Материалдар / "Жұлдызды Жаңа жыл-2024"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Жұлдызды Жаңа жыл-2024"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналған ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2024
84
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5 мектеп – лицей



«Жұлдызды Жаңа жыл – 2024»

(Жаңа жылдық ертеңгілік) Picture 1

Picture 2



Өткізген: Ермагамбетова А.С

Тәжібаева С.М





Шалқар, 2023 жыл


Жұлдызды жаңа жыл – 2024”

5.6 сыныптар

5 хоровод

2 би

1 жеке ән

2 ата ана номер

Монтаж арасына

Жұлдыз - Салтанат

Күн – Әйгерім


Фанфар

Фон

Жұлдыз:

Жаңа жыл. Жаңа күн. Жаңа нұр

Қуанып шаттанып бала жүр

Түн жұлдызы жарқырайды әрқашан

Жаңа жылда айтылады жаңа жыр.


Жаңа жылда жұлдыздарды табайық

Әрқайсына сый беремін, санайық

Жыл бойына жетістігін толтырған

Сыныптың

жұлдыздарын қарсы алайық


Күн:

Шуақ шашып жылытқан бар маңайды

Күндей биік армандарға қарайды

Осы кеште оқушылар күндей күліп

Ән айтып та, би билеп жарқырайды.


Күн болып күлім қаққан құндыздарым

Жалт-жұлт еткен жымиған жұлдыздарым

Жаңа жылдың кешінде ән салайық

Жаңа жылды көп күткен ұл -қыздарым


1 ХОРОВОД


2023 жыл қоян жылы кіріп келеді

(қасқыр қуып келеді)


Жұлдыз: Бұл, қоян емес пе?

Күн: Әрине. Қоян, амансың ба?

Қош келдің біздің шыршаға

Жыл бойы сенімен бірге

Балалар жүр шаттана.

Қоян (алқынып тұрады) :

Жұлдыз, Күн амансыңдар ма?

Дөп түстім ғой шыршаға

Жаңа жыл болғалы бері

Ұнамай қалдым қасқырға?

Айтыңдаршы жауызға

Тиіспесін деп қоянға?


Жұлдыз:

Қасқыр амансың ба!

Қош келдің біздің шыршаға

Ашуыңды баса ғой

Ойна, биле ән сала.


Қасқыр:

Аманбыз, аманбыз

Шырша өтпей ме қоянсыз?

Кедергі болма асыма!

Бәрібір біздер жаманбыз.


Күн:

Жоқ, қасқыр, біз олай ойламаймыз,

Керісінше, қол созып, ән жолдаймыз

Балалар, айтыңдаршы?

Қасқырды қалай қолдаймыз?


1 бала:

Жұмбақ айтып жасырайық,

Жауабын тапсын анық.

Біз сонда дос боламыз

Кетпесін сөзден тайқып


Барлық бала: Иә, иә деп айту керек.


Қасқыр қорқып:

Жарайды, не деген көп едіңдер?

Табайын, жасырып көріңдер?


2 бала: 1жұмбақ

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)


3 бала: 1 жұмбақ

Бір кісінің он екі баласы бар,

Іштерінде ақ, сары, қарасы бар.

Әр баласы сапарға шыққан сайын,

Отыз шақты серігін ала шығар (жыл он екі ай)


Қасқыр барлығын анық табады.


Жұлдыз:

Көрдің бе, қасқыр, өзің ақылды екенсің

Қорықпайтын батыл екенсің

Біз сенімен дос боламыз

Жаманмын деме сен, бұл енді бекер шын


2 ХОРОВОД


Қасқыр:

Жұлдыз, балалар да әдемі екен,

Киімдері қандай көркем

Қоян жылы барлығы да

Талай жеңіс алған екен.


Сен секілді жұлдыздар

Бар ма биші ұл-қыздар?


Би: Жұлдыздар


Фон:

Уэнсдей кіріп келеді.

Барлығы таңырқап, қорқып қалады.


Уэнсдей

Менсіз, қандай Жаңа жыл

Менсіз қандай Жаңа жыл

Жек көремін шыршаны

Өтпейді

Осы кеште Жаңа жыл!


Күн:

Қандай жансыз , сіз кімсіз?

Кімді іздеп, қайдан жүрсіз

Шыршамыздың шамдары

Жарқырайды

Келіңіз бірге, көріңіз!


Уэнсдей

Жоооқ,

Мен қараңғылық әлемі

Шырша жанбасын‼!

Осылай тұрса әдемі


Жұлдыз:

Балалар, кім таныды мына жанды

Биі де, өзі де ерекше мына жанды

Нестейміз?

Жандырмаймын дейді жасыл шаршаны


1 бала

Бұл Уэнсдей,

Әлеуметтік желі арқылы танимыз


2 бала

Барлық бала ұқсаймын деп Уэнсдейға

Биін билеп, түсірдік Инста, Тиктокқа


3 бала

Уэнсдейді танымайтын бала жоқ

Тіпті биін жатқа білер бала көп


Барлығы Уэнсдей қасына барып соның әнімен би билейді.


Би: Уэнсдей


Уэнсдей:

Жарайды, балалар

Тиіспеймін шыршаға

Мені танып, билеген

Рахмет айтам баршаға


Жаңа жыл деген мереке

Думанды екенін білмеппін

Қайтайын енді еліме

Шыршаға енді тимеспін.


Қоян:

Уэнсдей, кетпе, ортаға қосыл

Сыйлықтар бар не бір тосын

Қимай тұрмын барлық жанды

Қоштасар уақыт таяп қалды


Күн:

Балалар, жаңа жылда келіп қалды,

Ескі жыл соңғы рет

Билейік ән сап

Дөңгелене айналып жасыл шыршаны


3 ХОРОВОД


1 бала:

Ескі жыл саған өкпем жоқ

Достарым аман, көңілім жоқ

Жыл бойына қолдап келдің

Аман бол, саған алғысым көп


2 бала:

Коян жылы, берекелі болды

Әр үйде той, мерекелі болды

Жыл бойына достарымыз

Түрлі-түрлі жеңісті болды


3 бала:

Ескі жылым жолың болсын,

Денің сау, басың аман болсын

Қорықпай жүр ешкімнен

Сау бол, қоян, жолың болсын


БАРЛЫҒЫ:

САУ БОЛ, ЕСКІ ЖЫЛ


Күн:

Достар, осы жаңа жылдың символы, басты кейіпкердің кім екенін білесіңдер ме?


Балалар: Аяз ата мен Ақшақар


Күн:

Адамдар Аяз атаны әр елде

түрліше атайды, мысалы, Ресейде

Дед Мороз, Францияда Пэр Ноэль


Жұлдыз:

Жапонияда Сегацу-сан

десе,

қазақ халқы оны Аяз Ата деп

атайды. Олай болса, Жаңа жылдың

символдары, басты кейіпкерлері - аяз Ата

мен Ақша қарды ортаға шақырайық.

(Аяз ата мен Ақша қарды шақыру)

Аяз Ата: Ау, амансың ба ұлдарым,

Ау, амансың ба қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың,


Күн: Қош келдіңіздер. Біз сіздерді

мерекемізде көруге шын жүректен

қуаныштымыз.


Аяз ата: Біз де сендерді көруге,

Халдеріңді білуге,

Асулардан асып,

Аппақ қарды басып жетіп қалдық.


Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтап,

Ойнап, билеп, күлуге келдік балалар!


Монтаж

Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың!

Тоғай да, баулар да,
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.

Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.

Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді!
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!

Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын!
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!


4 ХОРОВОД


Аяз ата:

Жарайсыңдар, балалар.

Киімдерің де, өлеңдерің де әдемі.


Күн:

Аяз ата армысың

Аман-есен бармысың

Жұлдызды жасыл шыршаға

Келіп қалдың, армысың


Өнерлі бізде бала да,

Талантты ата-ана да

Сізді күтіп қуанып жүр

Барлығы да тамсана


Ата-аналар номер


Жұлдыз:

Балалар, ескі жылмен қоштастық,

Барлығымен достастық

Аяз ата, Ақшақармен амандастық

Сонда ба біздің жұлдызды жаңа жылымызға не жетіспейді.


Балалар: Жаңа жыл


Барлығы

ИӘ, Жаңа жыл, жаңа жыл….


ҰЛУ ЖЫЛЫ кіріп келеді

Мен, жаңа жыл, ұлумын

Ерекшемін, сұлумын

Алып келдім халқыма

Жақсылықтың жылуын.


Құтты болсын Жаңа жыл

Жаңа бақыт. Жаңа нұр

Тілеймін мен баршаңа

Жаңа табыс. Жаңа жыр


Күн:

Қош келдің, Жаңа жыл


3 бала монтаж

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып…

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

Ғасырдың он екінші жылы келді,

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

338тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!