«Жұлдызды сәт» атты пәндік сабақтан тыс іс- шара
Мақсаты: Білімділік: Жалпы информатика курсы бойынша студенттердің білімдерін тиянақтау, ой- өрісін кеңейтетін тұжырымдар жасату және пән бойынша білімдерін тереңдету.
Дамытушылық:Студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойларын айта білуге үйрету, шығармашылық қабілетін және ой ұшқырлығын дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді бірлікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, бәсекелестік қабілетін, ұжымдық сезімге тәрбиелеу.
1- жүргізуші: ___________________________________________
2- жүргізуші: __________________________________________
(Күй ойналады)
1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар!«Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз.
2- жүргізуші:
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21- ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
-
жүргізуші:
Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды
Информатика озады бар ғасырды
Ой түйіндеп, жетелейді адамды
Әлі ашылар құпиялар сан қырлы- дей келе бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын шарты: «Жұлдызды сәт» ойынына 1 курс оқушыларынан құралған 3 команда қатысқалы отыр. Әр команда 2 ойыншыдан құралған. Ойын 5 кезеңнен тұрады.
І кезең «Жеті жұрттың тілін біл »
ІІ кезең Қисынды ойлай білейік
ІІІ кезең Жұлдызды ұяшықтар
ІV кезең Ғажайып қаламсаптар
Ү кезең Капитандар сайысы.
Командалармен танысып өтейік:
1-ші «Бірлік» командасы, команда мүшелері
_________________________________________________________________
Ұраны: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»
2-ші «Жеңіс» командасы, команда мүшелері

Ұраны: «Тек қана алға»
3-ші «Ақиқат» командасы, команда мүшелері
__________________________________________________________________
Ұраны: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен білімің екі жақтан»
2-жүргізуші:
Әділ халқым берерсің әділ баға
Білімі мен білігін салыстырып- дей келе ең алдымен сіздерді осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
-
___________________________________________

1-жүргізуші:
Жас достарым, мұны айтайын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Сәйкес ұпай, шәкірт, саған несібе – деп, кезеңімізді бастайық–дей отырып сайысымыздың І кезеңі «Жеті жұрттың тілін біл » кезеңін бастаймыз. Әр топқа 7 сұрақ қойылады, сұраққа дұрыстығына байланысты алдарыңдағы сандарды көтеріп жауап беру керек,тапқан құрылғыны ағылшын тілінде, орыс тілінде айтуы керек, әр дұрыс жауап 5 балл болып есептеледі.
(Сұрақтарды екі жүргізуші әр командаға кезекпен оқиды)
І кезең. «Жеті жұрттың тілін біл » кезеңі
Бұл құрылғыны компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі қолданады.
5.Сканер -scanner-мәтіналғы
Бұл құрылғы өзін тегіс бетке қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын манипулятор.
1.Мышка-mause-тінтуір
Бұл құрылғы мәтіндік жəне сызбалық ақпаратты бейнелеуге, пайдаланушы мен компьютер арасындағы ақпараттық байланысты қамтамассыз етуге арналады.
3.Монитор-monitor-монитор
Бұл құрылғы мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы.
6.Принтер-printer-басып шығарғыш
Бұл құрылғы ақпараттарды енгізуге арналған құрылғы. Функционал, символдық, цифрлық немесе қосымша, меңзерді басқару пернелерінен тұрады.
7.Клавиатура-keyboard-пернетақта
Бұл құрылғы компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор.
2.Джойстик-joystick -ойынбасқарғыш
Бұл құрылғысыз компьютер мылқау күйде болады.
4.Акустикическая коллонка-acoustic columns -дыбыстық колонкалар
2-жүргізуші:
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
1-жүргізуші: Сонымен ІІ кезеңіміз «Қисынды ойлай білейік». Бұл кезеңде берілген суреттерді дұрыс құрастыру арқылы сөзді табу қажет.
2-жүргізуші:
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста.
Олай болса келесі «Жұлдызды ұяшықтар» кезеңінің шарттарымен таныстырып өтсек. Бұнда алты ұяшықта сұрақтар берілген, әр қатардағы сұрақтарға жауап беру керек. Дұрыс жауап 5 баллмен есептеледі. Әр команда ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Алдыңғы екі кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған командаға бірінші болып ұяшық таңдау мүмкіндігі беріледі. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда келесі командаларға жол беріледі.
Бұл кезеңнен кейін ұпай саны аз келесі команда ойыннан шығарылады.
1 ұяшық:
1. Ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Деректерге қарағанда оның жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған.
Сұрақ: Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар не деп атаған? (Жауабы: «Абак»)
2. Бірінші электронды есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды, құрастырушылар Дж. Моучли мен Дж. Эккерт болды.
Сұрақ: Бұл алғашқы ЭЕМ қалай аталды?
(Жауабы: «ENIAC»)
3. (ЭЕМ суреттері эранда көрсетіледі)
1944 жылы американ математигі Говард Айкен Гарвард университетінде программамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге негізделген есептеуіш машинасын құрастырды.
Сұрақ: Бұл ЭЕМ қалай аталды?
(Жауабы: «Марк-1»)
4. 1694 жылы Вильгельм Готфрид Лейбниц Блез Паскальдің идеясын дамытып механикалық есептеу машинасын құрастырып шығарды?
Сұрақ: Бұл ЭЕМ қалай аталды?
(Жауабы: «Арифмомтер»)
5. Ол 1642 жылы он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды?
(Жауабы: «Блез Паскаль»)
6. Ол 1833 жылы программамен басқарылатын «Аналитикалық машинаны» құрастырып шығарған болатын.
(Жауабы: «Чарлз Бэббидж»)
-
– жүргізуші: «Жұлдызды ұяшықтар» кезеңі де біз үшін қиынға соқпады.
1-жүргізуші: «Ғажайып қаламсап» кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар мәтіндік Word бағдарламасында Информатика тақырыбында 5 жол өлең шығарып жазады. Сол өлеңді өрнектейді.Өлеңдерін тақтада көрсетеді.
1-кеме: Информатика әлемі,
Қызығы мол әдемі.
Компьютердей құралды,
Меңгердік-ау біз енді.
2-кеме: Кемел біздің болашақ,
Алға мынау қарасақ.
Компьютердей болар – ау,
Адамдар да ғажап –ақ.
3-кеме: Информатика сабағы,
Үйретеді жаңаны.
Өркениетті ел болып,
Жаңалық та табады.
2-жүргізуші: Командалар өлеңдерін шығарып біткенше көрермендерге информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек.
(Екі жүргізуші кезекпен кезек мақал оқиды)
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады
-
– жүргізуші:
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшантық бұл сайыста қажет екен- дей келе соңғы кезеңімізді бастайық.
1- жүргізуші: Бұл кезең «Капитандар жарысы» сайысы деп аталады.
Шарты: Екі команда капитандары Kahoot онлайн тест3леу бағдарламасынан сұрақтарға жауап береді .
2 – жүргізуші: Сонымен, әділқазылар алқасы жалпы ұпай нәтижесін есептеп шығарғанша, көрермендер арасында сайыс ұйымдастырылады. Көрермендерге пәнге байланысты терминдер жасырылған «Венгр сөзжұмбағын» жасырамыз. Көрермендер екі топқа бөлініп, тапқан терминдерін қағазға түсіріп отырады.
|
М |
Т |
П |
Л |
О |
Т |
Т |
Н |
О |
М |
|
И |
Ы |
П |
Р |
Р |
Т |
Е |
И |
Д |
Е |
|
К |
Ш |
Н |
И |
Е |
Е |
Р |
О |
М |
М |
|
Р |
Қ |
А |
Н |
Т |
Р |
Н |
Н |
И |
Т |
|
О |
Н |
Т |
С |
Ө |
З |
Е |
Т |
Р |
О |
|
П |
А |
И |
Б |
А |
Й |
Т |
Т |
Е |
З |
|
Р |
М |
В |
П |
И |
К |
М |
Е |
Р |
Е |
|
О |
Ә |
И |
А |
Р |
С |
О |
Ұ |
А |
Ф |
|
Ц |
Т |
Р |
И |
Х |
Е |
Д |
Я |
Й |
Л |
|
Е |
І |
У |
В |
Ж |
Л |
И |
Я |
И |
Ц |
|
С |
Н |
С |
Д |
А |
Ь |
Ф |
И |
К |
А |
|
С |
О |
Р |
А |
Б |
О |
Н |
Е |
Н |
Т |
Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, жад, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, байт, антивирус.
(Көрермендер орналасу реті бойынша екі топқа бөлінеді
1 – жүргізуші: Сонымен, әділқазылар шешімі дайын болса, тыңдайық.
(Әділқазы төрағасы сөйлейді, жеңіске жеткен команда анықталады.
2 – жүргізуші: Осымен сайысымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен алғысымызды айтамыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жұлдызды сәт!

шағым қалдыра аласыз