Материалдар / "Жұлдызды сәт" интеллектуалды ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жұлдызды сәт" интеллектуалды ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды өз болашағының бағытын айқындап, мақсат қоя білу туралы. Дұрыс ойлауға үйрету арқылы өз мұратына жету жолдары туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
968
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойыны.

Мақсаты:

1. Оқушылардың жан-жақтама білімін тексеру, пысықтау;

2. Ой-өрісін, танымдық белсенділігін дамыту, әр түрлі пәнге

қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

3.Тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу;

Жұмыстың түрі: Интеллектуалды ойын.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, әр түрлі сұрақтар,

Ойыншылар: 2- 4 сынып оқушылары

1- жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

2-жүргізуші:

«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 2-4 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Жұлдызды сәт» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! 1-жүргізуші:

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

(Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1.Сынып жетекшілер әдістеме жетекшісі: Г. Букеева
2. Педагог - психолог: А.Молдаханова
3.Бастауыш сынып мұғалімі: М.Жунисова
2-жүргізуші: 
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер!

Сонымен сайыскерлермен таныс болыңдар.

2 -жүргізуші:
1 – ойыншы 4 «А» Сайлаубай Сакен болашақта журналист болуды армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
2 – ойыншы 4 «Ә» сынып Шүкірбек Елжан — өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.
3 – ойыншы 4 «Б» Умирзакова Айнұр өскенде эколог болып, Қазақстанды гүлдендіремін дейді 4– ойыншы 3 «А» Әбдірахман Аяна елімізге танымал дизайнер болуды армандайды
5 – ойыншы 3 «Ә» Сапи Балайым болашақта адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді

6 – ойыншы 3 «Б» Азамат Сүйеуов— заң қызметкері боламын деген ойы бар.

7 – ойыншы 2 «А» Ержанбай Ақнұр болашақта актриса болуды армандайды
8 – ойыншы 2 Ә» Сайлаубай Нұрай Роза Рымбаева. Бибігүл Төлегенова апалары сияқты жұлдызды әнші болуды армандайды

9-ойыншы 2 «Б» Бекжігітқызы Қараккөз - болашақта ұстаз болуды армандайды

1 -жүргізуші: «Жұлдызды сәт» ойыныздың ұранымен таныс болыңыздар!.

Ойынның ұраны: Біз кішкентай жұлдызбыз Өнегелі ұл-қызбыз. Жарқыраймыз жанамыз, Бар өнерді саламыз

2-жүргізуші: Жалпы ойынның тәртібімен таныстырып өтейін:

Ойынға барлығы 9 ойыншы қатысады.

Ойын ережесі:
Ойын 4 кезеңнен тұрады. 1.Табалдырық
2. Әудем жер
3.Полиглот 4.Білімпаз
5. «Санды тап»


Ойынның І кезеңінде сендер білімнің әр алуан саласынан алынған сұрақтарға жауап бересіңдер.

Әрбір ойыншыға 3 сұрақтан беріледі

Әрбір сұрақтың жауабы үшін сендерге 5 секунд уақыт беріледі.
Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1- жүргізуші: I – кезең «Табалдырық»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
Алма

  1. « Ғылым таппай мақтанба» – өлеңін кім жазған? (Абай)

  2. Телефонда 103-ті теріп қай қызметті шақырса болады?(жедел жәрдем)

  3. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (үш)

Өрік



  1. ҚР рәміздерін ата?

  2. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (жапырақ)

  3. Құрманғазы шәкірті кім? (Дина)


Ананас


  1. Екі шеті тұйықталған сызық? (кесінді)

  2. Көлік күтетін жерді не деп атайды? (Аялдама)

  3. Әліппенің атасы (А. Байтұрсынов)



Алмұрт

  1. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

  2. Адам тіршілігне қажет жылуды қайдан алалды? (Күн)

  3. Сәбиді өлеңмен әндетіп, тербетіп ұйықтататын ән. (бесік жыры)



Қараөрік



  1. Елтаңбаның авторы? (Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов)

  2. Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады. (пияз)

  3. Телефонда 102 -ні теріп қай қызметті шақырса болады?(полиция)



Шие

    1. Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (көкек)

    2. Уақыттың өлшем бірлігі? (сағат, минут)

    3. Қ.Р. Тудың авторы ( Шәкен Ниязбеков)

Жүзім

  1. Рәміздер қашан қабылданды? 1992 ж 4 маусым

  2. Қазақ тың ғарышкерлерін ата ? Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А. Айымбетов

  3. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (тұсбағар)

Киви

  1. 5 саны сандар қатарында қай саннан кейін  келеді?

  2. Қазақстан қай жылы тәуелсіз ел атанды? 1991 16 желт.

  3. Киіз үйдің қабырғасы қалай аталады? (кереге)



Құлпынай



  1. Телефонда 101 -ді теріп қай қызметті шақырса болады?(өрт сөндіру)

  2. Үш орындаушыдан тұратын әншілер тобы (трио)

  3. Күй атасы (Құрманғазы)



2- жүргізуші:
ІІ бөлім «Әудем жер»
Бұл бөлімде мақалдар оқылады, Әр сайыскерлерімізге екі мақалдан беріледі. Оның жалғасын тауып айту керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1 .Туған елдей ел болмас, ...... туған жердей жер болмас.
Ата көрген оқ жонар, ... шеше көрген тон пішер.
2. Жаңбырменен жер көгереді, ... Батаменен ел көгереді.
Сиырдың сүті ............................. тілінде

3. Ақыл азбайды.... білім тозбайды.
Дос жылатып айтар,.....................Дұшпан күлдіріп айтар.
4. Еңбек ширатады, . ..өмір үйретеді.
Еңбек етсең ерінбей, . .. тояды қарнын тіленбей.


5.
Акқу көлін аңсайды, ......... ....Адам туған жерін аңсайды.
Отан үшін отқа түс күймейсің, .... арың үшін алыссаң өлмейсің.


6 Туған жердің күні де ыстық, ... түні де ыстық.
Өнер ағып жатқан бұлақ, ... білім жанып жатқан шырақ.


7..Білім сандығы....... ..(кітап) Туған жердің күні де ыстық,........... ......түні де ыстық

  1. Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін, ..........Бай болсаң – еліңе пайдаң тисін.

Ананың сүті — бал, ................................Баланың тілі — бал.

Келесі кезеңге өтпеген оқушылар сыныптастарыңа тілек айтады.

1- жүргізуші:

ІІІ бөлім «Полиглот» кезеңі

ЖҰМБАҚТАР

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша ) айтуларың керек. Әр оқушы кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады. Үш тілде жауапты айтса 15 ұпай, екі тілде айтса 10 ұпай, бір тілде айтса 5 ұпай .

1.Тонын кие туған, жалап бетін жуған, ( мысық- кошка- Cat )

2. Екі басы жұдырықтай , ортасы қылтырықтай. ( құмырсқа - муравей-

3. Аяғы біреу қолы жоқ, Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді, Салған ізі сойлейді Кітап – книга - book~

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
      Ұзындықтың өлшемі. 
(сызғыш – линейка - ruler )

  5.Иір – иір денесі

Сахараның кемесі

Ащы шөптер тамағы

Шөлге шыдап бағады (Түйе -- верблюд - camel )

  1. Кілемнің түріндей жүндері бар,

Айбатты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс Тигр- tiger

  7. Қалқиып екі құлағы,
      Елеңдеп, қорқып тұрады
. (қоян – заяц - rabbit)

.  8. Жеп көріп ем өзім мен,
      Жас шығарды көзімнен. 
(пияз – лук - onion )

  9. Бұлаңдаған құйрығы,
       Бір алдарлық қулығы. 
(түлкі – лиса – fox )

Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 2 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.

2- жүргізуші:

4 бөлім «Білімпаз»

бұл сайыста негізгі 4 пән бойынша сұрақтар беріледі.

Бұл ойында пән мен ұпай санын таңдап алады.lf сұрақтарға жауап қайтару керек.

Әдебиеттік оқу

10 «Отан» туралы бір шумақ өлең немесе мақал айт

20 Бұл кімнің суреті) МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ (1893-1938)

30 Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады? (аңыз)

40. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

Математика

10 қосу және азайту амалының компонентерін ата

20 1 кг алмұрт 300теңге тұрады. 3 кг алмұрт алу үшін неше теңге төлеу керек?

30 6 жүздік 9 бірліктен тұратын санды ата (609)

40 Үйірме жұмысына 16 оқушы қатысты, 2 оқушы қобыз тартты және 4 оқушы сырнайда ойнады, ал қалғандары домбыра тартты. Неше оқушы домбыра тартты?

16- ( 2+4) = 10 Ж: 10 оқушы домбыра тартты.

Қазақ тілі

10 Өзім сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын . (сөйлем)

20 Батыр, ержүрек, батыл, ер – бұлар қандай сөздер?(Мәндес)

30 Етістік дегеніміз не? Етістік деген заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Не істеді?Не қылды? Қайтті...

40 «кітапханада» сөзін сөз құрамына талда және «кітап» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Дүниетану

10 Көкжиек тұстарын ата. ( солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс)

20 Адамға өмір сүру үшін не қажет?(ауа,су,жарық,жылу,тағам).

30 Бұл қай қала? (Жетісай)

40 Қазақтың тұңғыш ғарышкерікім? қай жылы ғарышқа ұшты?

Т. Әубакіров 1991 ж 2 қазан

1- жүргізуші:

5-бөлім «Санды тап» ойыны

Әділ қазы мүшелері қорытынды жасап, оқушыны марапаттайды.

І орын Сайлаубай Сәкен

ІІ орын Қалкөз Балауса

ІІІ орын Шүкірбек Елжан, Сүйеуов Азамат

2- жүргізуші:

Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!- дей келе сайысымыз аяқтаймыз.

Хор: Атамекен



























«№ 9 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













«Жұлдызды сәт»

интеллектуалдық сайыс

2- 4 сыныптар













Бастауыш сынып мұғалімі: Г.Рсмбетова



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!