400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жұлдызды сәт

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал биология пәнінен сабақ беретін ұстаздарға көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ә.Құдабаев атындағы №197 қазақ орта мектеп







Сыныптан тыс жұмыс




Тақырыбы: «Жұлдызды сәт»

Пәні: Биология

Сыныбы: 9 «А,Ә,Б»

Мұғалімі: Ердібекова Ж.






















Қызылорда, 2019ж.

Бекітемін:

Уақыты: 15.02.2019ж.

Сайыс сабақ: "Жұлдызды сәт"
Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, бүкіл тіршілік атаулыны, қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға баулу және патриоттық тәрбие беру.
Барысы:
Армысыздар, "Жұлдызды сәт» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымыздың шарты мынадай:
1. Таныстыру.
2. Иә, жоқ.
3. Бейнеле.
4. Ойымдағы жұмбақ.
5. Кім көп біледі?
6. Жалғасын тап.
7. Жарыспа, жарысқан соң қалыспа.
8. Қорытындылау.

1. Таныстыру. Сайысымыздың бірінші шарты таныстыруға кезек берсек.
2. Иә, жоқ. 3 топқа 5 сұрақ беріледі. Сол сұрақтарға иә, немесе жоқ деп жауап беруі тиіс, дұрыс жауап 5 ұпай.

« Алғыр» тобына
1. Тірі табиғат жүйесі 5 дүниеден тұрады (иә).
2. Нәруыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылдары - ағзалық заттар (иә).
3. Бактериялар латынша "у" деген сөз (жоқ).
4. Тірі организмдердің негізгі қасиеті: зат алмасу, қоректену, тынысалу, қажетсіз заттарды бөлу, тітіркенгіштік, қозғалу, көбею, өсу, даму және тіршілігін жою (иә).
5. Бактерия жасушаларына енбейтін вирус - бактериофаг деп аталады (жоқ).

«Тапқыр» тобына
1. Иммунитет - ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті (иә).
2. Вирустар жасушадан тысқары тіршілік ете алады (жоқ).
3. Микробиология ұсақ, көзге көрінбейтін ағзаларды зерттейтін ғылым (иә).
4. Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауыруын "індет" деп атайды (иә).
5. Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы - тазалық ережелерін сақтамау (жоқ).

«Ептілер» тобына
1. Бактериялар қоректенуіне қарай 2 - ге бөлінеді (иә).
2. Сапрофиттер - жануарлардың өлекселері мен өсімдіктердің қалдықтарында мекендейді (иә).
3. Саңырауқұлақ - өсімдіктерге жатады (жоқ).
4. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым - алгология деп аталады (жоқ).
5. Жалған түлкіжем - улы саңырауқұлақ (иә).

3.Бейнеле. Бұл кезеңде әр топқа әр түрлі сөздер беріледі. Барлық сөздер биологияға қатысты .Әр топтан 1 оқушы шығып өз тобына қимыл қозғалыспен көрсету керек. Қимыл –қозғалысқа 1 минут уақыт беріледі. Әр тапқан сөзге 1 ұпай.
« Алғыр» тобына Аққала, құлақ, шаш, нәски, өкпе, жүрек, көзілдірік, микраскоп, банан, маймыл

«Тапқыр» тобына Гүл, алма, бауыр, саусақ, түйе, жылан, лупа, су, қоян, шемішке,

«Ептілер» тобына Көз, мұрын, асқазан, құрбақа, ит, сиыр, қауын, асқабақ, кірпік, алмұрт

  1. .Ойымдағы жұмбақ. Бұл бөлімде биология пәніне байланысты жұмбақ жасырылады. Әр жауапқа 10 ұпай.

Алғашқы буыны - заттың түсі,
Жылпос деп ұқ - екіншісі.
Көлдің сәні - сымбатты құс,
Атын тауып айқындай түс.
(Аққу)

Бірінші буыны - жылға кірмей қалатын,
Екінші буыны - әуелеп ұша алатын.
Таптың ба, кәне балақай,
Сонда бұл қай құс болады?
(Түйеқұс)

Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс.
(Жүгері)

Шелпек, тоқаш, таба нан
Анасы бір бәрінің
Туа шашы ағарған
(Бидай)

Шай қалдығында бар әріп
Алмасқанда жаңа сөз болады.
Шақса адамды қызарып,
Құрсағына қан толды түрлі
(Сама - маса)

Жанға шипа өсімдіктің нәрінен
"Р" әрпін "Б" әрпіне ауыстыр
Жою керек, аулақ оның кәрінен
Қай жәндік, бізге соны таныстыр?
(Шырын - шыбын)


Күбір-күбір қарағым,                      

Қартайғанша жарадың.                    

Осы айтқан жұмбақты,

Дұрыс тапсаң жарадың. (құлақ)


Қызыл түлкі шықпайды                        

Өз інінен шықпайды. (тіл)

Сауле артында жүз ине,                       

Десек сөзді жасырдым.                       

Тапқыр болсаң тауып көр

Қулығымды асырдым     (кірпік)


5. Кім көп біледі? Бұл бөлімде алфабиттен 3 әріп беріледі, сол әріптен басталатын биологиялық сөздерді жазу керек. Әр сөзге 1 ұпай.Уақыт 2 минут
«А, Н, М»

6. Жалғасын тап. Бұл ойында топқа доп беріледі әуен ойнап тұрады .Әуен тоқтағанда доп кімнің қолында қалды ұнаған қағазын ашып жалғасын табады Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Әр мақалға 1 ұпай


Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.


Жауынмен жер көгереді,

Батамен ел көгереді.


Ағаш тамырымен мықты,

Адам дос-жарымен мықты.

Қоян көлеңкесінен қорқады.

Ит жоқ жерде шошқа үреді.

Арпа бидай ас екен,
Алтын – күміс тас екен.


Жалтырағанның біәрі – алтын емес.


Ас сөз алтын, көп сөз көз көмір.


Сабыр түбі сары - алтын.


Қойдың сүті – қорғасын.


Қыз елдің көркі

Гүл жердің көркі


Аш құлақтан —
Тыныш құлақ.


Естіген құлаққа жазық жоқ


Көрсең көзің тоймайды


Бір құлағынан кіріп, екіншісінен шығып кетеді.


7. Жарыспа, жарысқан соң қалыспа. Бұл кезеңде логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
« Алғыр» тобына
1. Қаз, адам, қарақат! Осы үшеуін не байланыстырады? (А әрпі)

2. Бала - аяғы жоқ 9, басы жоқ 6, ортан белі жоқ 8 балық ұстады. Балығы неше балық? (ешқандай балық ұстамады).
3. Итпен биттің айырмашылығы неде? (Иттің үстінде бит болады, бірақ биттің үстінде ит болмайды.)

«Тапқыр» тобына

4. 9 бас, 22 аяқ. Неше тауық, неше ешкі (2 ешкі, 7 тауық).

5. Жеген сайын жылататын нәрсе? (Таяқ)

6. Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не? (“а” әрібі)

«Ептілер» тобына
7. Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі? (Ұзынағашта)

8. Электровоздың түтіні батысқа қарай созылып жатса, өзі қай бағытқа қарай жүріп жатыр? (Электровоздың түтіні болмайды)

9. 5 адамға 5 алманы бөлу керек; әр адам бір алманы алса, бір алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен бірге алады).

8. Қорытындылау.
Құрметті оқушылар! осымен сайыс аяқталды, кезекті қазыларға берейік. Марапаттау.
































Бағалау парағы

№

Топтың аты

Ия – жоқ

5 ұпай

Бейнеле

1 ұпай


Ойымдағы жұмбақ

10 ұпай

Кім көп біледі?

1 ұпай

Жалғасын тап

1 ұпай

Жарыспа, жарысқан соң қалыспа

5 ұпай

1

« Алғыр» тобына
















2

«Тапқыр» тобына















3

«Ептілер» тобына



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
550
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі