400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жұмбақтар. Тұрмыстық заттар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұмбақтар арқылы ой - өрісін, ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейту. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

11.12.2017 Халық ауыз әдебиеті-халық шежіресі 4 сынып 14 – сабақ


Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар. Тұрмыстық заттар.

Сабақтың мақсаты: Жұмбақтар арқылы ой - өрісін, ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейту. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар бір - біріне сәттілік тілеп тілектерін айтады.

Ой ашар.Жұмбақ туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов былай деген екен: «Жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді».
Жұмбақ – қарым – қатынас жасаудың ерекше бір құралы. Жұмбақты шешу, оны ойлаудың өзі де өнер.

1.«Қазақстанда жасалған» тауар белгісі бойынша тұрмыстық затты бейнелеп сурет салады. Сонымен қатар қарсыласы сол, тұрмыстық зат

қа байланысты жұмбақ жасырады.

2. Тұрмыстық заттарға байланысты жұмбақтар

1.Жайлаған дүниені бір ғажайып.

Тік көтеріп отырар адамдарды. (Орындық)

2 Әншейінде жекесің, 
Қарай қалса екеусің.  (Айна)

3.Ерте тұрдым, 
Алып тұрдым. ( Есік) 
4.Үйде жездем жатыр,

Жез белбауын орап жатыр. (Сыпырғыш)

5. Кіруге адам батпайды,

Затыңды аман сақтайды. (Сандық)

6. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан)

7. Болғанда беті гүлді, асты сырлы,

Жинаған арасына жүн-жүбірді.

Төрт бұрыш, тоқсан жолды торқасымақ ,

Халінше адамзатқа пайда қылды. (Көрпе)

8.Жайсам - жамшыдай,

Жисам - қамшыдай. (Шымылдық)

9. Аяғы жоқ , қолы жоқ ,

Көйлегі көк, қарны тоқ.( Жастық)
10.
Өзі кірді ашады,

Суға салсам қашады. (Сабын)

11.Дүниеде күйме көрдім төрт аяқты

Дөңгелек екі басы ай сияқты.

Төрт есік,мәткесі бар,уығы жоқ,

Үзік жоқ, туырлық жоқ, түндігі жоқ,

Құс төсек мамық жастық, біреу жатыр,

Көңілі уайымсыз жай сияқты. (Бесік)

3.Тұрмыстық заттар суретін салу
Рефлексия: Мынадай парқтарға оқушылар бүгінгі сабақ туралы өз ойларын жазады.








11.12.2017 Қызықты грамматика 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Комплексті талдау


Сабақтың мақсаты: Фонетика саласы бойынша талдау жұмыстарын жасату.Есте сақтау қабілеттерін арттыру.Ұқыптылыққа,алған білімін тиімді пайдала білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,тапсырмалармен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: тақта,бор

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.Мотивациялық кезең

ІІ.Жаңа сабақ

Фонетика саласы туралы алған білімдерін сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықтау

-Қазақ тілінде қанша әріп бар?

-Неше дауысты дыбыс,неше дауыссыз дыбыс бар?

-Дауысты дыбыс неше түрге бөлінеді?

-Shape1 Дауыссыз дыбыс ше?

-жалпы дыбыс

ДShape2 ауысты дыбыс

ДShape3 ауыссыз дыбыс

ДShape5 Shape4 ыбыс жоқ

1-тапсырма

Кітап,дәптер сөздеріне фонетикалық талдау жасау

2-тапсырма

Мектеп,мұғалім,оқушы сөздеріне буын түріне талдау жасау

3-тапсырма

Компьютер,машина,оқулық сөздеріне фонетикалық талдау жасау

4-тапсырма.Көркем жазу жарысы

         Диктант.

                                         Менің бөлмем.

Бұл менің бөлмем.Оң жақта керует  тұр.Сол жақта орындық тұр.Үстелдің үстінде компьютер бар.Бұрышта сөре бар. Еденде әдемі  кілем жатыр.Төбеде аспалы шам ілулі тұр.Мен бөлмемді жуамын.Менің бөлмем таза,жылы,әсем.

                                                (35сөз)

Тапсырма.Тұйық буын мен бітеу буынды сөздерді теріп жазу.

Бекіту.Фонетика саласында не туралы өтеміз?

Рефлексия.Бас бармақпен бағалау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1615
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі