400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Жұлдызды топ" байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдағы музыка жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жұлдызды топ 2019 байқауы

Мақсаты: Бүлдіршіндердің әнге биге деген қызығушылығын ояту.Бүлдіршіндердің таланттарын дамыту.


Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Ән-шашу,әсем-әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.


Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Сіздер үшін осы кеш ашылады,

Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.


Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі көрермендер ! Назарларыңызға «Жұлдызды топ-2019» атты өнер байқауын ұсынамыз.

Кім өнерлі бұл кеште,үміт алда

Қобалжу бар жүректе күдік барда

Әділ қазы алқасы атыңды ақта

Әнші-биші балаларға бақыт жолда.

Өнер байқауын бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырайық.

1.

2.

3.

4.


Сайысымыздың шарттарымен танысайық

1.Топтық ән-1 (дуэт,трио,квартет,хор.т.б)

2.Топтық би -1( 5 баладан жоғары )


Біздің халық өнерге мол, бай тегі

Әнші деп те, биші деп те айт оны.

Әнге сенің қанша икемің бар екен

Таңдап алып жалғастырсаң қайтеді-деп алғашқы сайымыз әнге берсек.

Ән: «Тәй-тәй»





Өнермен терең жүзіп шарықтадың

Мақсатыңды талаппен анықтадың

Сан қырлы таза гауһар секілденіп

Қуантады өзіңді танытқаның

Ән: «До,ре,ми» трио


Көңілім тағы жырлашы

Сұңқардай көкке самғашы

Әсем әнім шырқалса

Туған жердің арқасы

Ән:«Әрқашан күн сөнбесін»


Сән салтанат жасайық

Күй сандықты ашайық

Бұл мереке бұл тойға

Әннен шашу шашайық.

Ән: « Әке,Ана»



«Қозғалыссыз өмір жоқ,биді сүймейтін бала жоқ» -деп ақындарымыз жырлағандай ендігі кезекте би сайысын бастайық.

Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған

Келесі біздің бишілер

Көрінген көштің басынан

«Қазақ биі»


Алау болып жанамыз

Жеңісті біз аламыз

Деп келіпті бишілер

Қуана қарсы аламыз

«Конфет»биі


Теңіздей тербетіліп көл бетінде

Бишілер билеп кетсе тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуде.

«Шабандоздар» биі



Би десе барын салатын

Құмары содан қанатын

Биле кәне достарым

Кезекті сізге жолдадым.

«Көктемгі гүлдер»


Демеңіз біз өнерді аяп қалды,мезгілде біраз жерге таяп қалды.

Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз. «Өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік .Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!


























«Балауса ясли-бақшасы»КМҚК









«Жұлдызды топ – 2019» байқауының















Көкбай ауылы







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
462
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі