Материалдар / Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл еөздерді пайдалану.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл еөздерді пайдалану.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл еөздер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2024
172
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл еөздерді балабақшада пайдалану.







Мазмұны

Кіріепе


І тарау. Балаларға халық ауыз әдебиетінің жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдерін таныстыру.

1.1. Мақал мен мәтел, нақыл сөздер – тәрбие құралы.

1.2. Жұмбақтың дүниетанымдық өнегелік маңызы.


ІІ тарау. Тіл дамытудағы шағын жанрлардың маңызы.

2.1. Жұмбақ, жаңылтпаштарды балаларға үйрету арқылы, адамгершілікке, әдептілікке, еңбек сүйгіштікке және білімділікке тәрбиелеу.

2.2. Мақал мен мәтелдің өзіндік ерекшеліктері.


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.























І тарау. Балаларға халық ауыз әдебиетінің жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдерін таныетыру.

1.1. Мақал мен мәтел, нақыл сөздер – тәрбие құралы.


Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне ауыз шеліктері мен өзгешеліктері бар. Ең ал обрызының әдебиеттік жағынан алғанда, мақал үлкен. толғау еді арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық оқиғада кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні оларға берілген даналық баға, тұжырымды түйіи. Қолданылады. М. Горькийдің «Мақал мен мәтел
DrawObject1 тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтып береді»,— деуі осыдан.

Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына үлкен уақиға, мәнді әңгіме себеп болған. Мақал соларға берілген баға, жасалған қорытынды, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» есебінде жүреді. Халық аз сөзге көп мағына сыйдыра отырып, өзінің өмірінде көргендерін, бастан кешірген кезеңдерін, алған тәжірибелерін мақал арқылы айтып береді. Бұл жағынан алғанда, көптеген мақалдар ақыл-өсиет, нақыл сөз есебінде қызмет атқарады.

Мақалды тудырушы — еңбекші халық. Ол халық данышпандығының алтын қазыналы мұрасы болып табылады. Бұдан, әрине, барлық мақалды халық шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді, мақал да таптық ой-санадан, таптық көзқарастан туған. Мақалдарды үстем тап та шығарып, оған таптық идеясын қосқан, идеологиялық құрал еткен. Мәселен, «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін», «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас», «Алтын басты әйелден, бақа басты бала артық» деген сияқты үстем тап адамдары шығарған мақалдар халықтың тілегіне, көзқарасына мүлде жат, жанаспайды. Сондықтан оларды еңбекші халық қабылдамаған. Мақалдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне, еңбегі мен тәжірибесіне байланысты туғандықтан, оның тақырыбы да орасан көп. Бұл ретте мақалға қосылмаған нәрсе жоқ деуге болады. Халықтың тұрмыс – тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салты, дүние танудағы көзқарасы, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен қайғысы, айтатын ақыл - өсиеті, үйрету мен үкімі, қысқасы халық өмірінің барлық жақтары — мақалдардың басты тақырыбы болып отырады.

Халық мақалдарының тақырыбы олардың ішінде ең күрделі бір саласы адам баласының еңбек ету жайларына арналған. Бұл тектес мақалдардан халықтың еңбек жайындағы көзқарасы байқалады. Еңбек адамды мақсат-мұратқа жеткізуші, абырой әперетін іс екендігін халық мақалдары арқылы дәлелдеп көрсетеді - «Еңбегі бардың — өнбегі бар», «Еңбек түбі береке» деп, халық адал еңбекті ардақтайды. Дүние — байлық, шат өмір еңбек арқылы болатындығын, адамды тек еңбек қана қатарға қосатындығын суреттейді. Еңбек етпеген адамды, жатып ішер жалқауларды халық өзінің мақалы арқылы сынға алады, теңейді. Бұған «Еңбегі аздың — өнбегі аз», «Еріншектің ертеңі таусылмас» деген мақалдарды келтіруге болады.

Мақал-мәтел, нақыл сөздер — халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына жасаған бақылауларынан туған дана сөздері. Бұларды педагогтар балаларды жан-жақты дамыту құралы ретінде пайдалануына болады. Мысалы, бақшадағы балалардың ойын, еңбек про-цесінде бір-бірімен келісе алмай, педагогке шағым жасайтын кездері болады. Мұндайда педагог баланың шағымын мұқият тыңдап алып, «Шағым жасау — шалдуарлық» деген мақалды естеріне түсіреді әрі бала өзінің теріс іс істеп тұрғанын сезінетіндей үн ырғағын, дауыс екпінін өзгерте айтады. Балалардың іс-әрекетіне тұжырым жасау, ескерту ретінде «Тентектіктің дәлелі көп» деген сияқты мақал-мәтелдерді айтуға болады.

Осы мақсатты көздей отырып, төменде біраз мақал-мәтел, нақыл сөз үлгілерін педагогтардың мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында пайдалануына ұсынып отырмыз. Педагог ауыз әдебиетінің осы үлгілерін тақырып-тақырыпқа бөліп, тәрбие ісінде орынды қолдана білгені жөн.

Туған жердей жер болмас, Оқу - білім бұлағы,

Туған елдей ел болмас Білім - өмір шырағы


Отан оттан да ыстық Күш - білімде.


Бірлік болмай, тірлік болмас Еңбек ерлікке жеткізер.


Ынтымаң түбі - игілік.

Тірлік, тірлік түбі - бірлік.


Мақал мен мәтелдер көбінесе сабырлы салмақты ырғақпен, өлеңдік өрнекпен де шешендік тілмен, қара сөзбен нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері. Мақал, негізінен екі бөлімнен (көбінесе екі тармақтан) құралады. Бірінші бөлімде пайымдау (айтатын ойдың түп негізі) екінші бөлімде ой қорытындысы айтылады. («Еңбек етсең, емесің»). Тура мағынада («Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»), ауыспалы мағынада («От жақпаған үй — қорамен тең, адам кірмеген үй — моламен тең») қолданылатын мақалдарды, көбінесе халық шығарған. Жыраулар мен ақындар, ел басылары, батырлар, зиялы адамдар шығарған (авторы белгілі) мақалдар мен мәтелдер де баршылық.

Мәтелдер, негізінен, тұжырымы тұспалдау, елеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады («Өлең — сөздің патшасы»), «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда»), т. б.

Мәтелдер де тура мағынада («Қадіріңді білгенге жұмса») және ауыспалы мағынада («Тікен гүлін қорғайды») айтылады.

Қазақ халқы — сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне парықтап пайдалану — дәстүрге айналған. Әсіресе, қариялар мақалдап, маңызды сөйлеуді — борышым деп санайды. Мақалсыз, мағынасыз сөйлеген қарт адамның сөзінің қадірі шамалы сияқты көрінеді. Қазақ халқы — сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне парықтап пайдалану — дәстүрге айналған. Әсіресе, қариялар мақалдап, маңызды сөйлеуді — борышым деп санайды. Мақалсыз, мағынасыз сөйлеген қарт адамның сөзінің қадірі шамалы сияқты көрінеді.

Қазақ халқы — сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне парықтап пайдалану — дәстүрге айналған. Әсіресе, қариялар мақалдап, маңызды сөйлеуді — борышым деп санайды. Мақалсыз, мағынасыз сөйлеген қарт адамның сөзінің қадірі шамалы сияқты көрінеді.

Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылықты қамтиды. Мысалы:


Ер туған жеріне.

Өз үйім — өлең төсегім

Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

Отан — оттан да ыстық.

Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер:

Өжет адам өлімді жеңеді.

Ер бір өледі,

Қорқақ мың өледі.

Қару күшті емес,

Қару ұстаған күшті.

Белдескеннің белін сындыр,

Тірескеннің тізесін бүктір.

Қара бет болып қашқаннан,

Қайрат көрсетіп өлген артық.

Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер:

Өнерлі өрге жүзеді.

Өнерді үйрен де, жирен.

Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер.

Өнерліге өлім жоқ

Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

Төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер:

Қойдың сүті — қорғасын,

Қойды соққан оңбасын

Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

Ееі кеткен ешкі жияр,

Ешкісімен есін жияр.

Нар жолында жүк қалмас.

Екі аяқтыда бажа тату,

Төрт аяқтыда бота тату.

Ат ерінді келер,

Ер мұрынды келер.

Сиыр сипағанды білмейді,

Жаман сыйлағанды білмейді.

Егіншілікке байланысты мақал-мәтелдер:

Жері байдың — елі бай.

Арпа, бидай ас

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!