Материалдар / Жұлдыз сәті -интелектуалдық ойын 8-11сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жұлдыз сәті -интелектуалдық ойын 8-11сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мұғалімдерге керек қазақ тілі мен әдебиеті апталық ойын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
511
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Свободный ОМ»КММ















«Жұлдызды сәт»

/ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН /














ДАЙЫНДАҒАН : Ильгундинова М.Н.





















2020г

«Жұлдызды сәт»
Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін,
тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, мақал - мәтелдер жазылған карташалар, сызба, сандар.
Түрі: зияткерлік ойын.
- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық балалардан!
- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 7 - ші сынып оқушыларының арасында «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1 «Жігер» тобы
2 «Болашақ» тобы
3 «Білім» тобы
- Мемлекетіміздің ертеңі сендерсіңдер. Біздің міндетіміз сапалы, білімді жастарды тәрбиелеу.
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт - дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
- Бүгінгі интеллектуалды ойын 6 бөлімнен тұрады:
“Қас – қағым сәтте”
“Тұлғаны тани біл”
“Сандар сыры ”
“ Мақал - сөздің мәйегі ”
“Көкпар”
«Ойлы болсаң, озып көр!»
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.
І - кезең.“Қас – қағым сәтте” деп аталады.
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 3 ұпаймен есептеледі. Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.
1 - тобы:
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
2. Лепті сөйлем дегеніміз не? (бірдененің жайын сұрау мақсатында айтылған сөйлем)
3. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең фигура)
4. Көкжиектің неше тұсы бар?(4)
5. Ы. Алтынсарин кім?(қазақ мектебін ашқан)
2 - тобы:
1. Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар, өсімдік)
2. Көктем айларын ата.(наурыз, сәуір, мамыр)
3. Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін сөз)
4. А. Құнанбаев кім? (ақын)
5. Кез - келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы)
3 - тобы:
1. Өлі табиғатқа не жатады?( тау, тас, бұлт(
2. Көбейтудің қасиеттерін ата(терімділік, үлестірімдік, орын ауыстырымдылық)
3. Жылқының сүті(қымыз)
4. Қосымша дегеніміз не? (түбірге жалғанған бөлігі)
5. Үш биді ата(Төле, Әйтеке, Қазыбек)
- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.
Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп “Тұлғаны тани біл”сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар. Әр топқа 3 тұлғадан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.
Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Әуезов, Серік Сәпиев, Роза Рымбаева, Бауыржан Момышұлы, Тоқтар Әубәкіров, Шәкен Ниязбеков, Абылай хан, Әйтеке би, Әлия Молдағұлова, Илья Ильин т. б.
ІІІ – кезең «Сандар сыры»
Бұл кезеңде берілген сандардың еліміздің мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін атайсыздар. Бұл тапсырма ортақ. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай.
11, 16, 1, 22, 12, 15, 9, 30
- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
IV - кезең. “Мың бір мақал»
Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал Сіздер сол мақалдың жалғасын табуларыңыз қажет. Әр топқа 5 мақал - мәтелден беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Ананың көңілі балада, …
Қына тасқа бітеді,...
Досы көпті жау алмайды, …
Ақыл – тозбайтын тон,...
Өзге елде сұлтан болғанша,...
Білекті бірді жығар,...
Туған жердің күні де ыстық, …
Еңбектің наны тәтті,...
Бірлік болмай,...
Туған жердей жер болмас,...

Оқу – білім бұлағы,...
Төртеу түгел болса,...
Ырыс алды -...
Еңбек етсең ерінбей,...
Білім қымбат,...

- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

V бөлім – «Көкпар»
Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға.
Берілген «қанағаттанарлық» сөзінен көп сөз жасау. Әр сөзге 1 ұпай беріледі.

- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

VІ кезең – «Ойлы болсаң, озып көр!»
Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшысына логикалық 3 тапсырмалар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай.

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
1. Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ - қазыларға береміз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!