жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жұмбақтар елі"
«Жұмбақтар Елі» (Сыныптан тыс шара)
Сабақа мақсаты: Сабақ оқушылардың шағын драмалық көрініс көрсете отырып, оқу барысында алған білімдерін нығайту, сайысқа деген қызығушылықтарын арттырып, ойлау шапшаңдықтарын дамыту, ұжымшылдыққа, қамқор болуға тәрбиелеу.
Керекті құрал – жабдықтар: Ханшайым тәжі, сөзжұмбақтар, ағаш, суреттер,тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Уа, халайық, халайық,
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде,
Жұмбақ шешіп, жарысып,
Шабыттасып, шалқысып,
Жұмбақ шеру жасайық,
Көңілді кеш жасайық!
Ханшайым: Балалар, менің бір затым жоғалды. Қалай тапсам екен? Менің сарайым сондай үлкен! Оны табу үшін бірнеше айлар керек болар!
Құрметті оқушылар! Мен өзімді таныстырып өтейін. Мен – Жұмбақтар елінің ханшайымымын. Менің елім, аты айтып тұрғандай, сан қилы жұмбақтарға толы. Бүгін мен өзіме өте қымбат бір затымды жоғалтып отырмын. Ол затты табу үшін маған білімді оқушылардың көмегі қажет.
1 – уәзір. Дат, Ханшайым!
Ханшайым: датың болса, айт!
1 – уәзір. Менің білімді жасағым бар. Олар сіздің кез келген заттарыңызды тауып бере алады.
Ханшайым: Тамаша! Олай болса, ортаға шақыр.
2 – уәзір. О, құдіретті ханшайым! Менің де жасағым кем түспейді.
Ханшайым: Дұрыс – ақ. Бірігіп іздесек, нәтижелі болары хақ.
2 – уәзір. Ендеше, жасағымызды ортаға шақырайық.
1 – уәзір. «Бүркіт» тобын ортаға шақырайық.
2 – уәзір: «Сұңқар» тобы ортаға шықсын!
Ханшайым: құрметті сайыскерлер. Менің ең қасиетті, ғажайып затымды ізденулеріңіз тапсырылады. Ал сайысты қорытындылайтын менің ең қадірлі, ең ақылды ұстаздарым болады. ( әділқазы мүшелерін сайлау)
Ал әр тапсырмалардың дұрыстығын сарайымның ең ақылды көмекшісі – есепшіміз есептейді. Ендеше сайыскерлер «іске сәт» демекпін.
1 – кезең. «Менің бақшам»
Менің бақшамда сиқырлы алма ағашы өседі. Және де алма ағашында өскен әрбір алма құпияларға толы. Алмалар сіздерге өз тапсырмаларын ұсынбақшы. Қанекей сайыскерлер алмада жасырылған тапсырманы орындайық.
Мейлің қалай лақтыр,
Жерге тимес арқасы,
Төрт аяқпен тақ тұр.(Мысық)
Тегі – тышқан,
Өзі – құстан.
Күндіз ұйықтап,
Түнде ұшқан. (Жарқанат)
Қанаты бар, ұша алмас,
Құрлықта қаша алмас.(Балық)
Мықының таянып,
Тұрмайды аянып.
Ертемен тұрады,
Қоқысты қуады.(Сыпырғыш)
Білерімнің куәсі,
Білмесімнің куәсі
Іші толған қолтаңба,
Алып шығам әр таңда.(Күнделік)
Он таңбалы - цифрлы,
Әрекеті сиқырлы.
Керек санды қоссаң сен.
Сөйлесесің достармен. (Телефон)
Тамаша!
Жарайсыңдар!
2 – кезең. Зәулім зал
құпиялары
Менің сарайымдағы ең үлкен бөлмем құпияға толы. Сол құпияларды шешкен жағдайда ғана келесі бөлме есігі ашылады.
Тапсырма: Сандықтың ішінде жасырулы тұрған суреттерден ойдан жұмбақ құрып жарысу.
Доп, Мысық, қайшы, күн, қарбыз, тон.
Жарайсыңдар оқушылар! Енді келесі кезекте Жұмбақтар елінің сөзжұмбақтарын шешіп көріңдер! №1 сөзжұмбақ
Білекті бірді жығар, ... мыңды жығар.(білімді)
Елдің ... – елу.(көзі)
Халық айтса, ... айтпайды.(қалт)
... сую отбасынан басталады.(Отанды )
Ел ... ер ақтар.(үмітін)
Елдің атын ... шығарады.(ер)
Ерлік ... емес, жүректе.(білекте)
Отансыз адам – ормансыз (бұлбұл)
Бірлік болмай, ... болмас.(тірлік)
Өнер ... – қызыл тіл.(алды)
Көз ..., қол батыр. (қорқақ)
Өте тамаша! Бәрекелді менің білімді оқушыларым мақал – мәтелді керемет табады екенсіңдер!
Келесі №2 Сөзжұмбақ шешіп көрейі Дайынбыз ба? Ия
Бар жерді қаптап,
Етеді аппақ,
Жазға қарай су болады,
Онан әрі бу болады.(қар)
Жат, ұйқыңды қандыра,
Деп осының қолайлы.
Дархан дала, тауды да,
Ақ көрпемен орайды.(қар)
Кіп – кішкентай бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар.(қой)
Түрі көмірге ұқсайды,
Қарқылдап ұшады.(қырға)
Демейді тоңдым, сыз өтті,
Ақысыз үйді күзетті.(құлып)
Өзінде екі құлағы
Аспаздың құралы.(қазан)
Сойса, қаны жоқ,
Жүрсе, ізі жоқ (қайық)
Ұзын құйрық сауысқан
Бір көлдің суын тауысқан(қауға)
Жатса да үш ай көгенде,
Тіл үйірер жегенде.(қауын)
Сүйрең – сүйрең етеді,
Із қалдырып кетеді.(қалам)
Сырты жасыл, қап қатты
Іші қызыл, тәп – тәтті.(қарбыз)
Бес ін, бес іннің аузы бір ін.(қолғап)
4 –кезең:Шешуші кезең балалар, Сондықтан бар күш жігерімізбен ақылдарымызды сарып етелік.
Ханшайым: Басында айтып кеткендей, менің сарайым құпияға толы. Сол себептен бөлмелерге кіру үшін жұмбақтар шешіп, тапсырмалар орындау қажет. Менің негізгі бөлмеме кіру үшін әр топтың топ басшылар ортаға шықсын!
Тапсырма: Екі топтың басшылары топтарға жұмбақтар жасыру, көп жұмбақ шешіп ұтқан топ келесі кезеңге өтеді.
5 – кезең. Ақырғы кезең.
Ханшайым: Мінекей, менің шартымды орындап, негізгі кезеңге де аяқ бастыңдар. Мына бөлмеде сиқырлы қорапша бар. Ол сиқырлы қорапшада сиқырлы айна жатыр. Бұл айна – жай айна емес. Оның құдіреті шексіз. Бұл айна арқылы барлық жайды бақылауға болады. Келесі тапсырманы сол айнаға берелік.
«Сиқырлы айна»
Тапсырма: Жұмбақты шеш.
Сандықты ашып көріп ем,
Іші толған маржан екен.
Маржандарын теріп ем,
Білімді болып қалған екем.(кітап)
Ханшайым: Бәрекелді, менің қадірлі сайыскерлерім. Мен жоғымды таптым, ол - алтын кітап болатын. Ал оны қолға алу үшін бір сұраққа жауап беріп көрейік:
Тапсырма:
Бірде қаз дауысты Қазыбек би әкесінен рұқсат алып, Төле би ден была й сұрайды:
-Тәттіңіз қалай?
-Тәттім шырын болады.
-Несиеңіз қандай?
-Несием, шүкір, жүріп жатыр, - деп жауап қатады Төле би
Қазыбек бидің жолдастары бұл әңгімеге түсіне алмапты. Сонда Қаз дауысты Қазыбек әңгімедегі жұмбақ сырын өзі айтып беріпті.
Сұрақ:
Қазыбек жолдастарына қалай жауап береді?
Көру қабілетіңіз қандай
Ұйқыңыз қашпай ма?
Балаларыңыз қалай жақсы бағып отыр ма?
Ханшайым: Қадірлі қонақтар! Бүгін менің арманым орындалды. Жоғалған алтын кітабымды тауып отырмын. Оны табуға көмектескен жасақтарыңызға көп- көп рахмет. Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына беремін.
Қорытынды: Жеңімпаздарды марапаттау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген