400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Жұлдызды бестік (интеллектуалдық жарыс сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін терендету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ой-өрісінің жетілуін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау. Оқушыларды жан-жақты сауатты, дарынды, озық болуға, еркін сөйлей білуге үйрету.Ой өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту. Оқу-білімге, өнерге қызығушылығын арттыру, еңбек ете білуге, жылдамдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Зеленов АББ

Володар жалпы орта білім беретін мектебі» КММ





«Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды» Мектеп директоры директордың ТІЖ орынбасары ӘБ жетекшісі

Н.Н Муханбетжанова Галиева Н.С_______ Супушева Ф.А_____

«____»________2017ж «____»_________ 2017ж «____»_______2017ж






«Жұлдызды бестік!»


(интеллектуалдық жарыс 1-4 сынып)






Бастауыш сынып мұғалімдері: Умбетова А.Б

Супушева Ф.А





2016-2017 оқу жылы

Күні:17.04.17ж

Уақыты:Саг 17.00

Өтетін орны :Биология кабинеті


Жұлдызды бестік (интеллектуалдық жарыс сабақ)

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін терендету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ой-өрісінің жетілуін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау. Оқушыларды жан-жақты сауатты, дарынды, озық болуға, еркін сөйлей білуге үйрету.Ой өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту. Оқу-білімге, өнерге қызығушылығын арттыру, еңбек ете білуге, жылдамдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Түрі: жарыс сабақ


Әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс.


Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд,суреттер,тапсырмалар


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.


Кіріспе сөз: Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар «Ақыл озбайды, білім тозбайды» демекші, қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған. Бұрын жаяу жарыс, өгіз жарыс, құнан, тай жарыспен жеңіп алса, біз бүгін XXI ғасырда ғылым мен техниканың дамыған заманында білімімізбен жарыспақшымыз. Бүгінгі ««Жұлдызды бестік»» интеллектуалдық жарыс сабаққа қош келдіңіздер!.

Бұл жарысқа 1-4-сыныптың «Алғырлар», «Жұлдыздар», «Қырандар», «Тұлпарлар» атты топтары қатысады.(оқушыларды шақыру)


I.«Сәлем-сөздің анасы» демекші әр топ өздерін таныстыру.

Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса бойында .

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр бойында.

1-топ:« Алғырлар»» Ұраны:Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар.

2-топ:«Жұлдыздар» Ұраны: Оқусыз білім жоқ,Білімсіз күнің жоқ.

3-топ:«Қырандар» Ұраны: «Қырандай қалықтап самғаймыз!»

4-топ: «Тұлпарлар»Ұраны:«Біз талапты баламыз, Біліммен алға самғаймыз»


Жүргізуші: Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба ,орта жолда қалыспа.

Әділқазы бағалайды сіздерді,

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?

Сайысымызды бастамас бұрын, әділ баға беретін әділқазыларды сайлап алайық.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады:

І-кезең:«Зымыран сұрақтар»

ІІ-кезең: «Тапқыр болсаң,тауып көр»

ІІІ-кезең:«Ойлы болсаң,озып көр»

ІV-кезең: «Кім шапшаң»

V-кезең: «Жұлдызды бестік»

І-кезең.«Зымыран сұрақтар » бұл бөлімде оқушыларға әр түрлі тақырыптағы он сұрақ

қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1-топ:

1.Бүгін қандай күн?

2.Аптада неше күн бар.?

3.Жапырақ қай кезде сарғаяды?

4. Құстың негізгі тұратын мекені?

5.Сенің атаң әкеңе кім?

6.Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

7. Әр адамның шағын отаны.


2-топ:

1.Жылдың неше мезгілі бар?

2. Түйе сүті?

3.Тауық жеті қазынаға жата ма?

4. Бір жылда неше ай бар?

5.7 онд. 8 бірл. Қандай сан?

6.Құстың үйі.

7. Әр адамның шағын отаны.


3-топ:

1.Бағдаршамның көздері

2. Аптадағы күн саны

3.Алма ағашының жемісі

4.шашыңның түсі қандай?

5. Оң қолдағы саусақ саны

6.Тақтаға немен жазады?

7. Әр адамның шағын отаны.


4-топ:

1. Атаң мен әжеңе сен кімсің?

2. Қымыз қай малдың сүтінен жасалады?

3. Көру мүшесі.

4. Мемлекеттік тіл.

5. Қышқыл жеміс.

6. Қасиетті тағам.

7. Әр адамның шағын отаны.

ІІ-кезең: « Тапқыр болсаң,тауып көр»

Жүргізуші:Өз тілін жетік біліп үйренсе кім,

Ең жақын құрбысы Жиреншенің.

Оқушылар сергітіп бірін-бірін

Шешендігін көрсетсін бүгінгі күн.

Бұл бөлімінде жұмбақ жасырылады.

Жұмбақтарға жауап беріп, орыс және ағылшын тілдеріне аудару

1. Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады (қар- снег-snow)

2. Өзі жерде бұғып тұрады, Сақалы сыртқа шығып тұрады. (сәбіз-морковь-carrot)

3.Күндіз бәрі қашады,түнде аспанды басады. ( жұлдыз – звезда-star)

4. Тереземе ақ моншақ ұрып жатыр. Тиген бетте түк қалмай сынып жатыр.

(жаңбыр-дождь-rain)

5. Қорықпайды күшті аңнан ,Қорқады тек тышқаннан (піл-слон-elephant)

6. «Қабат-қабат қаттама,Ақылын болса аттама.» ( кітап –книга- book)

7.Ағайынды бәрі.Шықса жасыл,Түссе сары. ( жапырақ – листья-leaves)

8.«Үй ішін аралап,түнде көп жортады.Қаптарды жарып,Мысықтан қорқады.

( тышқан – мышь-mouse)

9.Жазу жазып жалықпаған,Жаза- жаза арықтаған (бор-мел-chok)

10.Алты қырлы,алтын сырлы (қалам-ручка-pen)

11.«Тонын кие туған, Жалап бетін жуған» (мысық-кошка-cat)

12.Асты тас,үсті тас, Ортасында піскен ас (нан-хлеб-bread)


ІІI кезең: «Ойлы болсаң,озып көр»

1-жүргізуші:Қатыссаңдар көтерілер көңіл-күйің

Ойынның ойнайсыздар неше түрін

Логикалық есепті шеше білсең,

Мақсатқа жетеміз-ау бізде бүгін.

Бұл бөлімде 8 логикалық есеп беріледі.

Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1.Табақта 7 алма Қолымда 5 алма Барлығын қосқанда Болады неше алма? (12алма)

2. Дуалдың астынан мысықтың 4 аяғы, тауықтың 2 аяғы көрінді.Дуалдың сыртында неше мысық,неше тауық бар? (1 мысық, 1 тауық)

3.Балалар еңбек сабағында орындыққа 12 аяқ дайындады.Бұл неше орындыққа жетеді? (3 орындық)

4. Тал басында тізіліп,Он жапырақ тұр еді, Жел соқты да үзілді ,Ұшып кетті біреуі. Ізінше оның үзіліп ,Түсті тағы бесеуі Тұр әлі де ілініп,жапырақтың нешеуі? (4 жапырақ) 5.Бірінші қатарда 7бала отыр,екінші қатарда одан 4 бала артық отыр. Екінші қатарда қанша бала отыр?(11)

6. 5+5+5 неше болады(15)

7.Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды? (Құрамында әрпі бар өрнекті)

8.Бір – бірімен жарысқа, Бес аю, бір арыстан Екі қой мен үш түлкі Бәрі нешеу, кім білді? (Барлығы 11)

IV-кезең: «Кім шапшаң?» Берілген геометриялық фигуралардан бір бейнені құрастыру.

V-кезең: «Жұлдызды бестік»топ ішінен жұлдызды бестікті анықтау.

Жұлдызшалар берілген,әр жұлдызшадағы сөздерден сөз табу

«Топ басшылар сайысы»

1-топ: а) Біздің Республикамыз қалай аталады?

Ә)Кім барлық тілде сөйлейді?(Адам,Жәндік,Жанғырық)


2-топ: а) ҚР-ның Президентін білесің бе? ә)Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)

3-топ: а)ҚР-ның рәміздерін ата? ә) 9 мамыр қандай күн? (Жеңіс күні)

4-топ :а) 3 түйеқұс ұшып келеді. 1-і аңшы атып алды. Неше түйеқұс қалды?

ә) Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (Елес,Көлеңке,Сурет)


Білімнің мініп алып тұлпарына

Қиналмай шықтық, міне, шыңдарына

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер

Бар ізгілік тек білімнен алынар

Білімменен аспанға жол салынар,- дей отырып, Жеңген топты марапаттау. бүгінгі «Жұлдызды бестік » атты интелектуалдық сайысымызды аяқтаймыз.








Пайдаланған әдебиеттер:

1. Бастауыш журналы №3,4, 2016ж

2.Бастауыш әдістемелік журналы №1 2017ж

3.Айгөлек,Бала би журналдары, №3,4

4. Әдебиеттік оқу ,2-3 сынып. Алматы кітап

5.Математика,2-3 сынып. Алматы кітап

6.Интернет сайт: Копилка урок, тәрбие сабақ сайт

7. Қазақша,орысша;ағылшынша сөздік



















Picture 2 Picture 2

Picture 2 Picture 2





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
795
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі