Материалдар / "Жұмбақ әлемі" сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жұмбақ әлемі" сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Апталық. семинеарларда 5-10 минутық үзілісте ойнату оқушыларды екі топқа бөліп.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
677
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бiлiмнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.    (Мектеп)


Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулiм көктей шынары.
Биiгiне бойлаған,
Қанбайды адам құмары.  (Бiлiм)


Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы.  (Мұғалiм)

Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл?   (Ұстаз)

Бiлiмнiң дәнiн тередi,
Балаға тәлiм бередi.   (Ұстаз)

Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып.   (Дәптер)

Қабы сояу,
Дiнi – бояу.    (Қарындаш)

Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар.   (Қарындаш)

Ойларынды аңсаған,
Асыл сөздi ақ алаңға,
Түсiруден шаршаған,
Мен емеспiн әмәнда.   (Қалам)

Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар iзiнде.   (Қаламсап)


Бар ойынды жиямын,
Ақ қағазға құямын.   (Сия)

Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады.   (Қоңырау)

Күмiс алмұрт тiлi бар,
Сыңғырлаған үнi бар.
Шақыратын бiлiмге,
Сағаты бар, күнi бар.   (Қоңырау)

Бөлiнгендi табыстырып,
Бiрiктiрсе қабыстырып.
Жымдастырған жiгiт де,
Байқамайсың түгiн де.   (Желiм)


Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi.   (Сызғыш)

Бiр санға өсiрдi,
Өзi қалып орнында,
Бiздi алға көшiрдi.   (Сынып)


Доп сынды келбетi,
Онда бар түп-түгел,
Әлемнiң әлпетi.    (Глобус)

Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы.   (Сөмке)

Көкқұтанша ақ айдында,
Бiр аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.   (Циркуль)
Бiрiн-бiрi қоштаған,
Бiр үйден көрдiм,
Қырық екi дос-жаран.   (42 әрiп)

Елдерi мен қаласы,
Ойпаты мен даласы.
Теп-тегiс тақтай-ды,
Өзенi де ақпайды,
Тоғайы мен тауы бар,
Бұл не, өзiң тауып ал.   (Карта)

Бiр санға өсiрдi,
Өзi қалып орнында,
Бiздi алға көшiрдi.   (Сынып)

Қырық екi жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бұлдiршiндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады.  (Алфавит)

Бiлiм менен тәлiм,
Парақты ашқанда
Беттерiнен мәлiм.   (Күнделiк)

Үстiнде есiгi,
Өзi орындық, әрi үстел,
Оқушылар бесiгi.    (Парта)

Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп.   (Тақта)

Төрт қырлы, өзi аппақ,
Тақтадағы iзi аппақ.   (Бор)

Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн.    (Кiтап)

Бар бiлiмнiң бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кiтап тiл ашқан?    (Әлiппе)

Шәкiрт кездегi,
Бiлiмнiң безбенi.   (Баға)

Жалқаумен бiр жүретiн,
Құдды қармақ iлетiн.
Жоламайды зерекке,
Сабақтарын бiлетiн.   (Екiлiк)

Жалғас жатқан қос шеңбер,
Бұйiрiнде қақпасы.
Көрсең де оны дос сендер,
Жақсы, жаман ортасы.    (Үштiк)


Жақсыменен тең көрген,
Ата-ана да жөн көрген.
Орындықпын төңкерген.   (Төрттiк)

Мектептiң алтын орағы,
Зейiндiлер одағы.
Жақсы көрер бар бала,
Зерекке дос ол дағы.     (Бестiк)

Төрiнде тұр нұр көзi,
Жердiң биiк күмбезi. (Аспан)


Әйнектей көгiлдiр,
Теңiздей тым мөлдiр. (Аспан)

Күмбез сынды кең сарай,
Еш жерде жоқ тен сарай. (Аспан)

Жайғаным түктi кiлем,
Iлгенiм – тықыр кiлем. (Жер мен Аспан)

Қос алып көз,
Бiрi – жарықта көредi,
Бiрi қараңғыда көредi. (Күн мен Ай)

Айдалада көк шатыр,
Көк шатырда
Қызыл көздi шал жатыр. (Аспан мен Күн)

Әлемнiң бар екi күзетшiсi;
Бiрi – күндiз тынығады,
Бiрi – түнде тынығады. (Күн мен Ай)

Мекенi көкте екi ару,
Бiр-бiрiн көруге зәру. (Күн мен Ай)

Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)

Тұрғанымен жырақ өзi,
Таусылмайтын шырақ көзi. (Күн)


Шаруасы әр салалы,
Он екi балалы,
Бәйтеректей атам бар.
Әр баласың
Отыздан серiгi,
Өзiне лайық көрiгi бар. (Жыл он екi ай)

Алып мұхит – ақ алау,
Шетi шексiз жағалау. (Көкжиек)
Орақ болып туады,
Табақ болып тынады. (Ай)

Жылт-жылт етiп төбемде,
Түсе алмай тұр төменге. (Жұлдыз)

Күндiз бiлiнбейдi,
Түнде күлiмдейдi. (Жұлдыз)

Мөлдiр көкте бiр ғана,
Шоқтай жайнап тұр дара. (Шолпан)

Алып кiлем –
Гүлге толы
Үстi кiлең. (Жер)

Жыл мезгiлi шуақты,
Жердiң бетi нұрланған.
Сайды қуып су ақты,
Гүлдер өстi ырғалған. (Көктем)


Түсi бар көрiнбейтiн,
Бiр тұтас бөлiнбейтiн.
Тынысы ол тiршiлiктiң,
Ешқашан жерiнбейтiн. (Ауа)

Ештеңеден қаймықпай,
Көздi арбаған өрнекпен.
Сурет салар айнытпай,
Шебер едi ол неткен? (Аяз)

Күндiз шырақтай,
Тұрады түгел жадырап.
Түнде, бiрақ та,
Түндiгi жабық шаңырақ.
(Жарық пен Қараңғы)
Ағаштарды шайқайды,
Көзге көрiнбейдi.
Шарлағанда сай-сайды,
Бiр сәт ерiнбейдi. (Жел)

Зәулiмде тұрағы,
Тiреусiз тұрады. (Бұлт)

Көшiп жүрiп желменен,
Сеуiп шықты тамшысын,
Қыраттарға шөлдеген. (Бұлт)

Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгiлдi.
Бусанып жон-алап,
Терледi, керiлдi.  (Жаңбыр)

Жаңбыр жуды жерiмдi,
Көкте өрмек керiлдi.  (Кемпiрқосақ)

Аспанды от қамшы осады,
Ащы үнiн ышқынып қосады. (Найзағай)

Ақ құмалақ шашылды,
Жан-жаққа бірдей боп.
Күн көзi ашылды,
Жер қапты жұрдай боп. (Бұршақ)

Әуеде ақ мамық
Қалбалақтап ұшады,
Қанаты талып,
Жердi барып құшады.  (Қар)


Қолы мен қаламы жоқ,
Бiрақ сурет салады көп. (Аяз)

Мүлгiп тұрған бақ тыныш,
Ораныпты ақ күмiс. (Қырау)
Көлдiң бетi көк әйнек,
Сырғанауға, тым әйбет! (Мұз)

Аспан түйдi қабағын,
Сұр пердесiн кердi де,
Жапты жердiң танабын.   (Тұман)

Еш тесiкке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды.   (Су)

Жердi тырнап,
Бұтаны ырғап.
Шөптi сипап,
Ұшады зырлап,
Жанын қинап,
Ұлиды зарлап.   (Боран)

Шөмiшi жоқ,
Теңiздi сапырады.
Кебiсi жоқ,
Егiндi жапырады.   (Дауыл)

Өртесең де ерiмейдi,
Не тот басып шiрiмейдi,
Өн бойына су сiңбейдi,
Ылғал тартып, iрiмейдi.   (Тас)

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)


Басы-тарақ,арты-орақ. (Қораз)


Шықпайды үйден,

Тоны-жібектен

Күндіз ұйықтайды,

Түнде дамыл таппайды,

Аңға барады

Сол аңды үйден табады. (Мысық)


Көкке шаншып құйрығын,

Келеді шауып жүйрігім? (Құлыншақ)


Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар.(Ешкі)


Жеміс-жидек жегенім,

Балды жақсы көремін: (Аю)


Өзі ширақ,өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)


Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн)


Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады   (қоян)


Тиіскенді түйреген,

Киімі бар инеден  (кірпі)


Паналап тасаны,

Күн көзінен қашады   (көлеңке)


Ақ сандығым ашылды,

Ішінен алтын шашылды         (жұлдыз)


Он екі көзі бар

Тықылдақ сөзі бар.

Қос тілі бар,

Ал,кәне, біліп ал    (сағат)


Бір  сандық бар өзгеше,

Қолыңа алып жүресің.

Ішін ашып ақтарсаң,

Өмір сырын білесің.   (кітап)





Shape2 Shape3 Shape1

Орындаған: Қисанова Ш

27.11.2015ж

Жұмбақтар әлемі

Тана мырза орта мектебі

Рисунок 1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!