Сыныбы: 11
Пәні:физика
|
Сабақтың аты
|
§11.1
Жұлдыздың
планеталық жүйесі. Күн жүйесі
|
|
Сілтеме
|
Жоспар
|
|
Жалпы мақсаты
|
|
|
Күтілетін нәтиже
|
-
Жұлдыздың планеталық жүйесі.
Күн жүйесі жайлы мағлұмат
алады
-
Жұлдыздың планеталық жүйесі.
Күн жүйесін зерттей білуге
үйренеді
-
Топта бағалай алатын болады
|
|
Негізгі идеялар
|
Кеңістікте Күнге жақын орналасқан өлшемі үлкен,
өзіне тән қозғалысы бар бірнеше жұлдыз табылды.
Б ірнеше жылғы бақылаулар осы жұлдыздардың бірі
кеңістіктегі өзіне тән траекториядан шын мәнінде де периодты түрде
ауытқып отыратыны байқалды. Осы ауытқулар арқылы жұлдыздың күңгірт
серіктерінің массалары анықталды.
Планеталар жүйесін спектроскопиялық әдіспен
іздеудің де болашағы зор.
2005 ж. Наурыз айының соңында Күн жүйесінен тыс
табылған планеталар жүйесінің саны 152-ге жетті. 134 жұлдыздың
планеталар жүйесі бар екені белгілі болып отыр. 14 жұлдыздың бірден
артық планетасы бар.
Күн жүйесі жөніндегі түсініктің
дамуы.
Өзінің дүние жүйесі туралы
поляктың ұлы астрономы Николай Коперник (1473 – 1543) ол өзі қайтыс
болған жылы жарық көрген “Аспан сферасының айнала қозғалысы
жөнінде” деген еңбегінде жазған еді. Оның ілімі бойынша, дүние
центрінде Жер емес, Күн тұр. Жерді айнала Ай қозғалып жүреді.
Жердің өзі Күннен қашықтығы бойынша (Меркурий мен Шолпаннан кейін)
үшінші ғаламшар болып саналады. Ол Күнді айнала және өз осінен
айналады. Жердің орбитасының сыртында Марстың, Юпитердің және
Сатурнның орбиталары орналасқан. Коперник “жылжымайтын жұлдыздар
сферасын” Күннен өте қашыққа орналастырды.
Коперник ұсынған дүние жүйесі гелиоцентрлік деп
аталады. Ол ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысын біздің Күнді
айнала қозғалатын ғаламшарларды қозғалмайтын Жерден емес өзі де
Күнді айнала қозғалатын Жерден бақылайтындығымыздан бізге солай
көрінеді деп қарапайым және табиғи түрде түсіндірді.
|
|
Тапсырмалар
|
Топтық жұмыс
|
|
Топтық
жұмыс
|
Сабақ бойынша мұғалімнің
жазбалары: (мұғалім және оқушы немен
айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
-
Сәлемдесу
-
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
-
Түгелдеу
1.2.
Топқа бөлу (1,2 сандарына байланысты 2 топқа
бөлінеді)
ІІ. Үй
тапсырмасын сұрау (4
минут)
-
Күн әлемі жайында не білесіңдер?
-
Айнымалы жұлдыздар жайында не
білесіңдер?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар
беріледі (3 минут)
-
Күн жүйесі жайында не
білесіңдер?
-
Жұлдыздардың планетарлық
жүйесі жайында не білесіңдер?
ІҮ.
Топтық жұмыс (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді:
лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды
анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: Мәтінді оқып топпен
қорғайды.
ҮІ. Топтық жұмыс
(есептер шығару)
№ 11.1.1, №11.1.2, №11.1.3
ҮІ. Кері
байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3
минут)
|
Кейінгі
тапсырмалар
|
№ 11.1.4
|
|
Кейінгі оқу
|
§11.1
Жұлдыздың
планеталық жүйесі. Күн жүйесі
|