×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512

Хабарландыру
Байқаулар басталды Сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Жұлдызды аспан. Аспан сферасы.

Автор:Карагуланова Айжан Смакановна
Бағыты: Бастауыш сынып
Бөлімі: Сабақ жоспары
Сыныбы: 9 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-03-23

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Жұлдызды аспан. Аспан сферасы.



9-сынып.
Сабақ тақырыбы: 38- 40. Жұлдызды аспан. Аспан сферасы.Аспан сферасының координаттары.
1. Оқушыларға шоқжұлдыздар, көрінерлік, абсолют жұлдыздық шама, аспан сферасы, оның негізгі элементтері, аспан координаталары, кординаталардың көкжиектік жүйесі, азимут, шырақ биіктігі, координаталардың экваторлық жүйелері, еңістік, тура көтерілу туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Өткен тарау бойынша алынған бақылау және зертханалық жұмыстың қорытындысы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Шоқжұлдыз дегеніміз –аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі.

Жарық жұлдыздарды α әрпімен, одан сәл солғындау жұлдыздар реті бойынша грек алфавитінің келесі әріптерімен белгіленді.

Жұлдыздардың көзге көрінерлік жарықтылығын санмен өрнектеу үшін көрінерлік жұлдыздық шама ұғымы пайдаланылады.
Жұлдыз-жалтырлығы –одан келетін сәулеге перпендикуляр орналасқан бірлік ауданды жарықтандыратын жарық мөлшері.
Екі жұлдыздың жалтырлығы мен олардың жұлдыздық шамалары арасындағы байланыс Погсон формуласымен өрнектеледі:

Жұлдыздардың шын мәніндегі жарықтылығын анықтау үшін абсолют жұлдыздық шама қолданылады.
М-абсолют жұлдыздық шама.
m-көрінерлік жұлдыздық шама.
R-жұлдызға дейінгі қашықтық.
.
Кейбір жарық жұлдыздардың атаулары, астрономиялық белгіленуі, орналасу орнының координаталары, көрінерлік және абсолют жұлдыздық шамалары туралы мәліметтер.

Аспан сферасы –радиусы анықталмаған жорамал сфера. Аспан шырақтары әр түрлі қашықтықта болғандықтан, оның бетіне бақылаушы белгілі бір уақытта өзі орналасқан орыннан көретін бүкіл аспан шырақтары проекцияланады.
Аспан сферасының негізгі элементтері:


Эклиптика -Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек.
21-наурыз көктемгі күн мен түн теңелуі. (тоқты).
23-қыркүйек – күзгі күн мен түн теңелуі. (таразы)

Аспан координаталары аспан денелерінің аспан сферасында орналасуын анықтайды.
Коррдинаталардың көкжиектік жүйесі.

Бұл жүйеде негізгі жазықтық математикалық горизонт. Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады.
Азимут – көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикалына дейінгі бұрыш. (А)
Шырақ биіктігі – верикаль бойымен өлшенетін шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы (һ) -900-тан +900-қа дейін.
Координаталардың экваторлық жүйесі.

Негізгі жазықтығы –экватор жазықтығы.
Еңістік – аспан шырағының аспан экваторынан бұрыштық қашықтығын көрсететін шама. (δ).
Еңістіктің аспан сферасының солтүстік жарыт шарында таңбасы оң мәні 0-ден +900-қа дейін, ал оңтүстік жарты шарда теріс 0-ден -900қа дейін.
Тура көтерілу (α) координатасының мәні аспан экваторының бойымен көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінен шырақтың еңістің дөңгелегіне дейін аспан сферасының айналу бағытына қарама-қарсы бағытта өлшенеді.
Тура көтерілудің мәні 0-ден 3600-қа дейін және сағаттық бірліктермен өлшенеді.
24 сағ=3600
1 сағ=150
1мин=15/
1c = 15//
10=4 мин
1/=4c
Қосымша деректер.




ІV. Есептер шығару. 30-ж. №2, 31-ж. №2.
V. Пысықтау.
Шоқжұлдыздар дегеніміз не?
Аспанда қанша шоқжыұлдыз бар?
Көрінерлік және абсолют жұлдыздық шамалар қалай белгіленеді?
5-кестедіг жұлдыздардың қайсысы ең жарық, қайсысы ең солғын?
Аспан сферасы дегеніміз не?
Аспан сферасының негізгі элеменеттерін атаңдар.
Аспан экваторы мен аспан меридианы қандай нүктелерде қиылысады?
Эклиптика аспан экваторына қатысты қалай орналасқан?
Эклиптика мен аспан экваторының қиылысу нүктелері қалай аталады?
VІ Қорытындылау.
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: :38- 40. 30-ж. №3, 31-ж. №3.

9-сынып

Сабақ тақырыбы: 41.42. Аспан жұлдыздарынң жылжымалы картасы. Әр түрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы.
1. Оқушыларға аспан жұлдыздарының жылжымалы картасы , кульминация, тәуліктік қозғалыс кезінде шырақтардың көкжиектік координаталарынң өзгеруі., жер бетінде географиялық координаталарды анықтау туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгерегндерін тексеру.
Шоқжұлдыздар дегеніміз не?
Аспанда қанша шоқжыұлдыз бар?
Көрінерлік және абсолют жұлдыздық шамалар қалай белгіленеді?
5-кестедігі жұлдыздардың қайсысы ең жарық, қайсысы ең солғын?
Аспан сферасы дегеніміз не?
Аспан сферасының негізгі элеменеттерін атаңдар.
Аспан экваторы мен аспан меридианы қандай нүктелерде қиылысады?
Эклиптика аспан экваторына қатысты қалай орналасқан?
Эклиптика мен аспан экваторының қиылысу нүктелері қалай аталады?
Көкжиектік координаталарды атаңдар.
Азимут дегеніміз не?
Шырақ биіктігі дегеніміз не?
Экваторлық координаталарды атаңдар.
Еңістік дегеніміз не?
Тура көтерілу дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа тақырып.
ЖАЖК екі бөлікен тұрады:
Жұлдыздар картасы
Қондырма дөңгелек.



ІІІ. Есептер шығару. 32-ж. №1, №2.
ІV. Қорытындылау.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма:41.42. 32-ж. №3, №4. 4-тапсырма.








































50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: