Интелектуалдық
ойын
Тақырыбы: «Жұлдызды сәт!»
(2-сынып)
Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін
тмянақтай отырып, пәндерді ұштастыра отырып, сайыстыру.
Дүниетанымын, ой-өрісін, қиялын, есте сақтау, көру қабілеттерін
дамыту. Тілінің грамматикалық құрылымын дамыту, өздігінен сұраққа
ойлана, толық жжауап беруге үйрету. Сыныпта достық пен ізгілікті
сақтай білуге үйрету.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер,
сандар, интерактивті тақта, т.б.
Пәнаралық
байланыс: Математика, қазақ тілі,
әдебиеттік оқу, дүниетану.
Сабақтың
барысы
І. Ұйымдастыру
кезеңі. Оқушыларды орындарына
отырғызып, назарларын өзіме аударамын.
ІІ. Кіріспе
бөлім. Сайыскерлермен таныстыру.
Сайыстың шарттарымен таныстыру.
1.«Кім
жылдам?». Әр қатысушыға сандар беріледі,
ол сол санның құрамын анықтаулары керек.
2.«Кім
білгір?». Әр сайыскерге логикалық
есептер беріледі, жауабын ауызша жылдам беруі
керек.
3.«Адасқан
әріптер». Әр сайыскердің қолына әріптер
беріледі, ол сол әріптерден сөз құрауы
керек.
4.«Кім
шапшаң?». Әр сайыскерге 3 сұрақтан
беріледі, жауабына «иә», «жоқ» деп қана жауап беруі
тиіс.
5.«Сөз ойла, тез ойла»
ойыны. Бұл бөлімде сөз беріледі, сол
сөздің ішіндегі әріптерден сөз құрауы керек. Кім көп тапса, сол
жеңімпаз болады.
ІІІ. Негізгі
бөлім.
1.«Кім жылдам?» ойыны (1
мин)
-
80 60 70
50
2.«Кім
білгір?»
1)Үш дос шахмат ойнады. Әр
бала 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды? (3
партия)
2)Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір
бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы болады? (5
бұрышы)
3)Киноға билет алу үшін
кассаға кезекте 13 адам тұр. Мирас кезектің бас жағынан санағанда
жетінші болып тұр. Кезектің соңынан санағанда ол нешінші болып тұр?
(7)
4)Самат 2 балықтан, ал Марат 1
балықтан ұстап отырған. Олар барлығы 12 балық ұстаса, әрқайсысы
неше балықтан ұстаған? (Самат-8, Марат-4)
5)Әкесі мен екі баласы
велосипед теуіп жүр. Анасы рульдер мен доңғалақтарын санағысы
келді. Рульдер-2, ал доңғалақтары-5 болды. Велосипед нешеу және
олар қандай? (2 доңғалақты-1,
3-доңғалақты-1)
1.«Адасқан
әріптер».
Еніске, оқанст, сепжіт, аылсп,
ққрыы.
2.«Кім шапшаң?»
ойыны.
1)10 мен 15-тің арасында 4 сан
бар. (иә, 11,12,13,14)
2)Жаз айында қар жауады.
(жоқ)
3)Ғ әрпі сөздің соңында
жазылмайды. (иә)
4)75 саны 57 санынан кем.
(жоқ)
5)А дыбысы дауысты.
(иә)
6)Сөйлем аяқталған ойды
білдіреді. (иә)
7)Қарға қанатын қаққанда жел
соғады. (жоқ)
8)Қосылғыштардың орнын
ауыстырғанмен, қосындының мәні өзгермейді.
(иә)
9)Адамның көніл- куйін,
сезімін білдіретін сөйлемді хабарлы сөйлем дейді.
(жоқ)
10)Амалдардың орындалу тәртібі
бойынша жақша ішіндегі амал алдымен орындалады.
(иә)
11)Жауап алу мақсатымен
айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді.
(жоқ)
12)Қағазды матадан жасайды.
(жоқ)
13)Мәтінге ат қоюға болады.
(иә)
14)Апасының тілін алмайтын
бала жақсы бала болады. (жоқ)
15)Бірдененің жайын хабарлау
мақсатымен айтылған сойлемді хабарлы сөйлем дейді.
(иә)
3.«Сөз ойла, тез ойла!»
«КЕМПІРҚОСАҚ» сөзінен сөз құрау. (2 минут)
IV. Қорытындылау,
марапаттау.
Балалардың білім деңгейін
саралай келе, ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз
атанады.