Тақырыбы: «Жүйріктер күні»
Өтілетін жарыстың мақсаты:
-
Тәрбиешілердің денсаулығын, белсенділігін нығайту,
ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін
байқау.
-
Спортқа
деген сүйіспеншілігін арттыру.
-
Салауатты өмір салтын насихаттау.
Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), шарик, қасық,
үлкен ыдыс, гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т.б.
Жүргізуші: Қайырлы күн,
құрметті спорт сүйер қауым! Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламада
халықтың денсаулығын нығайту – мемлекетіміздің бірінші кезектегі
атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға
белгілі.
Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір
баспалдағы.
Жалпы
дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш – қуатын
өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс
жасауына ықпал етеді.
«Дені
сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»
Т.Карлейль
Таза
ауа, спорт болсын дәріміз.
Еңбек
етіп келгенінше әліміз,
«Алға» -
деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа
аттанайық бәріміз!
Күлдіргіш: Ал енді спорт
заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік десем , олар
жок бугін бәрін өзіміз бағалайтын боламыз.
Тәрбиешілер отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер – күші жалындап,
«Спорт»
десе таза біздің арымыз,
Сайысатын тәрбиешілерді бүгінгі
Қарсы
алайық қошеметпен бәріміз.
Ортаға
сайысқа түскелі тұрған топтарымызды шақырайық:
№7 топ «Ай»
№9 топ « Балдырган»
Екі топ
жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.
Кулдіргіш: әл енді мен
фокустарымды бастайын , сіздерді бір күлдірейін.
Жүргізуші: Күлдіргіш бүгін
біз фокус тамашаламаймыз, біз спорт алаңында жарысқа
түсеміз.
Жүргізуші: «Жүйректер
күні» атты спорттық ойынымыз 5 турдан тұрады. Өз бақтарын сынағалы
тұрған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын бастайды. Олар
өздерінің топ аттарымен, төсбелгілерімен таныстырып
өтеді.
Кулдіргіш: Құрметті
жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер, және сайысымыздың қонақтары!
Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 5
турдан тұрады.
Олар:
-
Эстафеталық жарыс ( доппен
кедергілер арасынан жүріп өту)
-
Повар
ойыны (шарикті екі қасықпен қазанға
тасу)
-
Парамен жумыс (Жаттығуларды дұрыс , толық, ара қашықтықты сақтап, басқа
балаларға кедергі жасамау. Денені түзү,тізені бүкпеу, қол, аяқты
толық жазу, созу. Шарды қарнымыз бен қысып жүгіреміз)
-
Кім
шапшаң картоп отырғызу (кішкентай
күрек, тырманы белгілі жерден алып, біржерден екінші жерге картоп
отырғызу)
-
Аркан
тарту сайысы.
Жүргізуші: Ал,
құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар,
бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.
Құттықтау.
Жеңіске жеткен командаларды
марапаттау
Күнделікті нәтижелер:
Білу керек: Тепетеңдікті сақтау, Денені тік ұстау
Болу керек: Сабаққа деген қызығушылықтары, берілген тапсырманы
орындау.
Баланың қолынан келуі: Қозғалмалы және секірмелі жаттығуларды дұрыс
орындау,
Шеңберді бір-біріне дұрыстап беру.
.
О
йын
түрлері.
-
Эстафеталық жарыс.
-
Аспаз
ойыны.
-
Баскетбол торына доп лақтыру.
-
Калькулятор ойыны.
-
Кенгуру.
-
Капитандар сайысы белдегі шығыршық.
-
Кім
шапшаң картоп отырғызу.
-
Арқанға өрмелеу, биік шыңға шыққан ең мықты
топ.
-
Қиын
жолдан өту.
-
Ойлан
тап, сиқырлы сандық.