400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жұлдызды сәт" интелектуалды ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып мұғалімдеріне сабақтан тыс іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жұлдызды сәт сайысы»

Мақсаты:    Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып,  

                   өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше  

                   жұмыс істеуге жұмылдыру, Жан-жақты ойлауын,  

                   ізденуін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын арттыру,  

                   кеңейту.

Көрнекілігі: Ұлы адамдардың оқу-білім туралы айтқан сөздері  

                      жазылған плакаттар.           

Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Астананың 20 жылдығына орай «Астана-болашақтың қаласы» онкүндігінің аясында өткізейін деп отырған «Жұлдызды сәт» атты интелектуалды ойынымызды бастаймыз.

Бұл ойында біз осы уақытқа дейін алған  білімімізді көрсетіп, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молдығын көрсетеміз.

Ал, қанекей, келіндер,

Біріңе-бірің еріндер.

Білімімізді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер - дей келе, ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.

Оқушылар ортаға шақырылып, таныстырылады.

5 «Б»

5 «Г»

5 «Д»

5 «Е»

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Демекші, әділ қазыларды ортаға шақырамыз.

1.__________________________________

2._________________________________

         



Жүргізуші:

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда. Сұрақтарға тез жауап беріп 1 ұпайдан жинаймыз.

І тур

Сұрақтар:

  1. Біздің Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай қала?

  2. Еліміздің Президенті кім?

  3. Отанымыздың астанасы қай қала?

  4. Мемлекеттік рәміздерді білеміз бе?

  5. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін қай жылы жариялады?

  6. Қ.Р-да жыл сайын аталып өтілетін басты үш мерекені ата?

  7. Қазақ халқының жаңа жыл мерекесі қай уақытта аталып өтіледі?

  8. Бір жылда неше ай бар?

  9. Ең алғаш балаларға мектеп ашқан кім?

  10. Қазақстаннан шыққан екінші ғарышкер кім?

  11. Барыс септігінің сұрақтары?

  12. Тәуелсіз ел сөзінің аудармасы?

Жүргізуші:

Ана тілің-арың бұл

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Деп келесі сайысымыз «Тіл-өнер» деп аталады. Бұл сайысты мақалдың соңғы сөзін оқушы тауып, сол сөзді орысша және ағылшын тіліне аударуы қажет.

ІІ тур

Аз сөз алтын-көп  сөз көмір.

Ел іші-алтын бесік.

Өз елім -өлең төсегім.

Жері байдың –елі бай.

Қыс азығын жаз жина.

Оқу-инемен құдық қазғандай.

Қына тасқа бітеді,Білім  басқа бітеді.

Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі  алтын.

Өнерлі бала –сүйкімді.

Жақсы дос үшін жан пида.

ІІІ тур

Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Жеті жұмбақ» деп аталады. Әр пәннен 3 сұрақ қойылады. Әр топ яшықтың бір сұрағын таңдайды да жауап береді.



Қазақ әдебиеті

  1. Қазақ даласында ең алғаш мекетеп ашқан адам кім? 10

  2. Астана қаласының ортасынан ағатын өзен 20

  3. Қалқаман Сарин қай университетті бітірген? 30

Қазақ тілі

  1. Қазақ тілінде неше жалғау бар? 10

  2. Сын есімнің сұрақтары. 20

  3. «Отыр» сөзі қандай сөз табына жатады? 30

Математика

  1. 1 дм. Неше см. Бар? 10

  2. 1 м. Неше см бар. 20

  3. Квадраттың периметрін қалай табады? (бейнесұрақ) 30

Жаратылыстану.

  1. Өсімдіктің өсуіне не қажет? 10

  2. Адамның өміріне не қажет? 20

  3. Жапырақтың түсі неге жасыл; (бейнесұрақ) 30

Жүргізуші:

IV-тур.

«Артық сөзді тап» деп аталады. Мұнда, мен заттарды атаймын, сендер солардың ішінен сол затқа сәйкес емес заттың атын, яғни артық сөзді табасыңдар. Кім бұрын тапса, таяқшаны көрсетеді.

1. Оқушының оқу құралдары: сызғыш, қалам, оқулық, өшіргіш, қасық. (қасық)

2. Мектепке қатысты сөздер: сынып, мұғалім, сабақ, дүкен, қоңырау. (дүкен)

3. Үнді дауыссыз дыбыстар: л, ң, м, р, б. (б)

4. Апта күндері: дүйсенбі, сейсенбі, сәуір, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. (сәуір)

5.Төрт түлік мал: жылқы, сиыр, түйе, қой, ит. (ит)

6. Көкөністер қатары: сәбіз, қияр, қызанақ, пияз, алма. (алма)

7.Уақыт бірліктері: сағат, минут, секунд, литр, жыл. (литр)

-Балалар,осымен бүгінгі ойынымыз аяқталды.Келесі сөз қазылар алқасында.

Музыкалық нөмір

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Білдім деме балам,
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.
Көп білуге ұмтылған,
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жұмғанша оқыған,
Көп нәрсені тоқиды,- деп Өтебай Тұрманжанов ағамыз жырлағандай оқып, білім алудан ешқашан жалықпайық!

- Осымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жеттіп қалды. Ойынымызды тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
773
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі