400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жұлдызы жарқыраған шәкірт (тағылымды кездесу)

Материал туралы қысқаша түсінік
оқу-тәрбие жұмысының әдіскерлеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жұлдызы жарқыраған шәкірт» (Тағылымды кездесу)

Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды,өлгеніміз  қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа кол созды. Содан бері атқан оқтай зулаған, Қазақстанның жаңа ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай, жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған белестері барын көрдік.

«Отан-оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Үкілі үміт таймасын халқым басыңнан,

Мол бақыт күтем жас ұрпақ сенен жасырман.

Басқаны қайдан ұлылық күтем өз басым,

Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан,-деп жырлағандай кез-келген ел, өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. Арқауы ерен ерлік дастанының,

Қайраты елге әйгілі жастарының.

Желбіреп көк байрағы тұрған шақта,

Жұлдызы жарқырайды аспанының,-демекші біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Мен сөз еткелі отырған кейіпкерім, Қазақстан чемпионатының жастар арасындағы жүлдегері, жастар құрамасының мүшесі, халықаралық «Алтын қолғап» турнирінің қола жүлдегері, мектебіміздің мақтанышы, үлгілі шәкірт Сәбит Даниял болмақ. Өзінің балалық шағынан бастап, спортқа бастаған алғашқы қадамының бүгінгі дәрежеге жетуі, үлкен бір бақыттың баспалдағы іспеттес.Осы бір биікке жету жолында спорт өнерінің қайтпас қайсар мінез бен күш-жігерді үйлестіре білген ғана адам жете алатындығы мәлім


Біз Даниялдың биік дәрежеге жету жолдарын мектебімізде өткен «Біздің мақтанышымыз!»тақырыбындағы кездесуде біліп,танып,таңдандық. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», демекші шәкіртінің жоғары нәтижеге жетуіне маңдай терін төгіп, ақылшысы, аға жаттықтырушысы, бапкері бола білген Саттар Амандосұлының осы кездесу барысында айтқан астарлы, бағалы сөздерінің куәсі болдық. Бапкердің шәкірт таңдауда жаңылыспағанын, шәкірттерінің ішінен талабы таудай баланы танып,баптап және ерінбей еңбек ету арқасында жеткен жолдарын айтып,тыңдармандарымыздың көкейлерінде жүрген сауалдардың жауабына толы, тағылымы терең кездесуде болған шәкірттеріміз жақсы әсер алды.Осы кездесуде біз Даниялдың әкесін көріп, баласының жанынан табылып, әкелік қамқорлық мейірімін төге білетін жайдарлы жан екенін сездік.

Біздің түйіндегеніміз,«Қара бет боп қашқанша,қайрат көрсетіп өлген артық»,-деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай бүгінгі кейіпкеріміздің әр жекпе-жегінде намысын қайрап, жігерін жани түсетін өмірлік ұстанымы болатынын,талай биіктерден өтетінін,әлемдік додалардан жеңіспен оралатынына сенімдіміз.Біз, Даниялға сенеміз!

Ал осы бір кездесудің куәсі болған тыңдарман шәкірттеріміз үшін тағылымы мол,тәрбиелік мәні бар, көкірегінде туған жерге деген сүйіспеншілік, салауатты өмір салтын сақтайтын, ар мен намыс ұғымын жоғары қоятын, талпынысы бар шәкірттеріміз көп болсын!

Бисекенова Д.С.

№4ЖОжҚББМО-ның мектеп әдіскері







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
317
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі