400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жұлдызды сәт сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін шыңдау, педагогикалық процесте жаңа технологияларды қолдану және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасында ұйымдастырылған семинар-сайыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жұлдызды сәт» семинар сайысы



Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін шыңдау, педагогикалық процесте жаңа технологияларды қолдану  және шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, плакаттар, сан жазылған жетондар, сандықша. 
Жүргізуші сөзі:

Армысыздар, құрметті әріптестер, ата-аналар, көрермендер!

Жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қас иетті борышы. Бүгінгі ұйымдастырылған тәрбиеші, ата-ана, бала арасындағы «Жұлдызды сәт» семинар сайысын тамашалауға қош келдіңіздер!



Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға,
Қошеметтеп, халайық қол соғыңдар,
Сайысқа қатысушы тұлғаларға,- деп бүгінгі «Жұлдызды сәт» семинар сайысына қатысқалы тұрған тәрбиешілер, балалар, ата-аналарды ортаға шақырайық. Қол соғып, қошемет көрсетейік! (Музыка әуенімен залға тәрбиешілер, балалар, ата-аналар кіреді).
(Сайысқа қатысушылар реттік нөмірлерін суырады №1, №2, №3, №4)
№1.«Еркетай» тобының тәрбиешісі Кыдырова Ш.Ж., тәрбиеленуші Біржан Жандос анасымен.

№2.«Гүлдер» тобының тәрбиешісі Наженова Қ.И., тәрбиеленуші Бақтыгерей Ақбөбек анасымен.

№3.«Еркетай» тобының тәрбиешісі Жумашева А.К., тәрбиеленуші Садыкова Айару анасымен.

№4. «Гүлдер» тобының  тәрбиешісі Газизова А.К., тәрбиеленуші Байзақ Перизат әкесімен.



Тәрбиешілер өнерін салыстырып,
Жеңіс үшін өнерін шабыстырып. 
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейін қазыларды таныстырып.


Бүгінгі сайысымыздың қазылар алқасымен таныс болыңыздар. (таныстыру)
1. «Жігер» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Кенжегалиева Салия Утеповна
2. Ата-ана Атуллина Сандеш Кадемовна
3. Ата-ана Каршыгиева Айгүл Рафаелқызы



Байқаудың бөлімдерімен таныстырып өтейін:

1. «Сәлем – сөздің анасы» Таныстыру.
2. Заманауи инновациялық әдістерді қолдану (ата-ана мен тәрбиеші бірігіп, баланы жан-жақты дамыту жолдары).
3. «Өнерлі өрге жүзеді» Өз өнерін көрсету.

4. Ертегі кейіпкерлерін сахыналау.

5. «Білгенге маржан» Сұрақ-жауап.

6. Аспаздық өнер.

7. Қорытынды.



Жүргізуші сөзі:

Сайысымыздың 1-ші бөлімі: «Сәлем – сөздің анасы» Таныстыру.

Ақыл, көрік бойларына жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға,
Сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді.
 

Таныстыру 1-ші бөлімде тәрбиешілер мен ата-аналар өздерін таныстырады.
«Еркетай» тобының тәрбиешісі Кыдырова Ш.Ж.

«Гүлдер» тобының тәрбиешісі Наженова Қ.И.

«Еркетай» тобының тәрбиешісі Жумашева А.К.

«Гүлдер» тобының  тәрбиеші Газизова А.К.

(Әділқазылар алқасы бағасын береді)

Жүргізуші сөзі:
Сайысымыздың 2-ші бөлімі

Жылдар бойы жинақталар тәрбиешінің еңбегі,

Тәрбиешіден ұқыптылық талап етер ертеңі,

Жетістік пен нәтижелер қоры бұл,

Тәрбиешінің тәжірибесінен сыр шертеді – демекші, ендігі кезекте тәрбиеші мен ата-ана бірігіп, баланы жан-жақты дамыту жолындағы «Заманауи инновациялық әдістерді қолдану» кезеңін көрсетеді.



Сайысқа қатысушылар заманауи инновациялық әдістер: Ассоциация әдісін, Раунд-Робин әдісін, Салыстыру әдісін, Топтау әдісін пайдалануды көрсеткен болатын. (Әділқазылар алқасы бағасын береді)



Сайысымыздың 3-ші бөлімі. «Өнерлі өрге жүзеді» Өз өнерін көрсету.

Қашаннан қазыналы халқым менің,
Өнердің өнегелі алтын кені
Даралап дарынымен шықсын озып, 
Танытып көпшілікке өз өнерін, - дей отыра сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалаңыздар.

(Әділқазылар алқасы бағасын береді)



Сайысымыздың 4-ші бөлімі: Қатысушылар ертегі кейіпкерлерін сахыналап көрсетеді.

«Үш торай» ертегісін сахыналау.

«Шұбар тауық» ертегісін сахыналау.

«Ақымақ қасқыр» ертегісін сахыналау.

«Шалқан» ертегісін сахыналау.

(Әділқазылар алқасы бағасын береді)



Сайысымыздың 5-ші бөлімі: «Білгенге маржан» Сұрақ-жауап

Ал, тәрбиешілер сайысқа қалайсыздар,
Сіздер өтер әліде көп сындар бар.
Сұрағыңды ал сандықтан қымсынбай кеп,
Жауап айтсаң сұраққа жарайсыздар, - дей отырып сайысымыздың 5-ші бөлімі «Білгенге маржан» сұрақ- жауап бөліміне дайындалайық. Сұраққа 5 минут беріледі.



Әр топ балаларына тапсырма, түстерді үш тілде айту: сары-желтый-yellow, қызыл-красный-red, көк-синий-blue, жасыл-зеленый-green (әр бала қағаз суырып, жауап береді)

Жауабын үш тілде айту керек. Үш тілді де айтса 5 ұпай, екі тілде айтса 4 ұпай , бір тілде айтса 3 ұпай беріледі.

Тәрбиешілерге тапсырма: сұрақ-жауап. (әр тәрбиешіге екі сұрақтан)

  1. Ағаштың бұтағында он торғай отырды, аңшы біреуін атып тастаған соң, неше торғай қалады? Ж: қалмайды, 1еуін атып алған соң, 9 торғай ұшып кетеді.

  2. Аңшы орманға келіп, бұтақта қонып тұрған торғайды атқан екен, бірақ қарға құлапты. Бұл қалай болғаны? (торғай қарға келіп құлапты, өйткені қыс мезгілі еді)

1. Домбырада жетеу, сырнайда алтау, қобызда бесеу. Бұл не? Ж: әріп

2. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат

ойнады? Ж: екі сағат.



  1. Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Ж: үш адам

2. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Ж:

шырпы.

  1. Киіз үйдің бұрышында тышқан отыр. Бұл қалай? (киіз үйдің бұрышы болмайды)

2. Елімізде талдардан жасалған қорған қай қалада? Ж: Талдықорған

Ата-аналарға тапсырма: мақал-мәтел жалғасын табу.

  1. Балапан ұяда не көрсе,..(ұшқанда соны іледі)

  2. Ұста пышаққа жарымас,..(етікші етікке жарымас)

  3. Ата-ананың қадірін…(балалы болғанда білерсің)

  4. Тіл тас жарады,.. (тас жармаса бас жарады)

  5. Отансыз адам, .. (ормансыз бұлбұл)

  6. Балалы үй базар,..(баласыз үй қу мазар)

  7. Ананың көңілі балада,.. (баланың көңілі далада)

  8. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,..(әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

 Сайысымыздың 6-шы бөлімі: Аспаздық өнер.



Қорытынды. Үш тілде ән: «Әрқашан күн сөнбесін!» (Балалар қазақ тілінде, тәрбиешілер ағылшын тілінде, ата-аналар орыс тілінде)

Әділқазы шешеді,

Істің ақ пен қарасын.

Бүгінгі міне сайыстың,

Әділ берер бағасын.-деп келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.

 

Қорытынды бағаны әділқазылар алқасы ақылдасып шешеді. Сайысқа қатысушылар мадақтау дипломдармен марапатталады.

 

Қорытынды: Тәрбиеші ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады.
Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да тәрбиешіні ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан тәрбиешіні қадірлейік, ата-ананы құрметтейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі семинар сайысымызды тәмәмдаймыз.
 

Сайысқа қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Қош, сау болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
943
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі