Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүк тасымалдауды ұйымдастыру, саяхат сабағы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Автокөлік транспортының жылжымалы құрамы пайдалану мақсатыпа қарай жүк тасымалдайтын құрамы, жолаушы тасымалдайтып құрамы және арнаулы автокөліктср құрамы болып бөлінеді. Автокөліктің жылжымалы құрамы жұмыс жасау қызметтеріне қарай: Жүк тасымалдайтын автокөліктерге: жүк автокөліктері, автокөлік - тартушы, тіркемелер және жартылай тіркемелер жатады. Жолаушылар тасымалдайтын автокөліктерге: жеңіл автокөліктер, автобустар, тіркеме мен жартылай тіркемелі автобустар, шағын автобустар жатады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


«Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы»ММ


«Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі»МКҚК




КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері Директордың оқу жұмысы

___________А.С.Керимкулова жөніндегі орынбасары

(қолы) ______Л.С Байсеитова

«____»_______2021ж (қолы)

«___»_____2021ж



САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ


Кәсіптік техникалық пәндік циклдік комиссия


1202000 –« Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» мамандығына


Shape1

Тақырыбы: Жүк тасымалдауды ұйымдастыру


Арнайы пән педагогы:_________ Бурабай Б.Ә





Т. Рысқұлов 2021 ж.

Өткізілетін күні: 31.12.2021 ж

Өткізу уақыты: 90 мин

Топ: Т-841

Пәннің аты: Жүк тасымалдау технологиясы және ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы: Жүк тасымалдауды ұйымдастыру

Сабақтың типі:Білімді бақылау және бағалау

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың максаты:

Білімділік: студенттерге тақырыптарды баяндау арқылы жүк көлік түрлерін,атқаратын қызметін және мінездемесін үйрету.
Тәрбиелік: студенттердің эстетикалық талғамын қалыптастыру,адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру.Еңбек тәрбиесіне баулу, мамандыққа бағдар беру және де еңбекқорлық,ұйымшылдық,  ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, өз мамандығына деген құрметті, жауапкершілікті сезінуге үйрету.
Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, техникалық көрнекіліктерді тиімді пайдалану. Студенттердің жалпы қаблеттілігін, белсенділігін дамыту, танымдық қызығушылығын ояту. Техника мен ғылымның жаңа жетістіктерін пайдалана білу.Өзін–өзі қадағалауға, оқуға, білуге, еңбекке деген ынта-ықыласын ояту. Өмірге деген талпынысын, болашаққа деген сенімін арттыру.
Сабақтың технологиясы мен әдіс-тәсілдері: СТО ,белсенді түсіндірмелі-көрнекілік әдіс.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, суреттер,слайдтар,видеороликтер

Пән аралық байланыс: Автокөлік пайдалану, жолаушы тасымалдау, автокөлік жылжымалы құрамы, экономика негіздері, сызу, логистика


Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: Гудков В.А.«Грузовые автомобильные перевозки» М Академия 2015г.

Қосымша әдебиеттер: А.И.Рябчинский «Организация перевозочных услуг и безапасность транспортного процесса. М. Академия 2015 г.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

А.Сабаққа қажетті құралдарды даярлау. ( 5 мин)

Б.Студенттердің назарын сабаққа аудару.

II. Үйге берілген тапсырмасының орындалуын тексеру. ( 5 мин)

Сұрақ – жауап. «Таңғажайып тоғыздық» әдісі

1.Қандай жүк көлік маркаларын білесің? (Камаз,ГАЗ 53,Белаз,МАЗ,МАН,Вольва).
2. Автомобиль көлігінің түрлері? (жүк,жолаушы,такси).
3. Теміржол көлігінің түрлері? (паравоз,тепловоз,электровоз).
4. Су көлігінің түрлері? (кемелер,катерлер,қайықтар).
5. Әуе көліктерінің түрлері? ұшақ(самолет),тікұшақ (вертолет).
6. Автомобиль көлігінің артықшылықтарымен кемшіліктері

7. Темір жол көлігінің артықшылықтарымен кемшіліктері
8.Су көліктерінің артықшылықтары мен кемшіліктері

9.Әуе көліктерінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Берілген сұрақтарды сонымен қатар слайд арқылы пайдалана отырып студенттердің білімін ауызша және жазбаша тексеремін.

Бағалаймын, ескерту, мадақтаулар.

III. Жаңа сабакты түсіндіру жоспары: ( 15 мин)

Студенттер, бүгінгі саяхат сабағымызды елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы мынадай керемет сөздермен бастағым келіп тұр:

Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне «Ұлы қазақ даласынан» тараған.

Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз

үстемдікке ие болды.. Сондықтан, ата-баба дәстүрін жалғастырып, келешек ұрпақ атқа

мінуді, жылқы өсіруді ұмытып қалмас үшін жылқыны өсіру мен пайдалануды сендер

жалғастыруларың керек. Еліміздің кең байтақ жерінің ана шеті мен мына шетіне жеткізетін көлік- жылқы болды. Бірте-бірте жылқыны түрлі машиналар ауыстырып, казіргі кезде көлік түрлерінің неше түрі қолданысқа түсті.

-Көліктердің адамға қандай пайдасы бар?

-Олай болса, кім қандай көлік түрлерін біледі?

- Неге жер көлігі деп аталады?

- Жер көліктерін атаңдаршы.

- Неге әуе көлігі деп аталады?

- Қандай әуе көліктерін білесіңдер?

- Ал неге көліктер су көлігі деп аталады?

-Қандай жүк көлік маркаларын білесіңдер?

1. Жүк көлік түрлері слайдттар мен таныстыру

Picture 1 Picture 4

Picture 2 Picture 3

Автокөліктердің классификациясы.


Автокөлік транспортының жылжымалы құрамы пайдалану мақсатыпа қарай жүк тасымалдайтын құрамы, жолаушы тасымалдайтып құрамы және арнаулы автокөліктср құрамы болып бөлінеді.

Автокөліктің жылжымалы құрамы жұмыс жасау қызметтеріне қарай:

Жүк тасымалдайтын автокөліктерге: жүк автокөліктері, автокөлік - тартушы, тіркемелер және жартылай тіркемелер жатады.

Жолаушылар тасымалдайтын автокөліктерге: жеңіл автокөліктер, автобустар, тіркеме мен жартылай тіркемелі автобустар, шағын автобустар жатады.

Автокөліктер жаңа технологиямен жасалған мықты және қуатты қозғалтқышпен жабдықталған, барлық жүйелерін сапалы қамтамасыз етеді.Автокөліктердің жылдамдығы жоғарылап, жүру және епін алу дәрежесі жоғарылатылды. Өзбекстанда шығарылатын Daewоо Nехіа автокөлігі екі түрлі қозғалтқышпен шығарылады. Көлемі 1.5 литр, қуаты 80 ат күш және көлемі 1.6 литр, қуаты 108 ат күшіне тең.

Арнаулы автокөліктерге: өрт сөндіруші автокөліктер, автокөтергіштер, тез жәрдем,бетонараластырушы, цистерналар және Т.б. жатады. Жүк автокөліктері толық салмағы бойынша жеті класқа бөлінеді:

1 класс ( 1,2) тоннаға дейін

2 класс (1,3-2) тоннаға дейін

3 класс ( 2,1 - 8,0) тоннаға дейін

4 класс ( 9,0 - 14) тоннаға дейін

5 класс ( 15 - 20) тоннаға дейін

6 класс (21 -40) тоннаға дейін

7 класс ( 40 тоннадан жоғары)

Автокөліктің өздігінен түсіретін бортты кузовымен жабдықталған түріне автосамосвал деп атайды.

Автокөлік тіркемелермен немесе жартылай тіркемемен жабдықталса., оған автокөлік тартушы деп атайды.

Автокөлік бірнеше тіркемелермен жұмыс жасаса, мұны автопоезд деп атайды. Жеңіл автокөліктер қозғалтқышындағы цилиндрдің жұмыс көлеміне қарай (литр) мына сыныптарға бөлінеді:

Ең төменгі 1,2 л дейін

Төменгі (1,3-3,5) л

Орташа (1,9-3,5) л

Жоғары (3,5 л-ден жоғары)

Кузов – тасымалданатын жүкті орналастыруға арналған. Жеңіл автокөліктердің және автобустың кузовына жүргізуші мен жолаушылар жайғасады. Жүк автокөліктердің кузовы жүкке арналған платформадан (жүк кузовы) және жүргізуші кабинасынан тұрады.



Адам қоғамының өсіп - өркендеуін көліктің даму тарихынан бөле алмаймыз.

Қазіргі заманның көлігі - шапшаңдығы мен жайлылығы жеткілікті биік деңгейдегі, жыл сайын миллиард тонна шикізатты, отынды, өнімді, көптеген жолаушыларды, бір жерден екінші жерге жеткізетін теміржолдық, өзендік, әуелік және автомобильдік көлік құралдарының қуатты саны енетін тұтас бір көлік жүйесі.

Қазіргі заманның көлігі жаппай индустриялы өнеркәсіпті, жұмыстың бөлінуін, ішкі және сыртқы сауданы қамтамасыз етеді, білім және техниканың дамуына әсер етеді.


Адамның қоғамдық мәні және өндіргіш қатынастар ақпараттың ауысуының және адамдардың өз қызметтерінің әр түрлі салаларында тікелей байланысуының қажеттіктерін белгілейді, бұл жаяу және көліктік жылжулармен байланысты.


