400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жұлдызым менің жоғары

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта ықыласын, қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырыбы: «Жұлдызым менің жоғары»

Сынып: 11, 10

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта ықыласын, қызығушылығын арттыру;

Өткізілу формасы: топтық, ойын.

Көрнекілігі: жіп, қоржындағы мамандықтар, бірнеше мамандықтың құралдары бар адам суреті, аспан әлемі мен жұлдыздар.


Сабақ барысы

Құрметті оқушылар бүгінгі мектеп түлегі, ертеңгі елдің тірегі сендерсіңдер. Бүгінгі қоғамда әр жанның алар орны бөлек. Сондықтан бүгін сен таңдаған мамандық ертеңгі елге пайда әкелуі тиіс. Сондықтан мен сендерге «Жұлдызым менің жоғары» атты мамандық жарысын өткізгелі отырмын. Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және жауапты іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қоғамның ілгері дамуына мамандық иелерін жоғары кәсіби білікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілігі мол, өз маманының иесі болатын мамандықты толық игеру олай болса мамандықтырды талдап таңдайық.


«Мамандықтар» ойыны

Мақсаты: дүние жүзінде қандай мамандықтар барын білу.

Ойын тәртібі: Жіптің ұшын бір ойыншыдан бастап беріп бір мамандықты айтады, мамандықтың мағынасын да айта өтсе болады, ойыншы бастаған мамандық келесі адам бастағанда сол сөздің соңғы әріпінен басталатын мамандықтан бастау керек.


«Баяғыда ... болыпты» ойыны

Мақсаты: Мамандықтың шығу жолын, пайдасын білу.

Ойын тәртібі: Берілген мамандықтар ішінен бір мамандық тандап алып мамандықтың қалай пайда болғаны туралы аңыз тәрізді қылып шағын әңгіме жазу.


«Суреттегі мамандық» жаттығуы

Мақсаты: бір адам бірнеше мамандықты игере алатынын көрсету.

Ойын тәртібі: Суретте берілген адам қай мамандықтың иесі екенін, бойында қанша мамандықтың барын анықтау.

Сәби үшін өмір дегеніміз – аса зор тәжірбие алаңы ғана.


«Ең, ең, ең ...»

Мақсаты: Мамандықтардың қандай екенін анқтау.

Ойын тәртібі. Бастаушы оқыған ең, ең дегенге қосылған сөзге байланысты мамандықты атау.

Ең «ЖАСЫЛ» мамандық

Ең «ТӘТТІ» мамандық

Ең «ШАШТЫ» мамандық

Ең «ЖАҒЫМСЫЗ» мамандық

Ең «БАЛАЛЫҚ» мамандық

Ең «КҮЛКІЛІ» мамандық

Ең «ЖАБАЙЫ» мамандық

Ең «БИІК» мамандық

Ең «МЕРЕКЕЛІ» мамандық

Ең «БАҚЫТТЫ» мамандық

Ең «ҚАТТЫ» мамандық

Ең «ЖУАС» мамандық

Ең «АЛТЫН» мамандық


«Мамандықтың бәрі жақсы» пікірталас

Мақсаты: болашақ қандай да болмасын мамандық иесі атанатын оқушылардың, қай мамандықтың болмасын жақсы екенін көрсету. Оған еңбек етіп талаптансаң ауырлығы ұмытылатынын түсіндіру.


«Мен таңдайтын мамандық» жаттығуы

Мақсаты: өзінің болашақта ойланып таңдап мамандығын ашып айту.

Жаттығу тәртібі: Болашақта қандай мамандықты иеленгісі келетіні туралы айтып. Қолына берілген жұлдызды аспан әлеміне жапсыру.


Қорытынды:

«Егемен елімнің ертеңі» деп

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы, білім ал елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан аяма

Жұлдыздарың биіктен көрінсін, игілікті мамандық иесі болыңдар.







Өткізген: Психолог Мүтән Б


2017 ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.11.2018
843
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі