400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүк тасушы досым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық оқу қызметіне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Саласы: «Таным»

Бөлімі: «Құрастыру»

Тақырыбы: «Жүк тасушы досым» .

Мақсаты: Құрылыс материалдарын пайдаланып жүк көлігін құрастыра білуге үйрету, баска көлік түрлерінен айырмашылығын білу және оны кеңістікте дұрыс құрастыра білуге дағдыландыру, бірлесіп еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері Бала, бала, баламыз,

Бақшаға біз барамыз.

Ойнаймыз да күлеміз, секіреміз,

Үлкен болып өсеміз!

Сабақтың барысы: 

Боранңың әні қосылады.

- Балалар бұл ненің дыбысы?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Ал ендеше ай атарын кім атап береді;

Шар ұшып келеді, шармен бірге хат келеді. Хатта атамыз бізден көмек сұрай,мына сыйқырлы шарды жіберген екен балалар. Атамыз алыс жолда келе жатып жүк көлігі сынып қалыпты. Енді атамыз үйіне қалай жетерін білмей отыр екен балалар.

- Балалар атамызға көмектесеміз бе?

Балалар осы сиқырлы шар атамызға жету үшін бізге жол көрсетеді. Ал жолда міндетті түрде бір-екі кедергілерден өтуіміз керек екен.

1.Слайд арқылы көліктер көрсетіледі, көліктердің атауларын атайды. Көліктердің қайда жүретіндері туралы әңгімелейді

Жарайсыңдар балалар.

Осылардың ішінде жүк машинасына ерекше тоқталып, жеке бөліктеріне талдау жасайды. Қандай бөліктері бар? Қорабы, кабинасы, дөңгелегі қандай?

Ал ендеше,  балалар, атамыздың бұзылған көлігін құрастырып берейік.

— балалар іс-әрекетіне басшылық жасалып, кейбір балаларға көмек көрсетіледі;

— балалардың өздігінен дербес шығармашылықпен әрекет етуіне бағыт беріледі;

— балалардың ойларынан қосып, бөліктерді толықтырып, жүк машинасын талапқа сай құрастырған еңбектер мадақталып, ерекше аталып өтеді.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,

Қанатымызды жаямыз.

Әуеде самғап ұшамыз,

Орнымызға қонамыз.

Қ/О:«Бағдаршам» ойыны»

Көшедегі қимыл- қозғалысты реттеу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

Ойын шарты:Ұл балалар машинамен қызыл түс жанғанда жүреді, қыздар жасыл түс жанғанда жүреді. Сары түс жанғанда дайындалады.

Қорытындылыу:

Балалар, бүгін біз не туралы өттік?

Балалар біз не құрастырдық?

Кімге көмектестік?


Бүгінгі оқу қызметі сіздерге ұнады ма? Ендеше оқу қызметіміз аяқталды. Назар салып белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет

Күтілетін нәтижелер:

      Әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыра біледі;

      Құрылыс бөліктерін ажыратады және атайды;

      Сюжеттік ойын міндеттерін пайдалана отырып, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан заттар құрастыра алады;



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
624
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі