Материалдар / "Жұлдызым менің жоғары" психологиялық тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жұлдызым менің жоғары" психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл тренингтің мақсаты бітіруші түлектердің психологиялық көңіл күйін көтеру, қолдау көрсету, стресстен арылту.Өзіне деген сенімділігін ояту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2024
163
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жұлдызым менің жоғары»

мақсатқа бағыттау тренингі




Мақсаты: Мақсат қою дағдысын қалыптастыру.

Міндеттер:

  • Мақсатқа жетудегі еріктің рөлін түсіндіру;

  • Мақсатқа бағытталудың қажеттілігін айқындау;

  • Мақсатқа жету дағдысын қалыптастыру.

Ресурстар: ақ парақтар, қаламдар, бор, қобдиша, пластикалық бөтелке.


Жұмыс барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Қайырлы күн, құрметті білім алушылар. Бүгін сіздерді арнайы алдындағы мақсатқа бағыттау тренингін жүргізу мақсатында жинадым. Бүгінгі тренинг сіздерге жақсы көңіл – күй сыйлап, ерік – жігеріңізді жоғарылататынына сенімдімін.

Алдымен бүгінгі тренингтің ережесімен танысайық:

  1. Шынайылық;

  2. Сөзді өз атынан сөйлеу;

  3. Сөйлеушіге сыйластықпен қарау;


  1. Психологиялық көңіл – күй: «Кім жылдам?» жаттығуы.

Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Екі топ қарама – қарсы тұрады, қатысушылар қолдарынан ұстап тұрады. Жүргізуші екі топтың ортасына тұрып, бір қолымен бір топты, екінші қолымен екінші топтың қатысушысының қолынан ұстап тұрып импульс жібереді, шеткі қатысушы ортада тұрған пластикалық бөтелкені қолына импульс келген бойда қағып алуы керек. Қай топ 3 рет жылдам алып үлгерсе сол топ жеңімпаз.


Мінекей көңіл – күйміз жақсарып, сергітілген сияқтымыз, ендеше осы жаттығудан көріп отырғандай мақсатқа жету үшін, адамға жеңіске деген ұмтылыс қажет.


  1. «Биіктік» жаттығуы: Келесі жаттығуды орындау үшін маған көмекші қажет. Осы жаттығуды орындау үшін бір қатысушы, қолына бор алып, тақтанын қасында тұрып секіреді, секіргеннен кейінгі жеткен жерін бормен сызып белгілеп қояды. Сонан соң қатысушыға нұсқау беріледі, «ал енді жоғарыға қарап, тобеге жетемін деп секір» сонан соң жеткен жерін белгілеу керек.


Сұрақтар:

    • Екі белгінің арасында айырмашылық бар ма?

  • Биікке секіру үшін не әсер етті?

  • Қойылған мақсат нәтижені жақсартты ма, нашарлатты ма?

  • Мақсат қою үшін адамға не керек?


Екінші жаттығудан көргеніміз, адамға мақсат қою, көздеген мақсатына жету үшін қажет, оған осы әрекетті саналы түрде басқару үшін ерік қажет.

Ерік – бұл саналы түрде мақсат қоя алу қабілеті мен алда кездесетін ішкі және сыртқы кедергілерді жеңуге деген ішкі талпыныс.

Сыртқы кедергілер – бұл бізге сыртқы әлеуметтік ортадан келетін қиындықтар. (әлеуметтік орта, материалдық жағдай, әртүрлі жағдайлар)

Ішкі кедергілер – бұл өзіміздің ішімізден шығатын қиындықтар. (қорқыныш, ашу, үрей, жүрексіну, шарасыздық, ыза, жеккөру,қызғаныш, тәкәпарлық,немқұрайлық, қырсықтық, өзін кінәлі сезінушілік, жанның ауыртпалығы, ішкі жалғыздық, сараңдық, жалқаулық т.б.

«Өмірде ең үлкен жеңіс – бұл өзін - өзі жеңу» дейді халық даналығы, сыртқы кедергілерді жеңу алдында, біз өзімізбен күресеміз, өзімізді бағыттаймыз. Алдымызға қойған мақсатымыз қаншалықты айқын, қаншалықты нақты болса, соншалықты біздер соған жетудегі кедергілерді жеңуге дайынбыз.

  1. Табыс қоржыны: Сіздердің барлығыңызда мақсатыңыз бар. Бұл алдағы тестте жақсы нәтиже көрсету

Бірақ, қаншалықты ол сіз үшін маңызды? Алдыңнан кедергі тап болса, қойған мақсатыңнан бас тартасын ба?

Шөлдеп келе жатқан екі адамды елестетіңіз, біреуі көшеде келе жатыр, + 27 градус ыстық, дүкендердің маңайынан келе жатып шөлдегенін сезінеді, дүкенге кіріп сөрелерді қарап тұрады, не алсам екен? «Кола» ма? Әлде «Тассай» алайын ба? Өстіп ойланып тұрғанда дүкенші «Аласыз ба, жоқ па, түскі үзіліске жабамын» дейді, ол ашуланып ешнәрсе алмай шығып кетеді, енді бірі шөл далада келе жатыр, су ішпегеніне 3 күн болған, + 45 градус ыстықта келе жатыр, алыста құдық көрінеді. Қайсысы мақсатына жетеді.

Сұрақтар:

Осы екі адамның тілек күштерінің айырмашылығы бар ма?

Қандай тілек қойған адам мақсатына жетеді?

Ал сіздің қалауыңыз қандай бірінші адамдыкіндей ме, әлде екіншісінікіндей ме?


Армандар жаттыгуы.


Біз бүгін мақсатқа, жетістікке жету жолдарын анықтаймыз. Осы орайда сіздермен келесі сұрақтардың мәнін ашып көрейікші


  • 1.Сіздер қалай ойлайсыздар өмірдегі басты мақсатымыз не?
    2.Колледжге келудегі мақсаттарың қандай?
    3.Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді?
    4.Дәл қазіргі кезде қандай мақсатты көздеп отырсыз?


  • Дұрыс айтасыңдар өмірде білімсіз есеюдің, өсудің қажеті жоқ екенін және де қазіргі кезде білімімізді жетілдірудің түрлі жолдары өте көп. Ол үшін алдымызға мақсат, міндет, оған жету жолдарын қоюымыз керек.


  1. «Мақсат»
    Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

  2. Ал енді сіздердің назарларыңа келесі видео роликті қарауды ұсынамын.



III-тапсырма: Видео «Мақсатқа бағыттау видеосы
Талдау:
Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?


Адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ал осы үшін әрекет жасайды, тірлік қылады. Ал мақсатқа қалай жетуге болады?

Алдыңа мақсат қойғанда:

 • Мақсатыңның пайдасын біл;

• Нені не үшін қалайтыныңды біл;

• Ақылың мен ерік-жігеріңді мақсатыңа жұмса.

Мақсатыңа жету жолындағы ұстанымдар:

• Алдыңа мақсат қой;

• Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттен;

• Алға ұмтыл;

• Қорықпай нық қадам бас;

• Басқалармен ақылдас;

 • Жаңашыл бол;

• Көп ізден;

• Ісіңді қадағала;

Ісіңнің нәтижесін талда.


Жаттығу: Ақ парақтың екі бөлігі

Мақсаты: жағымды және жағымсыз жақтарды анықтау, жағымсыз қасиетті дамыту.

Нұсқау: алдарыңыздағы қағазды екі бөлікке бөліп оң жақ бұрышына «+», сол жақ бұрышына «-» белгісін белгілеңіздер. Енді «+» белгісі бар бөлікке өздеріңіздің ҰБТ-ға байланысты жағымды, жылы, сенімді ойларыңызды жазыңыздар. Ал «-» белгісі бар бөлікке жағымсыз, сенімсіз ойларыңызды жазыңыздар.


  • Ал осы жағымсыз жағдайлардан арылғымыз келе ме? Не үшін? Не себапті?

  • Енді «-» жақтағы жағымсыз ойды қыйып, қағазды умаждап қоқыс шелекке тастаймыз?

Жаттығу. Сенімділік.

Екі сызыққа тұрамыз. Мына шарларды маңдайымызбен бір бірімізге бере отырып, жылжытамыз.

- Калай қиын болды ма?

- Өз-өзіңе деген сенімділік кажет екен.


Тыныштық сәті. «Өз жұлдызыңды тап!»
Мақсаты: Оқушының өзіне сенімділігін арттыру, өз жұлдыздарын таңдату.
Нұсқау: Шеңбер құрып отырамыз, көздеріңізді жұмыңыздар.Үш рет терең дем алып, шығарыңыздар (әуен жіберіледі)


Ал енді жұлдызды аспанды көз алдыңызға елестетіңіздер. Жұлдыздар алып және кішкентай, жарық және күңгірт.Біреуіңіз үшін ол бір немесе бірнеше жұлдыз ал біреуіңіз үшін сан жетпейтін жарқыраған ноқаттар, ол бірде қол жетер жерге дейін жақындайды, бірде алыстайды.
Жұлдыздарға анықтап зер салып, өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Мүмкін ол сіздің балалық арманыңызға ұқсайтын болар, мүмкін ол сізге бақыт, қуаныш, сәттілік, серпіліс сәттерін еске түсірген шығар?
Тағыда жұлдызыңды тамашалап сүйсініңіз және оған дейін қолыңызды созыңыз.Барлық күшіңізбен тырысыңыз! Және сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға қол жеткізесің.Аспаннан мұқият түсіріп алып, алдыңызға ептеп қойыңыз,жақындап зер салып қараңыз және қандай екенін, қалай сәуле шашатынын есіңізге сақтаңыз.
Енді екі қолыңыздың алақанымен тізеңді, сирақ бойы, аяқтың басына дейін сипап, қолыңызды алға созып керіліңіз.Көзіңізді ашыңыз, қағаз алып, түрлі түсті қарындаштармен өз жұлдызыңды әдемілеп салыңыз. Қиып алып, біздің жұлдызды аспанымызға орналастырайық.


Енді құрметті түлектер, сіздің әрқайсысыңыздың әдемі жұлдыздарыңыз әр тренинг сайын бізге мейірімділік, достық, өзара көмек, қолдау сәулесін шашып тұрады. Соңғы сабағымызда әрқайсысыңыз өз жұлдызыңызды алып кетесіз, ол сізді білім жолында, емтихандарда және өміріңізде серік болады.Анықтап жұлдыздарға қарайықшы, олар бір- біріне ұқсамайды, яғни өзіміз сияқты алуан түрлі.


Менің болашақтағы арманым...
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын сөз қорларын дамыту. Оқушыларды адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерді сезініп, бағалай білуге үйрету.
Нұсқау: Оқушылар өздерінің болашаққа деген арман тілектерін, ойларын айту. Мына бөтелкеге салу.

«Мен қазір»


«Мен 6 айдан кейін»

«Мен 5 жылдан кейін»


«Мен 10 жылдан кейін»


  1. «Жақсы тілек, жарым ырыс» жаттығу :Оқушылар өз лебіздерін жазады.





Смагулова Шолпан Аягановна


Қызылорда қаласы

Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледж

педагог-психологы

































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!