Математикалық сайыс
Мақсаты:Терең жан-жақты білім алуға, тез, шапшаң, нақты ойлап, әділ шешім айтуға үйрету, бірлікке, достыққа ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар, слайд.
Сайыстың барысы:
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгін сіздер математиканың жұмбақты да, тартымды әлеміне сапар шегесіздер. Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты да, әрі сан алуан екендігіне көз жеткізесіздер!
Ендеше, «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» деп Ломоносов айтқандай, «Жұлдызды сәт» атты математикалық сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Бұл сайыстың негізгі мақсаты:
Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың ой-өрістерін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту, еңбекке, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен танысайық.
1 топ: «Алғырлар»
2 топ: «Тапқырлар»
3 топ: «Білімділер»
Сайыс әділқазылар алқасын сайлау.
Ақ көңілмен, ниетпен
Әділ баға берсін деп.
Шаршамай еш жалықпай
Айтқанына көндік деп
Әділқазы алқасын
Сайлап алсақ жөн болар.
Сайыскерлердің ішінен білімі мен білігін, бағы мен бабы жанған жандарды дәл анықтап береді деп сенеміз. Олай болса әділқазы алқасымен таныстырып өтсек:
-
Мектебіміздің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі: Р.Дукенбаева
-
Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі: С.Жилысова
-
Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі: Б.Байғанышова
Сайыс шарттарымен таныстыру.
1 тур. «Таныстыру» (әр топ өздерін таныстырады)
2 тур. «Ойлан, тап!» (топ басшысына қойылатын сұрақтар)
3 тур. «Сандар сыры» (сандарды таңдай отырып, тапсырма беріледі)
4 тур. «Ойлайық та, шешейік!» (логикалық есептер)
5 тур. «Білгенге маржан» (тәжірибелік жұмыс
6 тур. «Ойланда, қатені тап» (есептегі жасырын сандарды табу)
Ғылымның сырын ұғына
Шығындар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Математика сырына!
Дей отыра қадамдардың оң болсын деп
Сәт-сапар тәлейік!
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән-математика атанғансың!» -деп сайысымыздың алғашқы шартына кезек берейік. «Таныстыру».
Сонау-сонау алысқа
Жүзсің десең кемелер.
Тылсым сырлы ғарышқа,
Ұшсын десең кемелер.
Жасау үшін бірін де,
Математика-ең маңызды ғылым бұл.
Сондықтан да, сондықтан
Сол ғылымның тілін біл-дей келе, 2 тур «Ойлан, тап!» деп аталады. Мұнда топ басшысы 2 минутта 5 сұраққа тез-тез жауап береді.
1 топ басшысына қойылатын сұрақтар:
-
7 км –де неше метр ба?(7000 м)
-
6 см2 неше мм2 болады? (60мм2)
-
Текшенің ұзындығы 3 см болса, көлемі нешеге тең? (18 см3)
-
58 520 разрядтық қосылғыштарға жікте. (50000+8000+500+20)
-
420 санын 2 есе кеміт? (210)
2 топ басшысына қойылатын сұрақтар:
-
1 ц 50 кг неше есе артық? (2 есе)
-
9 дм2 неше см2 болады? (90 см2)
-
Текшенің ұзындығы 2 см болса, көлемі нешеге тең? (8 см3)
-
78 540 разрядтық қосылғыштарға жікте.(70000+8000+500+40)
-
550 санын 5 есе кеміт? (110)
3 топ басшысына қойылатын сұрақтар:
-
500 м-де неше дм бар? (50 есе)
-
8 дм2 неше см2 болады? (80 см2)
-
Текшенің ұзындығы 5 см болса, көлемі нешеге тең? (50 см3)
-
47 530 разрядтық қосылғыштарға жікте.(40000+7000+500+20)
-
600 санын 10 есе кеміт? (60)
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан,-дегендей кезекті 3 тур «Сандар сыры» деп аталады. Топпен ақылдаса отырып, саңдарды таңдау арқылы тапсырма беріледі сол тапсырманы топпен орындайды. Әр топ 2 саннан таңдау керек. Ұпайды таңдаған сандар бойынша дұрыс жауап бергенде ғана есептеледі.
3 тур. «Сандар сыры»
|
10 |
10 |
10 |
|
20 |
20 |
20 |
|
30 |
30 |
20 |
Сол жақтағы 10

Ортадағы 10

V=5*12*2=120см3
Оң жақтағы 10
1 см2=? мм2 1 дм2=? мм2 1м2=? мм2
(1 см2=100 мм2 1 дм2=10 000 мм2 1м2=1000 000 мм2 )
Сол жақтағы 20

Ортадағы 20

Оң жақтағы 20
Тіктөртбұрыштардың ауданы мен периметрін тап.
|
Ұзындығы |
Ені |
Ауданы |
Периметрі |
|
12см |
7см |
84 см2 |
38см |
|
16 мм |
23мм |
368 мм2 |
78 мм |
Сол жақтағы 30
600+х=7600 (7000)
6*х=60 000 (10 000)
Ортадағы 30
Х*1000=426000 (426)
890-х=605 (285)
Оң жақтағы 30
5000:х=100 (50)
Х+205=1708 (1503)
Өмірде ойлап тұрсақ, бірі де есеп
Ауырсақ ішетұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
Сайысымыздың 4 турыда келіп жеттік, «Ойлайық та, шешейік!». Бұл турдың шарты логикалық есептерді топпен орындайды. Есептің дұрыс шығару арқылы әр есепке 5 ұпайдан қосылып отырады.
1.Қанша қаздар?
Көлден ұшты 40 қаз
Қайтып қонды 15 қаз
Қонбайды оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді? (40-15=25)
2.Бір топ бала өзеннен
Он бес балық ұстадық
Бөліскенде оларды
Тиді әркімге 3 балық
Сынайыншы мен сендерді
Бала саны қанша еді. (15;3=5)
3.Қаншамыз?
Аға бізді жинады,
Сегіз қолғап сыйлады
Бірін кейдік он қолға
Бірін кейдік сол қолға
Қамқор болған ағамыз
Біздер қанша боламыз? (4 адам)
4.Ортаға әкеліп тастады.
Мақсат 11 қаламды
Тиді әркімге қос-қостан
Балалардың бәрі алды.
Артық тиді Айгүлге
Береді айтып кім маған
Неше бала алды енді? (5 адам)
5.Бақшаға жақсы аға
Көп ойыншық келді алып
Бір балық, сегіз салық,
Тоғыз тауық, он торпақ
Болса сен есепке шорқақ
Ауызша, жазбаша қосып шық
Бақшаға жақсы аға
Қанша әкелді ойыншық? ( 28 ойыншық)
6.Аулада 5 үйрек
Қорада 3 үйрек
1 үйрек тығылды
1 үйрек жығылды
Қалғаны неше үйрек? (6)
Архимед пен Пифагор айтарым бұл-
Талаптанып білімге зейінің бұл
Таудан аққан өзендей сарқыратып
Ғылым жасап, төбеден төкті олар нұр.
Сайысымыздың 5 тур: «Білгенге маржан» деп аталады. Сайысымыздың шартында оқушылар тәжірибелік жұмыс жасайды. Берілген фигурадан кесінділермен бөлу арқылы тапсырманы орындайды.
1 топ:
-
Т
өрт үшбұрыш -
Екі төртбұрыш
2 топ:
-
Е
кі төртбұрыш -
Сегіз үшбұрыш
3 топ:
-
Е
кі төртбұрыш -
Алты үшбұрыш
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты
Ақыл-ойлар әлемді арбап алды
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, Әл-Фараби жолын қуса.
Елімнің болашағы гүлденеді,
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.
Сайысымыздың соңғы кезеңі «Ойланда, қатені тап» деп аталады. Қатесін тапқан әр есепке «5» ұпайдан беріледі.
«Білім азбайды, ақыл тозбайды»
«Оқусыз- білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды әркез есте ұстай жүріп, бүгінгі білім сайысымыздың қорытындысын айту үшін сөз әділқазыларға беріледі.
Осымен «Жұлдызды сәт» атты математикалық сайысызмыз аяқталды.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі
Әділ-қазы, көрермен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі,-деп қоштасамыз.
Келесі кездескенше сау-саламатты болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Жұлдызды сәт» Математикалық сайыс

шағым қалдыра аласыз