Жұлдыздар мен аңыздар сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жұлдыздар мен аңыздар сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып Қазақ тілінен ҚМЖ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ



Мұғалімнің аты-жөні:


Пән/Сынып:

Қазақ тілі, 5-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІҮ тоқсан, 2-апта, №6 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

ІХ бөлім. Аспан әлемінің құпиялары

Сабақтың тақырыбы:

Жұлдыздар мен аңыздар

Оқу мақсаттары:

5.1.6.1. эссенің кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу

5.ӘТН4. сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу.Сан есімді зат есімнің орнына қолдана білу ( болжалдық сан есім)

Сабақ мақсаты:

Эссенің құрылымын сақтай отырып, оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу;

Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырату.Болжалды сан есім

Бағалау критериі:

  • Эссе құрылымын сақтайды;

  • Өзіне таныс адамды,белгілі бір мекенді суреттеп жазады;

  • Сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратады.


Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыт

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

2 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, балалар, қазақ тілі пәні сабағына қош келдіңіздер!

Психологиялық ахуал орнату.


Сабақтың тақырыбы: «Жұлдыздар мен аңыздар »

Бүгінгі сабақта:


Сіздің меңгеретініңіз:

  • Эссе құрылымын сақтайсыз ;

  • Өзіңізге таныс адамды немесе белгілі бір мекенді суреттеп жазасыз;

  • Сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратасыз.


Видео-аудио суреттер, кесте, презентация, электронды құралдар, т.б.


Жаңа сабақ


Ой шақыру

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсіл:

«Құпия әлем» әдісімен ой шақыру

Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма.



3мин














































10 мин


















Тапсырмалар























































































1-тапсырма.

Аңызды оқып, сол кіріспе, негізі және қорытынды бөлімдер бойынша жоспар құрыңдар.

Аңыздар сөйлейді

 Жерден өте алыста орналасқандықтан, жұлдыздар кішкентай болып көрінеді. Күн- бізге жақын орналасқан жұлдыз. Сондықтан ол үлкен болып көрінеді. Көптеген жұлдыздардың көлемі Күннің көлемінен бірнеше есе асып түседі,Сондай жұлдыздың бірі- Жетіқарақшыға байланысты екі аңыз бар. Біріншісі: Темірқазыққа Тәңір өзінің аттарын байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз – Тәңірдің ақбоз тұлпарлары. Ақбозат пен Көкбозат арқанмен Темірқазыққа арқандаулы – Жетіқарақшы түнімен бұл екі атты ұрлаймыз деп торып, аттар қозғалмай, қағулы тұрған қазықты айналып, күзетті алдырмай, таң атып кетеді. Шынымен байқасаңыз Жетіқарақшы түнімен темірқазықты айналып шығады. 
    Екіншісі: Жетіқарақшы Үркердің (олда жұлдыз) Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып ұрлап кетеді. Қызын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркеліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Ең жарқырап тұрғанын қарақшылардың бастығы, жанындағы көмескіленіп көрініп тұрған сол Үлпілдек дейді аңыз. Шындығында да Жетіқарақшы Темірқазықты айналып Үркер екеуі жақындағанда таң бозара бастайды.

Жұлдыздар туралы бұдан да басқа аңыздар өте көп.Ол аңыздардың барлығы да атына сәйкес белгілі бір оқиғаны баяндайды.

Дескрипторы:

  • Мәтінді оқиды, түсінеді;

  • Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдер бойынша жоспар құрады.





Өзіңді тексер !


Кіріспе бөлім:

Жұлдыздар әлемі

Негізгі бөлім:

1.Жетіқарақшының түнімен темірқазықты айналуы

2.Жетіқарақшының Үлпілдек атты қызды ұрлауы

Қорытынды бөлім:

Жұлдыздар туралы аңыздар көп.



2-тапсырма.

Тірек сөздерді және болжалдық сан есімдерді пайдалана отырып, өзіңнің бір таныс адамыңды суреттеп жаз.

Жұлдызы жарқырау; жұлдызы жоғары; маңдайдағы жұлдыз; айы оңынан, жұлдыз соңынан туады.


Дескриптор:

- Тірек сөздерді және болжалдық сан есімдерді пайдаланады;

- Өзіне таныс адамды суреттеп жазады.





Өзіңді тексер !

Менің Айғаным атты жақын досым бар.Оның жасы-12-лер шамасында. Ол 10 жасында жұлдызы жарқырап, Республикалық ән байқауынан жүлделі орын алды.Сол байқауда 25 шақты қатысушының ішінен айы оңынан, жұлдызы соңынан туып, жүзден жүйрік атанды.

.

3-тапсырма «Жүйрік қалам » әдісі

Ғаламтордағы деректерді қолдана отырып, бір шоқжұлдыз туралы 50-60 сөзден тұратын эссе жазыңдар.



Дескрипторы:

  • Ғаламтор деректерін пайдаланады;

  • 50-60 сөз көлемінде эссе жазады..


Өзіңді тексер !


Үркер

Үркер күз басында шығыстан, қыс басында төбеден, көктем басында батыстан көрінеді. Ал жаз басында мүлдем көрінбейді. Қазақтар: «Үркер төмен түспей, жер қазбайды» дейді.

Шоқжұлдыздардың «Үркер» деп аталуы сол жұлдыздардың аспанда үріккен қойдай шашырап жатқанын бейнелесе керек.Сол себепті қазақ халқында «Үркер түссе, жер қызады», «Үркер туса, сорпа ас болады», «Үркер көтерілсе, шөп көтеріледі, бидай тас тартады» деген сөз қолданыстары бекерге айтылмаса керек.


Cабақты бекіту: «Үш сауал» әдісі арқылы

1. Жұлдыздар жайында қандай мағлұматтар білдік?

2. Жұлдыз сөзін қандай сөздермен тіркестіріп қолдана аламыз?

3. Болжалдық сан есім қалай жасалады?















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2023
531
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі