Мақсаты: Оқушылардың көпшілік алдында қиялын,
ой-өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін,қабылдауын анықтау, ойын өз
тілімен жеткізе білу қабілетін арттыру.
Көрнекіліктер:плакаттар,
эмоциялар түрлеріне байланысты суреттер
Құрметті: оқүшылар, ұстаздар бүгінгі біздің «
Жетістік шыңы » деп аталатын тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер.Бүгін біз осы « Жетістік шыңына » жетіуіміз керек. Осы
« Жетістік шыңына »жету үшін біздің екі тобымыз сайысқа түскелі
отыр.Темперамант және Эмоция деп аталатын тобымыздың қайсысы бұрын
жетер екен.Ол ушін осы 6 – турдан сүрінбей өткен тобымыз
жетеді.
Ол үшін оқушыларды 2 топқа бөліп, біріне
Темперамент, екіншісіне Эмоция деген атау
беріледі.
Сайыс басталмас бұрын қазылар алқасы
белгіленіп, соңынан ойын шарттары таныстырылады.
1-тур.
Екі топ
өзара жарыса отырып қисынды ойлауға арналған сұрақтарға жауап
береді. Ойлануға уақыт берілмейді.
-
Бір адамның неше туған күні болады
?(бір)
-
Кейбір айда 31 күн, кейбірінде 30, ал қанша
айда 28 күн бар ?( ақпан )
-
Сиыр неге жатады,содан соң тұрады,біраздан
соң қайта
жатады ?(өйткені ол отыра алмайды
)
-
Төрт бұрышты үстелдің бұрышын кесіп
тастаса, неше бұрыш
қалады ?(бес )
-
Алты дөңбек шығу үшін бөренені неше рет
кесу керек ?(бес рет )
-
Сізді аю қуып келеді және жетуге аз-ақ
қалды. Алдыңнана бір бөшке қара май, бір бөшке бал
кездесті.Қайсысына тығыласыз.( ешқайсына, өйткені аю сізді қуып не
қылады,бал толы бөшке тұрғанда )
-
2 кг. Мақта ауыр ма, 2 кг. Темір ауыр ма ?(
тең )
-
Қандай сағат бір күнде 2 мезгілді дәл
көрсетеді ?
-
8 жұмыртқа 4 минуттан піседі.15 жұмыртқа
неше минутта піседі ?
( төрт )
-
Бір үйдің үш ұлы бар. Олардың барлығының
қарындасы бар. Бұл үйде неше жан бар ?( төрт )
2
тур:Балалар, қиялға сіз
батсаңыздар,
Қиялдың тәтті дәмін
татсаңыздар
Әрбір күн қайталанбас бір
көрініс
Соларды естеріңде сақтаңыздар,- деп,
фантазия, яғни қиял жүйріктігіне арналады.
1топқа.
Керемет
бір жағдайдың нәтижесінде сіздер сіріңкенің қорабындай болып
қалдыңыздар. Бойларыңа шақ үй, тамақ, қарым-қатынас жасайтын орта,
көлік құралын ойластыруларыңыз керек.
2топқа.
Қандай
да бір жағдайдың әсерінен сіздер бұдан 300 жыл бұрынғы заманда өмір
сүрудесіздер. Ондай жағдайда қалай тіршілік жасап, ол ортамен қалай
қарым-қатынас жасайсыздар ?
3
тур: Ойша есеп шығаруға
ұласып,оқушылар зейіні сарапқа түседі.
1топқа.
2 сан
берілген – 84 және 26. Екінші санның бірінші санын , бірінші санның
екіншісіне көбейту керек, екінші санның екінші санынан бірінші
санның біріншісін алу керек.Сосын екеуінің қосындысын
табыңдар.
2
топқа. 2 сан берілген 74
және 47. Екінші санның екіншісін бірінші санның екіншісіне көбейту
керек.Бірінші санның біріншісін екінші санның екіншісіне болу
керек.Сосын екеуінің айырмасын табыңдар.
4тур.Капитандарға
сұрақ қойылады.
1.Сыныптасың
өзін ешкімнің де ұнатпайтынын айтады,сен оның расында да солай
екенін білесің. Не деп жауап бересің ?
2.Автобуста
сен ұнатпайтын адамның қалтасына ұрлыққа түсіп жатыр. Бұндай
жағдайда сіз не істейсіз ?
Адам өз өмірінде жылайды, күледі , қорқады,
ызаланады. Бұл сезімдердің бәрі эмоция деп
аталады.
Осы эмоцияға байланысты өрбиді.Ондағы
конверттегі тапсырмалар мына төмендегідей.
1 топқа.
-
егер, түн ішінде үйлеріңізге ұрлық жасап
жатқан адамды көрсеңіз қандай эмоцияда боласыз?
-
Таудың сай саласында жалғыз жүрсеңіз қандай
сезімде боласыз. Мимикамен келтір.
2 топқа.
-жақын жолдасыңмен қатты ренжісіп, бір
затқа келіспей қалдыңыз.Бұндай жағдайда өзіңізді қалай сезінесіз
?
-ұстазың сені жазықсыздан жазықсыз кінәлап
жазалады. Өзіңізді қалай ұстайсыз ? Қандай сезімде боласыз ?
Мимикамен келтір.
5 тур. Есте сақтау мен қабылдауын
сақтау.
Аз уақыт аралығында сөзді есте
сақтауы. Айтылатын сөздер тізбегі балаға таныс болу
керек. Аралығы жарты секунд.Әр сөз тек бір рет айтылады.Жауапты
балмен қорытындылайды.
Көзбен көріп
есте сақтау. 16 түрлі сурет
көрсетіледі.30 секундтан кейін оларды алып тастайды.Бала суреттерді
еске түсіріп айтып беру керек. Жауапты балмен
қорытындылайды.
Қабылдауды
анықтау. Екі сурет
беріледі.Оқушылар суреттен не көргенін
айтады.
6
тур. Екі топқа да
бірдей тапсырма беріледі.
Сендер ең алғашқы екі тайпаның адамысыңдар.
Екеуің серуендеп жүріп кездесіп қалдыңдар. Сөйлеу тілі әлі шықпаған
кезеңде. Бір- біріңмен қалай түсінесіңдер. Кім екендеріңді немен
тамақтанасың, қайда тұрасың, неден қорқатыныңды бір – біріңе қалай
жеткізесіңдер ? Мимикамен және қимылмен келтіру.
Әділқазылар алқасы қорытындылайды. Жеңіске жеткен
топқа марапаттау. Музыкамен «Жетістік шыңы » атты релаксация
жүргізіледі.