"Жүйріктер мен мықтылар" Эстафеталық сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жүйріктер мен мықтылар" Эстафеталық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балаларға арналған эстафеталық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жүйріктер мен мықтылар» эстафеталық сайыс

Мақсаты:
Балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру.
Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру
Көрнекілігі: Кедергілер, доп, кенгуру добы, уақ доп, шашақтар.

Армысыздар балалар көрермендер мен қонақтар.

Тәні саудың – жаны сау,

Жаны саудың – дені сау, - демекші, спорт әлеміндегі ең қызықты дәстүрлі спартакиаданы бастаймыз

Мен барлық балаларды ұлдар мен қыздарды спорттық жарысқа қатысушы командаларды қарсы алайық. (музыка ойналады)
Жүргізуші: Ендеше жарысымызды бастаймыз.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1_____________
2__________
3________
Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,
Әзірледік сізге орынды төрден біз.
Ұландардың ең құрметті қонағы,
Жанкүйерде төреші де өзіңіз.
Жүргізуші: Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз.
Тәуелсіздік ел көгінде
Спортшы бола аламыз - деп - ойын шартымен таныстырайық.

Эстафеталық сайысымыз 6 бөліммен тұрады.
1. Таныстыру (топтың аты мен ұранын айту мен таныстыру керек)
2. «Кім шапшаң» сайысы
3. «Жүйрік ат» сайысы
4. «Кенгуру» сайысы
5. «Тез қимылда» сайысы
6. «Жүйрік паравоз» сайысы

Таныстыру кезеңі.
Жүргізуші: Еш қысылып саспайық,
Қызықты ойын бастайық
Сайысқа келген баланың
Сергітіп бойын алайық.
«Кім шапшаң» ойынын бастаймыз.
Ойынның шарты: Қаппен секіріп, межеден айналып қайту.
(Әділқазылар алқасы 2 бөліміміздің бағаларын берейік.)

Жүргізуші: Бақшада бүгін басталған
Дайын болын жарысқа
Жүгір, секір қалыспа
Топаралық жарыстан - дей келе «Жүйрік ат» ойынын бастаймыз.

Ойынның шарты: Балалар допты аяқтың арасына қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
(Әділқазылар алқасы «Жүйрік ат» бөлімінің бағасын берейік.)

Жүргізуші: Өздерінің шапшаңдылығын ұғындырып,
Көрсетер көп еңбектенген мықтылық.
Келесі бұл сайыста
Қай топтың ептілігін анықтайық – деп «Кенгуру» жарысын бастаймыз.

Ойын шарты: Үрілген кенгуру добымен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген межеден айналып келеміз. Бірінші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.
Әділқазылар алқасы 4 бөліміміздің қорытындысын берейік.

Жүргізуші: Денемізді шынықтырып,
Шыныққан біз баламыз.
Жаңғыртып біз елімізді,
Биіктерден көрінеміз - дей келе «Тез қимылда» сайысын бастаймыз.

Ойын шарты: Теннистің таяғымен уақ допты кедергілер арасымен домалатып, шығыршыққы жинау.
(Әділқазылар алқасы ойынның ұпайын берейік)

Жүргізуші: Ендеше ең соңғы ойынымыз « Жүйрік паровоз» жарысын бастаймыз.
Ойын шарты: бірінше бала паровоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паровоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ерітіп айналып келіп, үшінші баланы ерітеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паровозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.

Жүргізуші: «Спорт» әнімен флешмоб биін тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Марапаттау кезегін балабақша директорына беріледі. Марапаттау рәсімі. Қатысқан бүлдіршіндерімізге рахмет. Келіп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.07.2024
310
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі