«Жұлдызды сағат »
математикалық сайысы
(6
сыныптар
аралығында)

Математика пән мұғалімі:
А.П.Пірімбет
« Жұлдызды сағат»
интеллектуалдық ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін,
ой ұшқырлығын оқуға ынтасын
арттыру. Ұйымдастырушылық
қабілетін дамыту. Оқушыларды
ұйымшылдыққа, нақты пәнге
қызығушылыққа, жауапкершілікке,
өзін- өзі тәрбиелеуге,
шапшаңдыққа, білімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, слайдтар,
үлестермелі қағаздар,
Әр топқа даярланған үстел,
эмблемалар.
Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты, ұлағатты
ұстаздар, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сайыскерлер, «Математика –
ғылымдар патшасы» дегендей, бұл ғылым адам өміріне оның ой-өрісінің
дамуына аса қажет. Математика пәніне деген қызығушылығымызды
арттыру мақсатында өткізгелі отырған «Жұлдызды сағат» атты
кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:Сандардың біз сырына
үңілеміз,
Үйренбеген достардан
түңілеміз,
Білгеніңді бұл пәннен
жасырсаңдар,
Бүгін достар, әрине жеңілеміз-
дей келе бүгінгі кешімізді ашық деп
жариялаймыз.
1-жүргізуші: Шапшаң ойын
ойнайтын,
Ұл-қызың шықса
ортаға,
Шақырайық
сайысқа,
Топтар шықсын ортаға- дей
отырып ойынға қатысушы топтарды ортаға
шақырайық.
6 «а» сынып – «Жас
ұрпақ»
6 «ә» сынып –
«Сұңқар»
6 «б» сынып –
«Болашақ»
2-жүргізуші:Сайыста бақ сыналар, бап
сыналар,
Бас жүлдені өнерлі тапқыр
алар,
Кім өнерлі, кім шапшаң шешу
қиын,
Қазылар алқасы болмаса нақ
сыналар.
Кез-келген сайыс бағалануы
тиіс. Осының ара-жігін ажырататын қазылар алқасы. Бұл- жарыстың
ажырамас бір бөлігі, дәстүрлі үрдісі. Бізде сол үрдіс бойынша
әділдігін айтып, тура шешім шығарар қазылар алқасымен таныстырып
өтейік.
1.Қайырмаганбетова
Б
2.Сағындыққызы
К
3.Сакиева
Г
1-жүргізуші:Сайысымыздың өтілу тәртібімен
таныстырып өтейік:
1.Сәлемдесу рәсімі.
(аты,ұраны)
2.Есеп шығара білесіңбе?
(есептер шығару)
3.Тапқыр болсаң, шешіп көр.
(логикалық есептер)
4. Полиглот. (жауабын 3 тілде
айту)
5.Сен білесіңбе?
(математикалық сұрақ)
6. Ақылдассаң,
шешерсің.
Олай болса сайысымызды
бастайық.
2-жүргізуші:Өнер қуып оқушылар
өтер деймін,
Бір басына өнерлері жетер
деймін,
Бәске түссе оқушылар
кезектесіп,
Таныстырып топтарын өтер
деймін.
І.Кезекте сәлемдесу рәсімі.
(әр топ өз топтарын таныстырып өтеді)
1-жүргізуші: Өмірде ойлап
тұрсаң, бәрі де –есеп,
Ауырсаң ішетұғын дәрі де
–есеп,
Есепсіз сүрген өмір
мазмұнсыз-ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп
десек- деп келесі турға көшейік.Бұл турда әр топқа бір-бір есептен
беріледі, сол берілген есептерді топ мүшелерінің әрқайсысы келіп
бір амалдан орындап, есептің шешуін табу
керек. Әр дұрыс
амалға 5 ұпай
беріледі.
1-топқа: 7х – 3 –
2х = х + 9
2-топқа: 13 – 2х +
5 = х - 3
3-топқа: 3х – 10 +
9х =
22х
2-жүргізуші: Ең қиыны сайыстың
енді келді,
Мықтылары қалыпты ,жеңсін
енді,
Тез қимылда, ойланып тұрып
қалмай,
Осы ойыннан көрейік ерен ерді-
деп ,3-ші турға өтейік. Бұл тур
« Тапқыр болсаң, шешіп көр»
деп аталады. Ойынның шарты бойынша әр топ ұяшық нөмірлерін
таңдайды.Сол ұяшықтың сұрағына жауап береді. Дұрыс жауапқа 5 ұпай
беріледі. Бірінші болып ұяшықты «Жас ұрпақ» тобы бастайды. Ол топ
білмеген жағдайда келесі топ алдындағы жұлдызшаны көтеру арқылы
жауап береді.
І-ұяшық: Қояндар бөренені
арамен бөліп жатыр.Олар 14 жерден кесті.Неше бөлік пайда болды?
(15)
ІІ- ұяшық: Алмұрт алмадан
ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, алде өрік ауыр ма?
(алмұрт)
ІІІ-ұяшық: Еменде 3 бұтақ , ал
әр бұтақта 3 алмадан бар ,Барлығы неше алма бар? ( еменде алма
өспейді )
ІV- ұяшық : Бөлмеде 2 ит, 3
құс , 1 шыбын бар. Жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде
қанша болады. ( 20 )
V-ұяшық : Анасы 16 мандарин
сатып алған.Жартысын Думан жеді, Айша 2 мандарин жеді, қалғанын
Дана жеді.Дана неше мандарин жеді? (6)
VI-ұяшық: Егер 7 жұмыртқаның
бағасы 7 теңге болса, сонда 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге?
(100)
1-жүргізуші: Көп тілді меңгеру заман талабы
болып отырғандықтан, қатысушылардың шет тілін қаншалықты
меңгергенін ойынымыздың келесі бөлімі
IV- тур
«Полиглоттан» байқайық. Бұл
бөлімде жасырылған сөзді немесе жұмбақ шешуін үш тілде қазақша,
орысша, ағылшынша айту керек. Үш аудармасын дұрыс шешсе - 15 ұпай.
Екі аудармасын дұрыс шешсе - 10 ұпай, біреуін тапса - 5 ұпай
беріледі.
1. Жоқ өзінде бас та, қас та,
мойында,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
Жауабы: сызғыш, линейка, ruler
2. Қабат, қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
Жауабы: кітап, книга, book.
3..... жылда ел жаңа.
Жауабы: eлу, пятьдесять, fifty.
4.... теңгең болғанша,
... досың болсын.
Жауабы: жүз, сто, one hand red
5. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан – жағыңа қарамай.
Жауабы: натурал сан, натуральные числа, real
6. Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады?
Жауабы: дәреже, степень, power
2-жүргізуші: Білімнің
ұшқырлығын танытып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа
сен.
Уақыт деген зымырап, зулап
жатыр.
Шапшаңдық бұл сайыста керек
екен- деп топтарға сұрақтар қойылады. Жауабын тапқан әр топ
алдындағы жұлдызшаны көтеріп арқылы жауап береді. Дұрыс жауап 5
ұпаймен
бағаланады.
Заттарды санау үшін
қолданылатын сандар қалай аталады?
(натурал)
Нөлге және жұп цифрларға
аяқталатын сандар қалай аталды? (жұп)
Қандай сан жай сандар деп
аталды? (өзіне және 1-ге ғана бөлінеді)
1 дц –де неше сантиметр бар?
(10)
1 сағатта неше минут бар?
(60)
37 санында неше ондық ,неше
бірлік бар? (3 ондық, 7 бірлік)
Санды өрнек неден құралады?
(саннан)
3 санын 3 рет қосқанда неше
болады? (9)
Барлық қабырғалары тең тік
төртбұрыш ?( шаршы)
Ұзындықтың өлшем бірлігі? (
метр)
Қандай сан барлық санға
қалдықсыз бөлінеді? (0)
Ең үлкен уақыт өлшемі?
(ғасыр)
2-ге бөлінбейтін сандар не деп
аталады? (тақ )
Алымы бөлімінен кіші бөлшек?
(дұрыс)
Алымы бөлімінен үлкен бөлшек?
(бұрыс)
1-жүргізуші: Сайыс –толқын
жатқандай асып тасып,
Біреу мығым біреулер шалыс
басып,
Бұл сайыста байқалар
тапқырлық,
Жеңсеңде , жеңілсеңде қалма
жасып.
VI-тур «Ақылдассаң,
шешерсің».Ойынның шарты бойынша әр топқа
үлестірмелі қағаздардар таратылады.
Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
1-топ. 88888888 сандардың
арасына қосу таңбасын қою арқылы 1000-ды қалай шығаруға
болады?
888+88+8+8+8=1000
2-топ.
Бесбірліктің көмегімен 100
санын жаз: 111-11=100
3 – топ.Бес бестіктің көмегімен 100 санын жаз:
5*5*5-5*5=100
2-жүргізуші: Сайысымыздың
соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділ қазылар сөз
алады,
Сайысымыздың жеңімпаздарын
анықтап,
Мақтау қағаз ,сыйлықтарын
тапсырады.
Сөз кезегі әділ қазы
алқасында.
1-жүргізуші:Бүгінгі сайыс
талай шабыт шыңдады,
Кеш қызығын талай адам
тыңдады.
Тәрбиелер тәлімі, мол,
әсерлі,
Бөлеп егер, көңіл жарқын
таңдады- дей келе бүгінгі кешімізді жабық деп
жариялаймыз.