Осы күні жолаушылардың және жүктік тасымалдардың көлігінің үздіксіз өсуі байқалады, бұл жұмыстың қоғамдық бөлінуімен және өндірістің бір жерге жиналуымен, қалалардың өсуімен және қалалық тұрмыс қалпы таралғанымен, әлеуметтік - экономикалық қажеттіліктермен және көлік техникасының дамуымен түсіндіріледі.


Көліктің негізгі мақсаты - халық шаруашылығына және халыққа тасымалдардың керектігін ескеріп, тасымалдармен дер кезінде, сапалы және толық қанағаттандыру; өз жұмысының экономикалық тиімділігінің өсуі.


Көлік – тірі ағзаның қанды жүйесінің рөлін ойнауда. Ол қаланың әкімшілік, мәдени – ағарту және де басқа қызметтеріне қарай, оны тұтас бір жүйе деп санап, оның өмір сүруіне мүмкіншілік беріп отыр. Автомобильдік көлік жолаушылар мен жүк тасуға ең қолайлы болып саналады, өйткені ол өте оңай және үлкен ептілікке, отынның салыстырмалы арзан құнына ие; ол жайлылықпен және арзан бағамен үлкен қашықтықтарға жеткізе алады.


Қазіргі кезде жүк тасымалдайтын автокөліктер тауар тасымалдау үшін қажет болып табылады, автомобильмен тасымалдау сияқты көліктік қызметтер ерекше сұранысқа ие болуда. Бұл өз жүгін республиканың қай қаласына болсын, ТМД, Еуропа елдеріне және т.б. жедел және сапалы тасымалдаудың барынша тартымды түрлерінің бірі болып табылады.


Автомобиль тасымалын мақсатты қолданудың негізгі салалары - жүкті магистральді көлік түрлеріне тасымалдау және жеткізу, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық жүктерін қысқа қашықтыққа тасымалдау, қала ішіндегі тасымалдар, жүктерді сату мен құрылыс салу үшін жеткізу.

ТМД мен ЕО арасында жүк тасымалдаудың жетпіс пайызы автомобиль көлігінің көмегімен жүзеге асырылады. Өйткені автомобильмен тасымалдау кезінде оны тасымалдаудың барлық ерекшеліктері ескеріле отырып қандай да болсын көлемдегі жүк тасу мүмкіндігі бар, соның ішінде температуралық режим сақталады, сонымен бірге стандартты емес және қауіпті жүктерді тасымалдауға тек автомобиль ғана қолайлы.


Автомобильмен тасымалдаудың бірқатар артықшылықтары бар, бұл:


- тапсырыс беруші жүкті әрқашанда тікелей жүкті жөнелтушіден оны алушыға дейін қайта тиеп-түсірусіз жеткізе алады;


- жүктің сақталу деңгейі жоғары, оған алаңдамауға болады;


- көлемі аз жүктерді де тасымалдауға болады;

- жүк теміржолға да, өзен және теңіз порттарына да тәуелсіз тасымалдана береді.


Көлік-экспедитор автокөліктік кәсіпорындарының дәстүрлі нарығы жоғары, ол серпінді түрде өсуде және көптеген мүмкіндіктерді ұсынуда. Оған деген бәсекелестік күшейе түсуде, осы деңгейде ұстап тұру үшін қазақстандық операторларға ресурстарды барынша шоғырландыру қажет болады. Біздің нарықта аутсорсинг логистикасы енді ғана пайда болуда. Кейіннен ол тез өсетін болады, бірақ қарқынның қашан өрістейтінін айту қиын.


Алайда, нарыққа қатысушылардың барлығының да әлеуеттері бар. Бұл жерде ең маңыздысы - автокөліктік кәсіпорындарының түрі мен құрылымы емес, оның ұсынатын қызметі болып табылады.

V. Жаңа оқу материалын пысықтау,бекіту ( 10 мин)

Брейн –ринг ” әдісі арқылы рефлексия студенттер кері байланыс жасайды.

5. Қорытындылау және студенттердің өзіндік жұмысын тексеру. ( 5 мин)

Білемін

Білдім

Үйрендім




Бағалау критерийлері бойынша студенттерді бағалау

  1. Практикалық білімі

  2. Сабаққа белсенді қатысуы

  3. Тәртібі

6. Үйге тапсырма ( 5 мин)

1.Тақырыпты толық конспектілеу,БАҚ материалдарынан ізденіс жұмысы

2.Ғаламтордан тақырыпқа байланысты бейне материалдар жүктеп келу және танысу WWW.SS.Flash Video File 3D

3. Тақырыпқа байланысты тест сұрақтарын құрастыру.

 

 







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2022
474
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі