400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жұлдызды информатик

Материал туралы қысқаша түсінік
1) Оқушылардың білімге деген құштарлығын , ізденісін, қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығы








Ашық сабақ



Тақырыбы: Жұлдызды информатик

«1 st Akparat»

үйірме жетекшісі: Оразбекова Айгүл Әнуарбекқызы




















Қызылорда, 2019 ж.


Сабақтаң тақырыбы: Жұлдызды информатик

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Оқушылардың білім дағдысын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту;



  1. Оқушылардың білімге деген құштарлығын , ізденісін, қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  2. Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.

  3. Өзін – өзі басқаруға , ұйымшылдыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу



Бүгінгі біздің 7 -сыныптар арасындағы интеллектуалды ойын сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі кешімізге қатысушы топтармен таныс болыңыздар. 1– топ.вирустар 2– топ. Жас програмистер. Информатика сырлары, Қызықтырады біздерді. Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз сіздерді - дей келе отырып, сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне әділ баға беретін Әділқазылар алқасымен таныстыра кетейік. Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем, Әділдікке бас иеді күллі әлем. Жүйрік озар сайыстарда неше бір, Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! - деп, бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. Жарыс десе жаныңыз, Жасырғанды табыңыз. Күш сынасып көріңіз, Жеткенінше әліңіз (шамаңыз). Алғырлар мен тапқыштар, Бар өнерін салады. Білімді, көп оқыған болса егер, Бүгінгі күн жеңімпазы болады деп бүгінгі интеллектуалды сайыстың жүру тәртібімен таныстырып өтейік. 6 бөлімнен тұрады.

І кезең – Таныстыру

ІІ кезең – «Эрудиттер сайысы»

ІІІ кезең – «Тақанға - табыс»

ІV кезең – «Сиқырлы дорба»

V кезең – «Кім жылдам»

І-кезең «Кел танысайық»:

Топ аты және топ құрамымен танысу. Информатика пәніне байланысты сөздермен таныстыру керек. «Интернет» дарындылар тобы: Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз білімді, Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді. «Жас программис»- тапқырлар тобы Ұраны: Тапқырлық таныту мақсатымыз, Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

ІІ кезең – «Эрудиттер сайысы» 1-топқа сұрақ: 1. Компьютердің миы /процессор/. 2. Компьютердің ішкі жады /жедел жад/ 3. Компьютердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады. /монитор/ 4. Принтердің неше түрі бар? /3/ 5. Компьютер жұмысын арнайы басқаратын программа. /операциялық жүйе/ 6. Бүкілдүниежүзілік өрмек. /Интернет/ 7. Ақпараттың өлшем бірлігін ата. /бит, байт, кбайт, мбайт, гбайт/ 8. Іске қосу батырмасын ата. 2-топқа сұрақ: 1. Адам мен компьютер арасындағы байланыс. /интерфейс/ 2. Бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы /компьютерлік желі/ 3. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі. /жою/ 4. Алгоритм түрлері. /сызықтық, тармақталған, циклдік/ 5. ЭЕМ мен жұмыс жасағанда қандай қашықтықта отыру керек. /60-70см/ 6. Компьютер ауруы /вирус/ 7. Вирустарды жоюға және табуға арналған программа. /Антивирустық проограмма/ 8. Компьютерге мәтін енгізу батырмасы. /Пернетақта/ Жүргізуші: Жарайсыңдар, сайыскерлер, жарайсыңдар! Алдарыңда асулы талай шың бар. Шығармысың ойынан көрерменнің, Ой білімді толғантуға қалайсыңдар. ,- дей отырып,келесі ІІІ кезең – «Тақанға - табыс» Тарих Мақалды жалғастыру Жұмбақ Логика Суреттер әлемі Тарих. 1- 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған ең алғашқы программист кім? /Ада Лавлейс/ 2- Араб математигі, алгоритм ұғымын енгізген бұл кім? /Әл-Хорезми/ 3- 1642 жылы француз математигі ,қосу машинасын 19 жасында құрастырған бұл кім? /Блез Паскаль/ 4- Қазіргі компьютердің атасы кім? /Ч. Беббидж/ Мақалды жалғастыру. Компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал –мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан есептелінеді. 1-топқа 1. Жігітті компьютеріңе қарап бағала. (Жігітті досыңа қарап, бағала) 2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады.) 3. Вирустан қорыққан интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан егін екпес) 4. Компьютердің жұмысы иесіне мәлім. (Аттың сыры иесіне мәлім) 5. Бір ядролы процессордан, ал екі ядролы процессор артық. (Бір ақылдан, екі ақыл артық) 2-топқа 1. Білмесең, «анықтамадан»-дан сұра (білмесең білгеннен сұра) 2. Антивирусы күштіні- вирус ала алмайды (досы күштіні жау алмайды) 3. Күлсең ескірген компьютерге күл. (Күлсең кәріге күл) 4. Бір компьютерің болғанша, он Ноутбугін болсын (жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын) 5. Копьютердің қадірін сынып қалғанда білерсің (ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің) Жұмбақ І топқа арналған 1.Ұзынтұра жалқаубек, 3.Барлық сурет мәтінді Тұрмай ылғи жатады Компьютерге енгізген Қозғала қалса артынан Керек емес жерімді Ешбір белгі қалмайды (бос орын) Компьютерде өшірген (сканер) 2. Компьютермен енеді, 4. Тетігін бассан алаңсыз 5. Батырманы басасың Қағазға басып береді(Принтер) Жазады қағаз, қаламсыз (компьютер) Қажетіңді ашасың.(тышқан) ІІ топқа арналған 1. Компьютердің айнасы 2. Бар нәрсеге жетік 3. Ақпаратты таратқын Бағдарыңды таңдашы Миы күшті тетік Жұртты өзіне қаратқан . (жүйелік блок) Сурет салып көмектесіп Ол арқылы сөйлесіп Тиер саған пайдасы (монитор) Кетесін шет елге өтіп (интернет) 4. Қанша тетік тізілген 5. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да Саусағында терілген Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш) Барлы сенің ойынды Компьютерде енгізген (пернетақта) Логика: 1. Мектептегі сайыста Айнаш басынан санаса да, соңынан санаса да 5-орында тұрады. Сайысқа неше адам қатысқан?/Жауабы: 9/ 2. Қайыңда 4 бұта бар. Әр бұтада 4 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма? /қайында алма өспейді/. 3. Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты, неше тәулік боран соқты? / 4 тәулік/ 4. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?/ Маржан-Асқардың қызы, Айжан-Мұраттың қызы./ Суреттер әлемі 1. 2. I. Сиқырлы дорба Бұл кезеңде әр топ кезекпен дорбадағы бөшкелерден сұрақ таңдау арқылы өздеріне ұпай жинайды. Әрбір дұрыс жауапқа он ұпайдан беріледі. Барлығы 4 cұрақ - Ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен ата: (бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт) Paint графикалық редакторы не үшін арналған және оны қалай іске қосамыз? (Сурет салуға арналған, пуск -программы -стандартные -Paint) Пернетақтадағы F1-ден F12-ге дейінгі пернелер комбинациясықалай аталады? (функционалдық пернелер тобы) Ұяшық” және “цикл” терминдерін алғаш рет қолданған ғалым. Атақты ағылшын ақыны Джордж Байронның қызы (А.Лавлейс) ІҮ бөлім – «Кім жылдам» бұл кезеңде берілген торкөздердегі әріптерден көрсетілген сөзжұмбақта жасырылған сөздерді табу керек 4 минут ішінде. Әр тапқан сөзге 20 ұпай беріледі. Жауабы:Жасырылған сөздер: микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз,байт,пиксель, архив,жад, абонент, модификация,ұя,файыл, монитор, модем, интернет, байт, антивирус

. М Т П Л О Т Т Н О М И Ы П Р Р Т Е И Д Е К Ш Н И Е Е Р О М М Р Қ А Н Т Р Н Н И Т О Н Т С Ө З Е Т Р О П А И Б А Й Т Т Е З Р М В П И К М Е Р Е О Ә И А Р С О Ұ А Ф Ц Т Р И Х Е Д Я Й Л Е І У В Ж Л И Я И Ц С Н С Д А Ь Ф И К А С О Р А Б О Н Е Н Т Қорытынды:Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030 жылы барысқа апаратын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек эксперттерде. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі). Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.05.2019
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі