Жұлдызды сәт сыныптан тыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жұлдызды сәт сыныптан тыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы "Жуалы ауданының білім бөлімінің №15 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі







"Жұлдызды сәт"

сайысы

Сыныптан тыс жұмыс











Пәні:қазақ тілі мен әдебиеті

Сынып:7"а","ә"

Пән мұғалімі:Ш.Артықбай













2021-2022 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: "Жұлдызды сәт" сайысы

Сабақтың мақсаты:

-Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге баулу;

-Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту;

-Отанды, туған тілін, салт-дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: презентация, нақыл сөздер, шар, суреттер, бейнеролик т.б.

Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі:

Ана тілім-еркін жүзер айдыным,

Тіршілікте жалғыз сол ғой бар мұңым!

Өйткені ол бабалардан аманат-

Болды менің арқа сүйер айбыным!

Ана тілім-өмірдегі тірегім,

«Тілім» дейді жұдырықтай жүрегім.

Болса екен арыстандай айбарлы

Бойымдағы күш-қайратым, білегім!

Ана тілім-адастырмас шырағым,

Ана тілі-шуағы мол жұмағым.

Арнасынан асып-тасып шалқыған.

Менің мәңгі сарқылмайтын бұлағым!

Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен оқушылар!

Әрбір ұлттың өз ерекшеліктері, салт-дәстүрлері бар, біздің тәрбиеміз де анамыздың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Халқымыздың әдет-ғұрпын, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегімізді нәрлі қайнар көзіне айналдыру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Олай болса ұлттық тәрбиенің бастауы болған қазақ ырымдары мен тыйымдарына, сөз шешендігі мен тапқырлыққа арналған «Жұлдызды сәт» тіл білгірі танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!



Беташарын додамыздың бастайық,

Көпшілікті бір серпілтіп тастайық.

Ортамызды сайыскермен толтырып,

Қошеметпен қол соғып шақырайық.



Бүгінгі - "Жұлдызды сәт" сайысына 7-сынып оқушыларынан 9 оқушы қатысады, әр топта 3 оқушыдан болады.

1-топ. "Алғырлар" тобы

2-топ. "Тапқырлар" тобы

3-топ. "Дарындылар" тобы



Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!


Ал енді, осы топтың қайсысы оза шабатынын, қайсысы ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділқазы мүшелерімен танысайық.



Сайыс жеті кезеңнен тұрады:

  1. Сәлем-сөздің анасы. (Әр топ өзінің топ атын, ұранын және сәлемдесуімен таныстырады. 10 ұпай)

  2. Жедел жауап. (Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі)

  3. Ойлы болсаң, озып көр!(Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табады.Әр топқа 6 мақалдан жасырылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі)

  4. Кім тапқыр? (Жасырылған жұмбақтың жауабын табады.Әр топқа үш жұмбақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі)

  5. Қоржыным толы қазына.(Әр топ қоржыннан бір конверт алып, ішіндегі қазақтың салт-дәстүріне байланысты сөзге түсінік береді және оны топпен көрсетеді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай)

  6. Суреттер сөйлейді. (Әр топқа белгілі бір шығарма желісі бойынша сурет көрсетіледі, кімнің, қандай шығармасы екендігін анықтайды. Дұрыс жауапқа 10 ұпай)

  7. "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы". (Әр топтың қатысушылары Ыбырай, Абай, Мұқағалидің кез келген өлеңін мәнерлеп оқып беруі керек. Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.Әр өлең жоғары10 ұпаймен есептелінеді).

1-кезең. "Сәлем - сөздің анасы"

Шарты: Әр топ өзінің топ атын, ұранын және сәлемдесуімен таныстырады. Топпен жұмыс жасау арқылы бірлікке, ұйымшылдыққа үйренеді.

1-топ. "Алғырлар" тобы

2-топ. "Тапқырлар" тобы

3-топ. "Дарындылар" тобы



2-кезең. "Жедел жауап"



Шарты: Берілген сұрақтарға нақты жауап беру.

Берілген сұрақтарға тез жауап бере отырып, оқушылар бұл кезеңде жылдамдыққа үйренеді.



1-топ. Алғырлар

1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)

2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата (5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым; Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)

4. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия).

5. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу, Модаль сөздер)

6. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)

7. «Қыз Жібек» жырында Төлеген өлер алдындағы соңғы сөзін кімге айтты? (Қаздарға)

8. Қаратпа сөз дегеніміз не? (Сөйлемде тыңдаушының назарын өзіне қарату мақсатында қолданылатын оқшау сөздің түрі)

9. «Салмақты» сөзінің синонимі? (Байсалды, ұстамды, сабырлы)

10. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)



2-топ. Тапқырлар



1. «Сұлу» сөзінің синонимі? Ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы

2. «Бес арысты» ата? (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)

3. Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді? Үн мен салдырға қарай үшке бөлінеді.

4. «Абай-қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан? А.Байтұрсынов

5. Батыр Баян поэмасының негізгі кейіпкерлері? (Баян, Ноян, Қалмақ қызы, Абылай хан)

6. Әріптердің жүйелі тізбегі не деп аталады? (Әліпби)

7. Түркістан облысы Отырар ауданы Шілік ауылында дүниеге келген от ауызды, орақ тілді айбынды ақын кім? (М.Шаханов)

8. Қазақ тілінде неше септік бар, атап бер? (7 атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)

9. Мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып қолданылатын сыпайы сөздер не деп аталады? (Эфвемизм)

10. Қара сөзбен жазылатын шығарма қалай аталады? (проза)



3-топ. Дарындылар

1. Кірме сөз дегеніміз не ? (Ана тілімізге шет тілінен енген сөздер)

2. Халқының, елінің тағдырына қабырғасы қайысқан, Абылай ханның кеңесшісі болған жырау (Бұқар жырау)

3. Шоқан Уалихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)

4. Қазақтың атақты палуаны кім?(Қажымұқан)

5. Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация)

6. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)

7. Жұлдызы оңынан туу тұрақты тіркесінің білдіретін мағынасы? Жолы болу

8. Партизан жазушы? Қ.Қайсенов

9. Тармақ басында дауыссыз дыбыстардың қайталануы қалай аталады? (аллитерация)

10. Жұрнақтың неше түрі бар? (2 түрі бар)



3-кезең. "Ойлы болсаң, озып көр!"

Шарты:түрлі тақырыптағы мақал-мәтелдердің жалғасын табады. Оқушылар- дың мақал-мәтелдердің жалғасын табуы арқылы ойлау жүйесі дамиды.



1-топ.

Ине көзінен сынады,.....

(шешен сөзінен сынады)

  1. Тіл қылыштан......(өткір)

  2. Тіл тас жарады,

Тас жармаса......(бас жарады)

  1. Шешеннің тілі–ортақ

(Шебердің бізі)–ортақ.

  1. Жақсының сөзі ақыл шақырады,....

(Жаманның сөзі ашу шақырады).

6. Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер,

(Ер басына күн туса, етігімен күн кешер)

2-топ.

  1. Айта білмесең мақалдың мәні болмайды,......

(Жасай білмесең астың дәмі болмайды)

  1. Сөйлей – сөйлей шешен боласың,...

(Көре-көре көсем боласың)

  1. Аузы жаман елді былғар,...

(Аяғы жаман төрді былғар)

  1. Мақал атасы сөз,...

(Мата атасы бөз)

  1. Батыр туса ел ырысы,...

(Жаңбыр жауса жер ырысы)

  1. Нақыл қайдан шығады ой болмаса,....

(Киіз қайдан шығады қой болмаса)



3-топ.

1. Аққу көлін аңсайды,

(Адам туған жерін аңсайды)

2. Бейнетің қатты болса,

Татқаның тәтті болар.

3. Басшысы жоқ ел жетім,

(Балығы жоқ көл жетім)

4. Жақсы жаныңа жолдас,

(Жаман малыңа жолдас)

5. Жеріңді баптай білсең,

(Астықты қаптай білесің)

6. Атаңа не қылсаң,

(Алдыңа сол келер)



4-кезең. "Кім тапқыр?"



Шарты: Жасырылған жұмбақтың жауабын табады.

Топ өздерінің жүйріктігін көрсетеді, жылдамдыққа, тапқырлыққа үйренеді.

1-топ.

Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып,

Қарасаң толып жатыр көзіңді ашып.

Үйіме сәулеленіп түссе жарық,

Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып. (Жұлдыз)

Тартылған екі арқаны ұзын бойға,

Сөйлеуге сондай шебер тапсаң айла

Әр жерде аршындалған балдағы бар,

Ойнайды он бармағың білсе ыңғай. (Домбыра)



Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде баурын жазып.

Ішінде толып жатқан қазына бар,

Қорек қып пайдаланар тамам халық.(Кітап)

2-топ.

Екі ағайынды,

Екеуі бір үйде.

Бірін-бірі көрмейді. (Көз)



Әй, керемет бір ит бар,

Үй бағады, үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді,

Рұқсатсыз ол иттен

Адам үйге кірмейді.(Құлып)



Өмір-өмір, өмірден,

Өмір оты көмірден.

Зымыран деген бір құс бар,

Жұмыртқасы темірден. (Мылтық пен оқ)



3-топ.

Таңертең төртаяқты,

Түсте екі аяқты.

Кешке қарай үш аяқты (Адамның сәби, есейген, қартайған кезі)



Ти десем, тимейді,

Тиме десем, тиеді. (Ерін)



Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,

Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.

Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,

Іші кең: бәрін салса толмайтұғын. (аспан)



5-кезең. "Қоржыным толы қазына"



Шарты: Әр топ қоржыннан бір конверт алып, ішіндегі қазақтың салт-дәстүріне байланысты сөзге түсінік береді және оны топпен көрсетеді.

Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәнге ие екенін түсінеді.

Күлгін конверт-бата

Қызғылт конверт-жарапазан

Жасыл конверт-байғазы



6-кезең. "Суреттер сөйлейді"



Шарты: Әр топқа белгілі бір шығарма желісі бойынша сурет көрсетіледі, кімнің, қандай шығармасы екендігін анықтайды.

Оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ой ұшқырлығы дамиды.



Алғырлар тобы-Қ.Қайсеновтің "Жау тылындағы бала" повесі

Тапқырлар тобы-М.Әуезовтің "Көксерек" әңгімесі

Дарындылар тобы- М.Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасы.



7-кезең. "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы"



Әр топтың қатысушылары Ыбырай, Абай, Мұқағалидің кез келген өлеңін мәнерлеп оқып беруі керек. Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.

Оқушының сөйлеу техникасы, дауыс сапасы дамиды. Мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру арқылы көркем шығармаларға деген қызығушылығы артады.



Қорытынды. Бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне келіп жетті. Сайыста өздерінің білімділігін, тапқырлығын, шешендігін сынға салып, өз өнерін танытқан сайыскерлерімізге үлкен алғысымды білдіремін. Сайыс жеңімпазының ойға жүйрік, сөзге шешен екендігін көрсете білген топты марапаттау.

Ел ертеңі, ел болашағы – бүгінгі жас ұрпақтар. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлық ұлы арманы болған, ұл-қыздарымыздың киелі қаны мен беймезгіл қиылған жанының нәтижесінде келген Тәуелсіздігімізді баянды етер басты қаруымыз-тіл. Сондықтан да туған тілімізді шұбарламай, әркез көзіміздің қарашығындай сақтай білу-бүгінгі жас ұрпақтың парызы. "Жұлдызды сәт" сайыс сабағымыз осымен аяқталды. Сайысқа қатысушы оқушылар, көрермендер, ұстаздар қош сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2025
163
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі