологиялық тұрғыдан заттарға тәуелді болу. (Дұрыс)

  2. Психотропты заттар – әсер еткенде мида эмоцияның, ағзаның жүріс- қылықтарының өзгеруіне алып келеді. (Дұрыс)

  3. Алкоголь – жүйке жүйесі үшін стимулятор (Бұрыс)

  4. Шайдың шектен тыс көп ішу – тәуелдікке алып келеді. (Дұрыс)

  5. Стимуляторлар нейромедиатор санын азайтып, мидың жұмысын баяулатады (Бұрыс)

  6. Депрессанттарға транквилизаторлар мен ұйқышақыратын таблеткалар жатады, алкоголь және героин, жүйке жұмысын қоздырады. (Дұрыс)

  7. Галлюциногендер- шын мәнісінде сіз көріп жатқан бейнелерді естіп көруге мүмкіндік береді. (Бұрыс)

  8. Кокаин –бұл стимулятор. Миға сигналдың келуін жылдамдатып, дофамин заты арқылы рахаттану сезімін тудыртады. (Дұрыс)

  9. Жасөспірімдер көп ішсе де, мас күйге түспеуі мүмкін, ересектерге қарағанда оларда зақымдануларға бас миы сезімтал келеді . (Дұрыс)


Тапсырма №3. Жұптық жұмыс

«Денсаулық» туралы мақал-мәтел айтудан топ ішінде жарыс.

Қай жұп көп мақал айтса, сол жұп жеңіске жетеді.







Ақ парақтар



Сабақтың соңы:


Рефлексия.

«Табыс ағашы»

Оқушылар сабақ бойынша алған білмімдерін стикерге жазып, табыс ағашына жабыстырады


Үйге тапсырма. дәптермен жұмыс: термин сөздерге анықтама




Табыс ағашының суреті, стикерлер

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

1.Қабілеті жоғары оқушыларға терминдеріне байланысты күрделі мәтіндер беріп, сипаттама беру.







Топтық тапсырма кезінде- смайликтер арқылы бағалау. Жұптық жұмыс кезінде - өзара бағалау,

1.Балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Аппаратты пайдалану, нұсқауларды мұқият сақтау жауапкершілікті көрсетеді, және белгілі дәрежеде басқалармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету қабілетін көрсетеді, оқушылардың денсаулығын қалай сақтауы және маңындағылардың қауіпсіздігін қалай қамқорлыққа алуы керектігін үйретеді.


Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
2048
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі